Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан ғылымы, әдебиеті және өнері





Соғыс жыл­да­рын­да эко­номи­каны соғысқа бейімдеу мақса­ты мен КСРО Ғылым ака­деми­ясы жа­нынан «Орал, Ба­тыс Сібір, Қазақстан ре­сурс­та­рын қорғаныс қажетіне жұмыл­ды­ру жөніндегі ко­мис­сия» құрыл­ды. Ко­мис­сия құра­мын­да А. А. Бай­ков, В. Л. Ко­маров, В. К. Об­ру­чев сияқты ғалым­дар бол­ды. Со­нымен қатар Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Берн­штейн, Н. Д. Зе­линс­кий, Л. И. Мен­дель­штам, А. Н. Бах т. б. ака­демик­тер жұмыс істеді.

Ака­демик А. С. Ор­лов соғыс жыл­да­рын­да орыс­ша-қазақша сөздік құрас­ты­рып, «Ба­тыр­лар жы­ры» ат­ты еңбек жаз­ды. Ал­ма­тыға май­дан өңірінен 20-ға жуық ғылы­ми-зерт­теу ме­кемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ фи­ли­алы да соғыс мұқта­жына жұмыс істеді. Май­дан қажетіне бай­ла­ныс­ты си­рек ме­тал­ды зерт­теу ісінде Қ. И. Сәтба­ев көп еңбек сіңірді. 1942 жы­лы Қ. И. Сәтба­евқа Жезқазған мыс кен орын­да­рын зерт­теу еңбегіне бай­ла­ныс­ты Мем­ле­кеттік сый­лық берілді. Қазақстан­да ор­на­ласқан Моск­ва ави­ация, ал­тын және түсті ме­тал­дар инс­ти­тут­та­ры, Ки­ев уни­вер­си­теті ерек­ше екпінді еңбек етті. Соғыс жыл­да­рын­да қазақстан­да ашылған жоғары оқу орын­да­ры: Ал­ма­ты шет тілдер инс­ти­туты, Шым­кент тех­но­логия инс­ти­туты, Де­не шы­нықты­ру инс­ти­туты т. б.

90-ға жуық ақын, жа­зушы май­дан­дағы жа­уын­герлер қата­рын­да бол­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да Ж. Жа­ба­ев «Ле­нинг­рад­тық өренімді», Ж. Са­ин өлеңдер жи­нағын, Қ. Аман­жо­лов «Ақын өлімі ту­ралы аңыз­дар», С. Мұқанов «Өмір мек­тебін», М. Әуезов «Абай» ро­ман эпо­пе­ясы­ның 1 кіта­бын жаз­ды. А. Толс­той «Қазақстан жерінде болған­да», «Иван Гроз­ный» кіта­бын жаз­ды.

Май­дан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жы­лы Қазақстанға «Мос­фильм», «Лен­фильм» ки­нос­ту­ди­яла­ры көшіріліп әкелінді. Бұл ки­нос­ту­ди­ялар Ал­ма­ты ки­нос­ту­ди­ясы­мен бірігіп, екі жыл ішінде 23 ки­нокар­ти­на түсірді. Олар­дың ішінде «Пар­ти­зан­дар», «Екі жа­уын­гер», «Ге­ор­гий Са­кад­зе» сияқты та­нымал ки­нокар­ти­налар бар.

Соғыс жыл­да­рын­да Ал­ма­тыда ак­терлерді да­яр­лай­тын бүкіло­дақтық мем­ле­кеттік ки­нема­тог­ра­фия инс­ти­туты жұмыс істеді. Ки­нос­ту­ди­ялар М. Әуезов, Ғ. Мүсіре­пов т. б. жа­зушы­лар­дың көмегімен «Абай әндері», «Жа­уын­гер ұлы», «Саған май­дан», «8-гвар­ди­ялық» сияқты кар­ти­налар­ды түсірді. Қазақстан­да құрылған 11 кон­церт бри­гада­сы май­дан­да өнер көрсетті. Соғыс жыл­да­рын­да ғылым мен мәде­ни­ет май­дан қажетіне осы­лай аян­бай қыз­мет етті.

 

 

Лы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Партияның ХХ съезі. Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.

Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді. Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.



1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді.


 

 







Date: 2016-05-23; view: 2207; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию