Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы өзінің ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. 1227 жылғы қысты оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Русьқа және Волгадан батысқа қараған басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейіннен Сарай-Беркеге көшірілді. Батый өзінің інісіне былай деген: Шығыс Еуропаға жасаған жорықта сен біздің ісімізді аяқтауға жәрдемдестің, сондықтан 10 мың семьядан тұратын халық саған беріледі, енді бір аудармада сол сенің әкең тұрған жерде, яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Орда Ежен ұлысына Жетісудің солтүстік-шығыс бүлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың территориясы біртіндеп кеңейе берді. XIII ғасырдың екінші жартыснда-ақ Орда-Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді. Алғашқы билеушісі Батый хан. Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібір территориясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы, Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясының құрамындағы ұлыс болды. ХІІІ ғ 60 жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар-қыпшақтар, наймандар, қаңлылар, т.б. Отырықшы халқы – Еділ бұлғарлары (қазіргі Қазан татарларының арғы тегі), мордвалар, орыстар, хорезмдіктер, т.б. Монғолдар аз болды. ХІІІ-XIV ғ жазба деректер Алтын Орда ханын татарлар деп атаған. Тілі- қыпшақ тілі. XIV ғ Алтын Ордадағы монғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның «Яса» заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.
Date: 2016-05-23; view: 1786; Нарушение авторских прав |