Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Монғол дәуіріне дейінгі әдебиет пен ғылым. Шығыстың ұлы ғалым энциклопедияшылары





X ғасыр­да жаз­ба әде­би­ет қалып­та­са бас­та­ды. IX-XII ғасыр­ларда ис­лам дінінің та­ралу­ына бай­ла­ныс­ты әде­би және ғылы­ми шығар­ма­лар араб тілінде жа­зыл­ды.

Жүсіп Ба­ласағұни XIғ. (1021–1075 жж.) «Құтты білік» дас­та­нын дайын­дауға 30 жы­лын ар­нап, 1 жа­рым жыл­да жа­зып шыққан (1069 ж.). Дас­танда өмір сүрген ор­та­ның шын­дығы, әле­уметтік топ­тың қоғам­дық түсінігі мен са­яси тұжы­рымы берілген. Бақыт­ты бо­лудың негізі – білім деп түйіндейді. Ба­ласағұни еңбегін Сүлей­мен Арс­лан ханға сыйға тар­тып, Ұлы хас-ха­жип атанған.

Махмұт Қашғари XIғ. (1030–1090 жж.) 1072–1074 жыл­да­ры жа­зылған «Ди­уани лұғат ат-түрік» («Түрік тілдерінің сөздігі») ат­ты еңбегі тілта­ну ғылы­мына үлкен үлес қос­ты. Бұл шығар­ма – түркі тілдес ха­лықтар­дың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі ту­ралы та­рихи де­рек. Түркі тілдес ха­лықтар­дың эн­цикло­педи­ясы атан­ды. Бұл еңбек ғалым А. Еге­убай­дың ауда­ру­ымен 1997–1998 жж. қазақ тілінде жа­рық көрді.

Қожа Ах­мет Иас­са­уи XII ғ. (1103–1167 жж.) Ор­та ғасыр­лардағы қазақ по­эзиясы­ның со­пылық бағытын да­мытқан тұлға. Ах­мет Иас­са­уи XII ғасыр­да өмір сүрген. Өмірінің көбі Сай­рам мен Иасы­да (Түркістан) өтеді. Бұха­ра қала­сын­да діни білім алған ол, Түркістан қала­сын­да ис­лам дінін уағыз­дай­ды. Бұл кез Қазақстан жерін ис­лам дінінің жаңадан та­рала бас­таған уақыты бо­латын. Қожа Ах­мет Иас­са­уидың бас­ты шығар­ма­сы «Ди­уани хик­мат» (Да­налық жайын­дағы кітап) 4 том­нан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғам­бар жа­сына жет­кеннен кейін өзінше о дүни­еде өмір сүреді. Жер ас­ты қапас­та қалған өмірін өткізеді. Ах­мет Иас­са­уи өзінің ұста­зын Арыс­тан баб­ты қат­ты құрмет­те­ген. XIV ғасыр­да Ақсақ Темір Түркістан қала­сын­дағы Қожа Ах­мет Иас­са­уидің бейітінің ба­сына үлкен ма­зар салғызған. Сон­дықтан бұл жер мұсыл­мандар­дың «екінші Мек­кесі» аталған. «Ме­дине­де Мұхам­мед, Түркістан­да Қожа Ах­мет» де­ген сөз со­дан қалған.

Сүлей­мен Бақырғани XII ғ. (Хакім ата) Ах­мет Йас­са­уидің шәкірті, Йасы­да 1104 жы­лы дүни­еге келіп, 1186 жы­лы Бақырған қыс­тағын­да қай­тыс болған. «Дүни­енің ақыры» («Ақыр за­ман») еңбегінде тәңірге се­нуді уағыз­дап, ру­хани та­залыққа үндейді. «Ди­уани хик­мет» және «Дүни­енің ақыры» еңбек­тері жүзде­ген жыл­дар бойы Ор­та Азия мен Қазақстан­ның мед­ре­селерінде оқулық ретінде пай­да­ланыл­ды.

Ах­мет Иүгіне­ки XII ғ. То­лық есімі Әдиб Ах­мед ибн Махмұд Иүгіне­ки. Түркістан маңын­дағы Иүгінек де­ген жер­де дүни­еге кел­ген. Араб, пар­сы сияқты шығыс тілдерін жетік меңгер­ген. Ах­мет Иүгіне­ки XII ғасыр­да «Хақиқат­та» сияқты шығар­ма­лар жазған. Шығар­ма­лары ақиқат, адам­гершілік сияқты ру­хани ой­лар­ды қам­ти­ды. «Хақиқат­тар ха­дисі» 14 та­ра­удан, 235 бет­тен құралған. Бас­ты тақыры­бы – адам­гершілік. Оның кіта­бы тек 1985 жы­лы ба­сылып шығады.

Әбу На­сыр Әл-Фа­раби IX-X ғ. (870–950 жж.) Ор­та ғасыр­дағы ұлы ой­шыл Әбу На­сыр Әл-Фа­раби Сыр­да­рия өзенінің жағасын­да ор­на­ласқан Оты­рар (Фа­раб) қала­сын­да 870 жы­лы дүни­еге кел­ген. То­лық аты-жөні – Әбу На­сыр Мұхам­мед ибн Уз­лағ Тар­хан. Асқан білімділігімен «Шығыс­тың Арис­то­телі» атанған эн­цикло­педист ғалым Әл-Фа­раби Бұха­ра, Са­марқан, Да­маск, Бағдат, Алек­санд­рия қала­ларын­да өз білімін жетілдірген. Ол – фи­лософ, ма­тема­тик, та­рих­шы, фи­зик, аст­ро­ном, асқан да­рын иесі. Араб, грек, пар­сы тілдерін еркін меңгер­ген. Ар­хи­мед, Арис­то­тель, Евк­лид, Пи­фагор еңбек­терін зерт­те­ген. Алек­санд­рия, Оты­рар кітап­ха­нала­рынан нәр алған. Оның әйгілі «Ғылым­дар эн­цикло­педи­ясы», «Ғылым­дардың шығуы», «Жұлдыз­дар бойын­ша бол­жа­улар», «Мәсе­лелердің түпкі мазмұны», «Ва­куш ту­ралы трак­тат» т. б. еңбек­тері та­маша ғылы­ми жетістіктер екені белгілі. Қып­шақ тай­па­сынан шыққан ұлы ой­шыл Әл-Фа­раби 950 жы­лы


Да­маск (Шам) шаһарын­да қай­тыс бол­ды.

Әбу Рай­хан әл-Би­руни X-XI ғғ. (973–1050 жж.) Әбу Рай­хан Би­руни 973 жы­лы Хо­резм ор­та­лығы Қият қала­сының маңын­да туған. Ол – ма­тема­тик, фи­зик, ге­олог, фи­лософ, аст­ро­ном, эт­нограф, ақын, эн­цикло­педи­ялық білімі бар ғалым. Ор­та ғасыр­дағы ғылым­да араб, пар­сы, грек тілдерін меңгер­ген 22 жас­тағы Би­рунидің аты ша­рықтаған, 150-ден ас­там кітап­тың ав­то­ры. Дүни­енің ге­лицентрлік жүйесін, де­ненің Жер­ге тар­ты­лысын, Жердің күнді ай­на­латы­нын Би­руни Га­лилей, Ко­пер­ник, Ньютон сияқты ор­тағасыр­лық ба­тыс ғалым­да­рынан 500–600 жыл бұрын айтқан. Хо­резм­де билік құрған Ғаз­на­ның қол ас­ты­на 33 жыл еңбек етеді. 600-ден ас­там қала­ның ко­ор­ди­нат­та­рын анықтап шығара­ды және гло­бус жа­сай­ды. «Аст­ро­номи­ялық кілт», «Ежелгі ха­лықтар­дың хро­ноло­ги­ясы», «Ми­нерал­дардың сы­бағалы сал­мағын та­бу ере­желері» ат­ты еңбек­терді жа­зады.

 

 







Date: 2016-05-23; view: 1445; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию