Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы





Ұлы жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз. Б.з.б. 3-2 ғасырлар – жібек жолмен алғашқы сауда байланысы жасалған.

Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қаз-н территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

Лазурит жолы: Бадахшан тауы-Иран-Месопотами-Мысыр-Сирия-Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария-Шығыс Түркістан- Қытай.

Дала жолы (б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы-Дон-Оңтүстік Орал-Ертіс,Алтай-Зайсан көлі (Геродот дерегі).

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінеді:

1. Батыстан шығысқа бағытталатын жол.

2. Іле бағыты.

3. Еуропа бағыты.

4. Орталық ж/е шығыс Қаз-н.

Ұлы Жібек жолының 6-7 ғ.ғ. ең гүлденген бағыты – Қытайдан Жетісу ж/е Оңтүстік Қаз-н арқылы батысқа баратын жол.

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:

Құлан, Ілебалық, Екіоғыз, Отырар, Шауғар қалалары. Хан жолы: Тараз қаласы-Талас өзені-Мойынқұм, Бетпақдала-Атасу өзені.

Тауар тасымалы.

Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.

Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдын жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Араб халифаты, Еуропа, Ресей таулары тасылды.

Ұлы жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер,тотықұстар, сұңкарлар т.б.

Ортағасырлардағы Қазақстан қалалары тұрғындары арасында б.з. дейінгі 7-6 ғғ.ежелгі Иран территориясында туған зороастрлық діннің де өкілдері болған. Оның әдет-ғұрпы бойынша әлемнің төрт нәрсесі- су,от,жер мен ауа киелі деп қатты құрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан, Соғдиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар мұнара секілді құрылыс қалдықтары, әдетте ол мұнараларына ұқсайды. Олар Қостөбе мен Қызылөзек қала жұртының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған үйреншікті түрі емес,айрықша түрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен отқа, ата-бабалар аруағына,жануарларға- қойға,ат пен түйеге табынушылықпен сіңісіп, бірге өріліп кеткен. Осы дінге байланысты табылған нәрселер: мәйітті оссуарилерге – қыш жәшіктерге, хұмдарға салып жерлеу, өлікті жербетіндегі мәйіттерге – наусаларға қою, сүйекті үйіп жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты көптеген табынудың ырым жырымдары Қазақстан қалаларында ислам пайда болғаннан кейін де сақталып жасалып жүрді.

Мәселен, 12 ғ. Отырар қалсының үйлері еденінен жерошақ- михрабтар табылған. Бедерлі оюлармен өрнектелген сол ошақтар киелі отты жағуға арналған. Бұл қала тұрғындарының, тіпті исламды мойындап, араб жазуын қабылдаған кісілер үйлерінің өзінде жылтырап жанып тұратын ұлы маздеизмнің қасиетті отының алыстан жеткен сәулесі болатын.

Дегенмен Қазақстанда бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будда дінін де, жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастады. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларында біржолата қоныс тебеді

 

 

Date: 2016-05-23; view: 2265; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию