Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ халқының этникалық құрамы





Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үрдіске ықпалы. Жазба деректерде «қазақ» терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. «Өзбек» және «Қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер - қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздерінің пайда болуы.

XIV-XV ғасырларда әр түрлі түрік және түркіленіп кеткен монғол этникалық топтарынан қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды. Бастапқы әлеуметтік мәнімен этникалық мазмұн алғанға дейін күрделі өзгерістер жолынан өткен «қазақ» атауының өзі жауынгерлік рухымен ғана емес, өзіне жеткілікті экономикасының жоғары деңгейімен де, өзіндік мәдениетімен де мәлім халықтың атауына айналды.

Қазақ халқы этникалық тарихының өзіндік ерекше белгісі жүздер болып табылады. Сірә, жүздердің негізінде өмірлік маңызы бар жайылымдар мен көшіп-қону бағыттарының дәстүр бойынша орныққан аумақтары, мемлекеттік құрылымдар мен рулық-тайпалық конференциялардың ғасырлар бойы қалыптасып, сайып келгенде этникалық-аумақтық бірлестіктерге айналған дәстүрлері жатса керек. Жүздердің тұрмыстық, рулық-тайпалық құрылымының қатаң регламенттелуі бұл құрылымның орнықтылығын және сырттан жасалған соққыларға қарсылығының беріктігін қамтамасыз етеді.

Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысында пайда болуы XІV- XV ғасырларда Қазақстан аумағында болып өткен этникалық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ мемлекетігі - тамыры ежелгі заманда жатқан ұзақ тарихи дамудың жемісі, ол қазақ халқының топтасуына, оның этникалық аумағының қалыптасуы мен тұтастығының нығаюына, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің дамуына себеп болды.

 

 

Азақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.

Ортағасырлық қазақстан аймағында қзақ мемлекетінің өмірге келіп,дамуы қазақ этносының өркен жаюындағы ұзақ жолында оның бірегей құрылып қалыптасуы мен бірігіп нығаюы тұтастығын сақтап қалуы үшін аса зор маңызы болды.

Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың ж/е Түркістанның кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық ж/е этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы,көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV-XV ғғ. Біріңғай экономикалық аймақтың қырылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі.


Қазақ қоғамы билеуші топтарының мүдделерін бейнелегендіктен алғашқы қазақ рулары мен тайпаларының ақсүйектері тарапынан қолдау тауып отырды. Қазақстанның оңтүстык аудандарындағы-Қаратау қойнауларындағы, Сырдария сағаларындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі олардың едәуір бөлігі 40-50 жылдардың өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. Әбілқайыр хан даладағы өз билігін нығату жолындағы күреспен айналысып жүргенде Ақ Орда хандарының мұрагарлері Қазақстанның оңтүстігінде өздерінің күшті билігін қаматамасыз ете алды. Рулар мен тайпалардың Әбілхайырға наразы көптеген көсемдері өздерінің қол астындағыларымен бірге бұларға ағылып келіп жатты. XV ғ.осыдан былайғы онжылдықтары мен XVI ғ.басында Қазақ хандығы экономикалық жағынан нығайып, қазақтардың этникалық аймақтарының едәуір бөлігін өзіне қосып алу арқылы жер көлемін кеңейте түсті. Қазақ хандығының нығаюы XV ғ. Соңғы онжылдықтарында соғыстарға, өзара тартыстарға, Қазақстан-ортаазиялық аймақ шегіндегі халықтардың ірілі-ұсақты орын ауыстырулығына толы қиыншылықты жағдайда өтті. Шығыс Дешті Қыпшақта Шайбани Әбілхайыр ханның хандық құруы тарих сахнасынан түсті.

Қазақ хандығы өзінің ең жоғары қуаттылығына XVIғ. Бірінші ширегінде, әсіресе Қасым хан (1512-1521жж.) тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Мұрындық пен Қасымнаң өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорықтар жасады. Қазақ сұлтандары да Түркістанның оңтүстік өңірінің қалалары мен Маураннахрға шапқыншылықтар жасап отырды.

Қасым қайтыс болғаннан кейін,20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары Қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Өзара тартыста Қасымның мирасқоры Мамаш хан қазаға ұшырады. Хандық тыныс-тіршілігінің қолайсыз факторына өзбек ж/е моғол әкімдерінің қазақтарға қарсы одағын да жатқызуға болады. Сырдария бойының қалалары қолдан кетті, Түркістан уәлаяты Шайбани Убайдаллах сұлтанның қол астына өтті. Қазақ ханы Таһир(1523-33жж.) Ноғай Ордасымен шайқаста сәтсіздікке ұшырады, Сырдария бойы қалаларын қайтарып алмақ болған оның әрекетінен түк шықпады.Сөйтіп, хандықтың шекаралары хандардың тек әскери ж/е дипломатиялық қабілетіне н/е соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда,сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды. Оның үстіне қазақтардың бір бөлігі қалып қойып, көрші мемлекеттер мен солардың әкімдеріне бағынышты болды. Түркістан аймағында тұрған қазақтар өзбек ханы Бараққа, оның ұлы Баба сұлтанға бағынды. Өзге басқарушылардың билеп-төстеуіне, әсіресе, далалық кеңістіктердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқы жиі өтіп тұрды.


Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен ж/е қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Олардың 1680ж. Оңт. Қазақсатанға шабуылдаған уақытында тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені онда әскерлерімен Тәуке хан болған еді.Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді.

Са­яси жағынан бы­тыраңқылығы ба­сым эт­ни­калық топ­тардың, яғни қазақ тай­па­лары­ның бір мем­ле­кет­ке бірігуі Қазақ хан­дығының құры­лу­ына әкелді. Қазақ хан­дығы XV ғасыр­дың ор­та­сын­да құрыл­ды.


Қазақ хан­дығының құры­лысы бас­тапқы кез­де (XV-XVI ғасыр­ларда) 7 са­тыдан тұрды.

  1. Ауыл. Бас­шы­сы – ауыл­ба­сы, бірне­ше жанұядан тұра­ды.
  2. Ата-ай­мақ. Бас­шы­сы – ақсақал, жеті ата­дан қосы­латын бірне­ше ауыл­дан тұра­ды.
  3. Ру. Бас­шы­сы – ру­басы, 15 ай­мақтан құры­лады.
  4. Арыс. Бас­шы­сы – би, бірне­ше ру­дан құралған.
  5. Ұлыс. Бас­шы­сы – сұлтан, бірне­ше арыс­тан құры­лады.
  6. Жүз. Бас­шы­сы – хан, бірне­ше ұлыс­тан құры­лады.
  7. Хан­дық. Бас­шы­сы – хан, үш жүзден құралған.

 

 

Азақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).

Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы.

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген». XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді

Бұрындықхан (1480-1511)
Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.
1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған,
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі,
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады.

 

 







Date: 2016-05-23; view: 2138; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию