Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Басқа құқық салаларымен байланысы
Әлеуметтік қамсыздандыру құқықғы ерекше құқық саласы ретінде басқа құқық салаларының реттеу пәніне кірмейтін, қоғамдық қатынастардың айрықша тобын реттейтін құқықтық нормалардың жеке жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының басқа құқық саласымен байланысы оның жүйелік интеграция нәтижесінде пайда болуымен анықталады. Бұл жүйелік интеграция әлеуметтік қамсыздандыру құқығының келесі нормалардан тұруынан көрінеді: - конституциялық құқық нормаларынан (әлеуметтік қамсыздандыру құқығының реттеу аясындағы негізгі императивті қағидаларды анықтайды); - еңбек құқығының нормалары (еңбек өтілі мен еңбек қатынастарымен байланысты әлеуметтік қамсыздандырудың басқа да негіздерін анықтайды); -әкімшілік құқық нормалары (әлеуметтік қамсыздандыру аясында азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды тұлғаларының құзыреттілігін анықтайды); -азаматтық құқық нормалары (әлеуметтік сақтандыру шарты және пәні әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қызмет көрсету болып табылатын басқа да шарт тараптарының арасындағы қатынастарды реттеудің негізгі бастамаларын анықтайды); - қаржы құқығы (салық және бюджеттік құқық) (әлеуметтік қамсыздандыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржыландыру механизмдерін анықтайды); Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының басқа құқық салаларымен байланысы анықталады. Бірақ та бұл құқық саласының өзіндік реттеу пәні бар, нормалар мен қағидалар жиынтығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
3. ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдістерін ашыңыз Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі құқық салаларын ерекшелеудің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз - заң шығарушымен қоғамдық қатынастардың белгілі кешенін тиімді реттеуге қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Негізгі теорияда, ең алдымен, императивті және диспозитивті әдістер аталады. Императивті әдіс субъектілердің әрекеттеріне бағынбауға болмайтын, альтернативасы берілмейтін нұсқаларды анықтаумен сипатталады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы императивті әдістің мысалы ретінде, құқығы бар субъектіге әлеуметтік қамсыздандырудың тиісті түрін беруден бас тартуға жол берілмейтін, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттерін реттеуді келтіруге болады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы әдістерінің ерекшеліктері: 1) құқықтар мен міндеттерді орнатудағы орталықтанған және жергілікті тәсілдерді үйлестіру. Орталықтанған түрде реттеу - заңдарды және мемлекеттік биліктің орталық органдарының заңдарды іске асыруға бағытталған құқықтық актілерін қабылдау арқылы; жергілікті деңгейде реттеу - тиісті нормативті актілерді шығару арқылы. 2) Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдістеріне құқықтық қатынастардың мазмұнын анықтауда өзіндік тәсілдер тән. Құқықтар мен міндеттер тек нормативтік емес, кейде келісімшарттық жолмен де орнатылуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды келісімшарт арқылы реттеу нақты кәсіпорын шегінде болуы мүмкін. Біріншіден, ұжымдық шартта ағымдағы заңнамамен салыстырғанда жеңілдіктер ескерілуі мүмкін (зейнетақыға үстеме, зейнетке жасынан бұрын шығу және т.б.), екіншіден, әлеуметтік қорғаудың кепілдіктері жеке еңбек шартында да бекітіле алады, тараптар бұл ретте қамсыздандырудың құқық нормаларымен салыстырғанда жоғары мөлшерін, қосымша түрлерін, жағдайларын орната алады (еңбек демалысына кету жағдайында материалдық көмек көрсету, жыл сайынғы санаторийлық-курорттық демалыс, ауру жағдайында тегін дәрілік көмек және т.б.) Келісімшарттық реттеуде анықалған жағдайлар, қызметкердің жағдайын заңдармен салыстырғанда нашарлатпау керек, әйтпесе олар заңсыз деп танылады. Ал егер мәселе жеңілдіктері бар қамсыздандыру туралы болса, бұл жерде толық бостандық беріледі. 3) Әлеуметтік қамсызданыдру құқығында құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуымен байланысты заңдық айғақтардың ерекшелігі көрініс тапқан. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар көбінесе заңдық фактілердің жиынтығы болғанда пайда болады, олардың ішінде: қамсыздандырудың құқықтық негізі; оған ие тұлғаның ерік білдіруі; құзыретті органның азамат талап етіп отырған қамсыздандыру түрін тағайындау туралы шешімі. 4) Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру субъектісі ретіндегі құқықтарының абсолютті сипаты бекітілген. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының жалпы заңды мәртебесі оның субъектілерінің арасында бағыныстылықтың да, теңдіктің де болмауымен сипатталады. Мемлекет өзінің органдары арқылы міндетті субъект болады. Мүліктік құқықтар азаматтарға тиесілі, ал тиісті міндеттер мемлекеттік және басқа да құзыретті органдарға жүктеледі.
4) Қағидалары: Құқықтың барлық жүйесінің, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру құқығының да, негізі - құқықтың маңызды белгілері сипатталатын оның құқықтық қағидалары болып табылады. Теорияда қағида деп құқықтың мәні мен мазмұнын, оның ішкі құрылымы мен дамуын сипаттайтын негізгі идеялар, бастамалар танылады. - барлық құқық салаларына тән жалпы құқықтық; - бірнеше құқық салаларының ортақ белгілерін сипаттайтын салааралық; - нақты құқық саласының ерекшелігін сипаттайтын салалық; - жеке сала институттарын сипаттайтын салаішілік. Жалпықұқықтық қағидаларға: адам, оның құқықтары және бостандықтары жоғары құндылық болып табылады; адам мен ащаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті; адам мен азаматтың құқытары мен бостандықтарын мойындау және оларға кепілдік беру; адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының оған туғанын тиесілігі және одан айырмау; барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі; әйелдер мен еркектердің теңдігі мен олардың өз құқықтарын жүзеге асырудағы тең мүмкіндіктер; әркімнің өмір сүруге құқығы; әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғау құқығы; әркімнің мемлекеттік билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттер нәтижесінде келтірілген залалды мемлекетпен өтету құқығы жатады. Салааралық қағидалар негізінен бір бірімен екі (немесе одан да көп) құқық саласын қамтиды (мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, отбасы құқығы және еңбек құқығы). Салааралық қағидалар құқықтың жалпы қағидаларынан абсолютті өзгеше болмайды. Керісінше бұлар соларға негізделеді, солардың кейбіреулерін нақтылайды және құқық саласының өзгешілігін емеспке ала отырып құқықтың мазмұнын насихаттайды. Салааралық қағидаларға: жұмыссыздықтан қорғалу құқығы; денсаулықты қорғауға құқық; отбасыны, баланы және ананы мемлекеттік қолдау; қарт азаматтардың, мүгедектердің әлеуметтік қорғалуға құқығы және т.б. жатады. Салалық қағидалар әр құқық саласының жалпы құқықтық және салааралық қағидалардан бөлек, өзінің, тек өзіне тән құқықтық қағидалардың негізінде құрылуымен сипатталады. Салалық қағидалар жеке құқық саласы нормаларының мәнін айқындайды.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалық қағидаларына келесі қағидаларды жатқызуға болады: - жалпыға ортақтылық; - міндеттілік; - мемлекеттік бюджет пен зейнетақы қорлаы есебінен қаржыланыдру; - еңбек жағдайы, еңбектің табиғи-климаттық жағдайлары, орташа еңбекақы деңгейі, еңбек өтілінің ұзақтығы, жасқа және т.б. байланысты ақшалай төлемдерді төлеу негіздерінің көптүрлілігі; - әмбебаптылық; - кешенділік. Салаішілік қағидалар - құқық саласының жеке институттарының қағидалары. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында адрестілік, қолжетімділік, еріктілік, әлеуметтік қызметті кәмелетке толмағандарға көрсетудегі басымдылық, конфиденциалдық және т.б. сияқты салаішілік қағидалар бар. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының мынадай қағидаларын атап көрсетуге болады: - әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға ортақтылығы және қолжетімділігі; - әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің жан-жақтылығы мен көптүрлілігі; - әлеуметтік қамсыздандыру мемлекет экономикасының сол мезеттегі деңгейіне сәйкес мөлшерде берілуі; - әлеуметтік қамсыздандыоу арнайы осы мақсатқа бағытталған қаражат есебінен қаржыландырады; - қамсыздандырудың әлеуметтік маңызды жағдайлардың негізінде түрленуі.
Date: 2016-05-23; view: 2387; Нарушение авторских прав |