Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтік қамсыздандыру құқығының түсінігі





Әлеуметтік қамсыздандырылуға құқық - адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Ол 1948 жылға Адам құқықтарының жалпы декларациясының 26 бабында, 1996 жылңы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық актінің 11 бабында және басқа да халықаралық актілерде бекітілген.

Әлеуметтік қамсыздандырылуға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бабында берілген, онда былай делінеді:

"Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. "

Әлеуметтік қамсыздандыру термині әр түрлі мағынада қолданыла алады:

- біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру дегенде үйлстірушілік қатынастардың ерекше нысаны түсініледі;

- екіншіден, мемлекеттің қызметі ретінде;

- үшіншіден - азаматтарды жасына келгенде, асыраушысынан айырылғанда, еңбекке қабілетсіздік және басқа жағдайда материалдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде;

- төртіншіден, құқық саласы ретінде;

- бесіншіден, азаматтардың құқығы ретінде.

Әлеуметтік қамсыздандыруды - материалдық құндылықтары еңбек үшін емес үйлестірудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдық құндылықтар қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерінің арасында мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен, әлеуметтік нормаларда бекітілген жағдайларда және тәртіпте үйлестіріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекетпен әлеуметтік маңызды деп танылатын жағдайлардың орын алуының салдарынан жоғалтылған еңбекақының, өмір сүру үшін қажетті қаражаттың көзі ретіндегі, өтеуіне бағытталған, мемлекетпен жасалатын құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шаралардың жүйесі деп анықтауға болады.

Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру деген - мемлекеттік бюджет немесе арнайы бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың қаржысынан, азаматтардың жағдайын қоғамның басқа мүшелерімен теңестіру мақсатында өз дамуының осы кезеңінде мемлекетпен әлеуметтік маңызды деп танылған оқиғалар басталған жағдайда азаматтардың кейбір санаттарын материалдық қамсыздандыруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатының көріну нысаны.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бағытталуы оның міндеттерінде көрінеді. Құқықтық әдебиетте 4 негізгі міндеттері белгіленеді: экономикалық, демографиялық, саяси, әлеуметтік қалпына келтіру.

Экономикалық міндет азаматтарға қиын өмірлік жағдайларда әлеуметтік көмек беру, жалпы қоғамдық өндірісті және өндірістің кейбір салаларын дамытуда көрінеді.
Саяси міндет халықтың әр түрлі санаттарының әлеуметтік деңгейін жақындасуына, әр адамға лайықты өмір қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған. Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды тұрақтандыруға бағытталған.

Демографиялық міндет ел халқы санының өсуін ынталандырады, сау қрпақтың юлдуыга, азаматтар өмірінің ұзақтығының өсуіне және т.б. әсер етеді.


Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік қалпына келтіру міндеті қарт және еңбекке жарамсыздардың өзіндік қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты. Бұл олардың құқықтық мәртебесін сақтауға қолайлы жағдайлар жасауда және барлық азаматтардың денсаулығын қорғауда көрінеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін бірнеше қоғамдық қатынастар тобы құрайды:

- азаматтарды ақшалай түрде әлеуметтік қамсыздандыру қатынастары (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық төлемдер);

- әртүрлі әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша қатынастар (қарт адамдар, мүгедектер, балалар, балалы жанұяларға және т.б. әлеуметтік қызмет ету, медициналық қызмет ету, азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер);

- заңды фактілерді анықтау және әлеуметтік қамсыздандырудың бір түріне құқығын жүзеге асыру мен оны қорғау бойынша процедуралық және іс-жүргізу қатынастары.

 







Date: 2016-05-23; view: 1141; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию