Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы
Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді. Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.20-30 жж. мәдени революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды. Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік
Date: 2016-05-23; view: 2838; Нарушение авторских прав |