Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жж. Қазақстандағы индустрияландыру: ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық нәтижелері
Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды. Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: Индустрияландыру ерекшеліктері: 1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты. Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды. Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.
67. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ АКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі (1924 ж.) 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б. Казревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату. 3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: - «Ұшқын» газетін шығарды. - Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. 1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
Азақстанның соғыс қарсаңындағы қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ КСР-нің құрылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін. 1939 жыл – партияның XVIII съезінде КСРО-ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938–1942жж.) республика экономикасындағы атқарылуға тиісті міндеттер: Түсті металдар өндіру жөніндегі ірі база; Көмір, мұнай өндіретін аудан; Ауыл шаруашылығы дамыған аймақ болу. 1938–1941 жылдары іске асырылатын шаралар: Қарсақпай мыс балқыту зауытын қайта құру мен кеңейту; Жезқазған мыс балқыту зауытын салу; Алтайда түсті металлургияны дамыту; Ебідегі геологиялық жұмыстар мен барлау-бұрғылау ісін жеделдету. Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді. 1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резевтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1% -ын құрады (1940 жыл). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды. 1941 жылғы маусымда – П. Ангелинаның (Батыс Қазақстан облысы, Теректі МТС-де істеген Украина тракторшысы) «Тракторды меңгеріңдер» бастамасымен 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді. Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасып, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашылдарының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы-шахтер Б. Ықыласов. Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 жылдың басы – ұзындығы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұл жол құрылысының маңызы: Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды; Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасу 500 шақырымға қысқарды; Бұдан басқа Атырау-Қандыағаш, Қандыағаш-Орск, «Шығыс орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы-Сарыөзек, Жамбыл-Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді. Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі, тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом. Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3%-ға артты. Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту зауыты, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары. Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы зауыт ұжымы одақта 1-орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстан Одақ көлемінде: Қорғасын өндіруден 1-орын, мұнай мен көмір өндіруден 6-орынға шықты. 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. 1940 жылы Қазақстан одақ бойынша: көмірдің – 4,2%-ын; мұнайдың – 2,2%-ын; қорғасынның – 87%-ын; мыстың – 21%-ын өндірді. Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты. Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұрышы» мырыш, қорғасын, молибден т. б. өндіруден КСРО-да жетекші орын алды. Волга-Орал арасындағы темір жол (ұзындығы 581 км.) Одақтың және республиканың ірі өнеркәсіпті орталықтарын жалғастырды. Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауылшаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған. 1938–1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді. Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру жүйелерін салуға қатысты. 1938–1940 жылдары 145 мың га-дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал-Көшім каналы салынды. 1940 жылы әлеуметтік-мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп). 1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды: 3100-ден астам дүкен, 600-ден астам асхана, ресторан, 200 жаңа емхана, 120 аурухана. Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом (екінші бесжылдықта – 351 млн. сом) 1938–1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар: Мал шаруашылығының дамуы артта қалды; Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды; Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады; Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады; Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды. 1937–1938жж. жаппай саяси қуғын-сүргін. Тоталитарлық жүйенің нығаюы. 1937ж. басталған саяси жазалау бүкіл елді қамтыды. 1936ж. Желтоқсан Пленумында, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-наурыз пленумында Орталық Комитетінің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «екіжүзділердің, халық жауларының бәрінің тамырын шауып, жойып жіберу» қажеттігі туралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жазаланған «ұлтшыл-фашистер» деп аталатындардың істерінен көрінгендей, Н. И. Ежов пен оның сыбайластары мұндай істерді қолдан жасауға көп қиналып жатпаған. Бұл «істерге» — «ұлтшыл-фашистер» және басқа «халық жаулары» дегендердің істеріне кең құлашты сипат беру үшін НКВД органдары оларды троцкишілдермен және оңшылдармен одақ жасады деген қисынды ойдан шығарды. Жер-жерде «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, оларда сотталғандардан қажетті «мойындаулар» зорлап алынды. «Халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді. 1937–1938жж. Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Жандосов, Ә. Досов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуақасов, Л. Мирзоян, А. Сафарбаев, Ж. Сұлтанбеков, Т. Жүргенов, Н. Сырғабеков, З. Төреғожин және басқа да көптеген адамдар өтірік жаламен жазаланды. Қазақтың ғылым мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Қ. Жұбанов, Ж. Шанин, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгеров және т. б. кінәсіз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп, 20ж. соңы мен 30ж. тоталитарлық жүйе қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді. Оның көрінісі әсіресе Қазақстанда ерекше жиіркенішті түр алды. Олар күшпен ұжымдастыру мен 1937–1938жж. саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғаларымен ұштасып жатты. Өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті. Міне осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді. Қазақ КСР-інің құрылуы Алғышарттары: РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і дамыған индустриялы-аграрлы республикаға айналды; Жұмыс табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты; Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді; Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды; Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене араласты. Еңбекке жарамды 3,3 млн. адамның 1 млн. -ға жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды. Олардың 20%-ы – түсті металлургияда, 120 мыңы – тасымал жұмысында, 46 мыңы – құрылыстарда еңбек етті. Осылайша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мемлекетті қалыптастыру жолымен жүріп өтті. l 1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды. Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды (барлығы 11 одақтас республика) l 1937 жылғы наурыз – Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Онда: Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері; Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. 1937 жылғы желтоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112-сі – жұмысшы; 116-сы – колхозшы; 152-сі – қазақ; 60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестер сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды. 20–30 жылдар кезеңінің қорытындысы: Тиімді жағы: Қазақ халқының саяси теңдікке, территортялық автономия құқығына қолы жетті. Индустриясы жедел дамыды. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті. Тиімсіз жағы: Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті; Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты; Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
Date: 2016-05-23; view: 6420; Нарушение авторских прав |