Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






А) әлеуметтік-экономикалық философия





Қоғамның өмір сүру тәсілі басқа бүкіл жер бетіндегі тіршіліктерден бөлек. Егерде дамыған жануарлар ең керемет дегенде өзіне керек қоректерді жинаса, адам оларды өндіреді. Мәселеге тереңірек ұңілсек, еңбек ету, материалдық өндірісті тудыру арқылы адамның өзі адам ретінде қалыптасқан жоқ па? Тағы табиғатта қалалар, бау-бақша, неше түрлі машиналар, электрондық байланыс жүйелері т.с.с. жоқ емес пе? Оларды жасаған - адам.

Қазіргі адам (ғылыми тілде - кроманьон адамы) өзінің дене құрылысы ерекшеліктерімен осыдан 35-40 мың жылдар бұрын қалыптасып, дүниеге келді. Бірінші даму сатысында олар еңбек құралдарын тас пен сүйектен, ағаш пен мүйізден т.с.с. жасады. Олар, негізінен, аң аулау, өсімдіктерді жинау, соңынан балық аулау сияқты істермен айналысты. Өндіргіш күштердің деңгейінің төмендігі соншалықты, өндірілген тамақ тек олардың бұл өмірде тірі қалуын ғана қамтамасыз етгі.

Жүре келе, шаруашылық саласында нағыз төңкеріс, мал бағу мен жер өңдеу пайда болған кезде келеді. Оны ғылымда аграрлық революция дейді. Мысалы, біздің арғы бабаларымыз Сары-Арқа даласында тағы жануарларды үйретіп, оларды малға айналдырып, солардың сүті мен етін, жүні мен терісін пайдалана бастады, ал Сыр, Іле, Шу бойында жерді өңдеп, дақылдарды өсіру шаруашылық түрі пайда болды. Егер бұрын адам тағы табиғаттағы дайын қоректерді жинаумен айналысса, енді оларды өндіре бастады. Соның арқасында молшылық пайда болып, халық тез өсіп, бүкіл жер бетіне кеңінен тарайды. Қол өнер жер өңдеуден бөлініп, өндіргіш күштерді әрі қарай дамытты. Қоғам өмірінде жекеменшік пайда болып, әлеуметтік қатынастар күрделеніп, мемлекет дүниеге келеді, ой еңбегі дене еңбегінен бөлініп, ғылым мен өнер тез қарқынмен дами бастайды.. Қоғамдық қатынастар мыңдаған жылдар шеңберінде қалыптасқан салт-дәстүрлерге негізделеді. Сондықтан ғылыми эдебиетте мүны «дәстүрлі қоғам», я болмаса «аграрлык цивилизация» дейді. Мыңдаған жылдарға созылған бүл қоғамның тарихындағы жетістіктерге тоқталсақ, ол қағаз, фарфор, жібек, күкірт жасау (Шығыста), жел диірмені, соңынан су диірмені, механикалық сағат, көзілдірік, мата жасау станоктары, кітап басу т.с.с. (Батыста) атауға болады. Көне заманда пайда болған үлы,

ясетістіктерге Мысырдағы Пирамидаларды, Қытайдағы - мыңдаған шақырымға созылған ¥лы Қорғанды, Александрия каласында салынған Александрия фаросын, Рим каласындағы Колизейді, Афинадағы Парфенонды т.с.с. ғажап туындыларды атап өтуге болады.

ХІҮ-ХҮІ ғғ. Еуропа топырағында, нақтылай айтқанда, Италияда үлкен өзгерістер орын алды.. Шығыс елдерімен - теңіз жолдарымен сауда-саттык жасау, балык аулау, мата тоқу т.с.с. салалар, тез қаркынмен дами бастайды, көп іскер шаруалар тез уақытта байып, өз бас бостандығын феодалдардан сатып алып, шеберханалар салып, онда жалдамалы енбек түрлерін енгізеді. Жаңа қалалар, әсем ғимараттар салынып, өмір тез өзгере бастайды. Адамның табиғатты, айнала қоршаған ортаны қайта өзгерте алатынына көзі жетіп, дәстүрлі қоғамның ішінде жаңа буржуазиялық - қарым-қатынастар пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңынан бұл дәуірді еуропалықтар «Ренессанс», яғни «Қайта өрлеу» деп атады. Әрине, бүкіл Еуропа тарихындағы дэстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға өту дэуірі еді.


Осының нәтижесінде Еуропа елдері біршама буржуазиялық-демократиялық революциялардан өтіп, индустриалдық қоғамның шеңберіне толыққанды кіреді, енді адамзат тарихында Жаңа дәуір басталады.

Осы уақыттан бастап Батыс цивилизациясы Шығысты экономикалық жағынан басып озып, кейіннен оларды отарлай бастайды. Неге осы уақытта Шығыста мұндай алға өрлеу басталмады деген сұрақ қойсақ, оған жауап беру оңай шаруа емес. Шамасы, оның негізгі себебін сонау көне заманда басталған Шығыс пен Батыстың, дүние мен өмірге деген көзқарастарының бөлінуінен, Шығыс елдеріндегі қауымдық өмір салтынан, ал Батыста жеке адамның белсенділігіне жол ашылғанынан көруге болатын сияқты. Ал оның өзі, әрине, айнала қоршаған ортаға бейімделуден шығады. Еуропа мен Азияның табиғаты мен ауа райын салыстырсак, әрине, Еуропада жеке адамның белсенді тұлға болып калыптасуына молырақ мүмкіндіктердің болғанын байқаймыз. Еуропада Қытай, я болмаса Үндістан еліндегі сияқты жүздеген мың адамдарды жинап, олардың басьн косып, үлкен каналдар, суды тоқтататын бөгеттер салынған жоқ-ты.

Ал енді осы арада қайғы-қасіретке толы өз еліміздің тарихына тоқталсақ, онда Жаңа дәуірге дейін мыңдаған жылдар бойы көшпенділік шаруашылык түрі басым болды. Оның негізгі себебі де, әрине, сол қоршаған орта. 7 ай қысы бар, суға тапшы елде, мал бағу, соның жолында көшіп-қону ең тиімді шаруашылық түрі болды. Ал тарихқа, Жаңа дәуір келген кезде, бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген көшпенділер, аянышты жағдайға душар болып, өз өмір салтыньң сарқылғанын байкады. Өйткені, садақ пен сойыл, біздің бабаларымыз қанша батыр болғанымен, винтовка мен зеңбірекке, әрине, қарсы тұра алмады. Осы уақыттан бастап бірнеше жүз жылға созылған халықтың трагедиясы, қайғы-қасіреті басталып та кетті.

Жаңа дәуірдің экономика саласындағы негізгі ерекшеліктерінің бірі - адамдар заң жүзінде тең құқықты азаматтарға айналып, зорлап еңбек еткізу принципі келмеске кетеді. Сол себепті жеке адамның өмірге деген белсенділігі артып, жаңа қоғам өндіргіш күштерді бұрын-соңды болмаған биік дәрежеге көтереді. 300 жылдың шамасында өндіргіш күштер бұрынғы 5000 жылдағы жеткен дәрежеден асып түседі!!! Жүздеген жаңа қалалар, мыңдаған кәсіпорындар пайда болып, соның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты, мәдениеті мен білімі өсті. Әрине, индустриалдық қоғамның дамуы да қайшылықтар, оларды шешу арқылы жүріп отырды.


XX ғ. ғылыми-техникалық революция, оның жетістіктерін өндіріс саласында тиімді пайдалану өндіргіш күштерді әрі қарай күрт өсіріп, материалдық байлықтың жаңа көздерін ашты. Дегенмен де осы ғасырдың ортасына қарай бүкіл қоғам өзінің мәресіне жетіп, екі үлкен дағдарысқа келіп тірелді. Ол энергетикалык және сонымен байланысты экологиялық дағдарыс еді. Индустриалдық қоғам оларды аз уақыттың шеңберінде ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жаңа электрондық, ақпараттық технологиялар жасау арқылы шешіп, тіпті жаңа экономиканы тудырды. Бұл жаңа қоғам постиндустриалдық қоғам деп атала бастады.

Кейбір батыс ғалымдарының пайымдауынша, алдағы болашақта экономика саласы толығынан автоматтар мен роботтардың үлесіне тимек. Мұндай жағдайда адамдардың өмір мазмұны бос уақытты мейлінше сезімдік ләззат алып өткізумен және де тұлғаны құмартатын, сүйетін нәрсемен (хобби) айналысу болмақ. Ал К.Маркстің ойынша, өндіргіш күштер өте биік дәрежеге көтеріліп, коғамдык байлық ағыл-тегіл болған кезде, адамдардың тектік кабілеттері мен күш-жігерінің әлеуметтік кеңістігі өсіп, олар рухани шығармашылық жолына түсіп, шексіз даму мүмкіндігіне ие болады.

Біздің ойымызша, қазіргі Батыс елдеріндегі «тұтыну қоғамы», сондағы кең етек алып кеткен «материалдық-сезімдік» өмір бағыты жоғарыда көрсетілген жағдайда мидың ләззатты сезінетін бөліктеріне электродтар арқылы импульстар бергізіп, «жаңа нашақорларды» тудырмасына кім кепіл болады. Мұндай тұжырымдар дүниежүзілік діндердегі негізгі аяндардың бірі - Иса пайғамбардын ауыр жүгінің барлық адамдарға қатысы бар екенін ұмыт кылады. Ізгілік бар жерде зұлымдық та бар, шың қаншалыкты биік болса, құз да соншалыкты терең екенін казіргі адамзат ұмытқандай.


Экономика саласы адамдардың негізгі материалдык мұқтаждықтарын өтеуі керек. Оның сыртында нағыз адами даму жатыр. Ол рухани-шығармашылык, адам өмірінің, жер бетіндегі тіршіліктің, тіпті керек десеңіз, ғарыштың мән-мағынасы жөнінде тебіреністе болу, тұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің арқасында өмірде өзінің өшпес ізін қалдыру, жер бетіндегі ғажап окиғаны тіршілікті - гүлдетіп сақтап қалу болмақ.

Сонымен экономика саласы адамның күнбе-күнгі өміріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Алайда бұл қоғамның өмір сүруінің негізгі факторы болса да, оның бір жағы ғана. Екінші жағы - сол адамның өзін нактылы тарихи қалыптаскан өмірге сай етіп өсіп-өндіру, ұрпақтар өмірін жалғастыру, оны әрі қарай дамыту болмақ. Міне, коғамның осы екінші жағын әлеуметтік сала дейміз.

Әлеуметтік сала біркелкі емес: қоғам өмірінде әр түрлі әлеуметтік топтар өмір сүреді. Өйткені бұл дүниеде, - адамдарды айтпағанның өзінде, ешбір бір-біріне толығынан ұксас еш нәрсе жок, әрбір зат өмірге өз қайталанбас болмысымен келіп, уақыты озған кезде келмеске кетеді. Уақытында XVIII ғ. кейбір ағартушылар, содан кейін К.Маркс пен Ф.Энгельс алғашқы қауымдык қоғамдағы адамдардың теңдігіне тамсана қарап, жекеменшік дүниеге келгеннен кейін байлық пен кедейлік, әр түрлі таптар мен әлеуметтік топтарға бөліну басталғанын айтып кеткен болатын. Соңғылардың ойынша, болашак коммунистік коғам жер бетінде орнаған кезде, сол біркелкілік тағы да қайтып оралады, бірақ ағыл-тегіл байлықтың негізінде, өйткені барлық адамдардың қажеттіліктері толығынан өтеледі. Алайда мұндай пікір Дүниенің басты қасиетіне қайшы келеді: Ұлы Мэртебелі Табиғат біркелкілікті сүймейді, ол әртүрлілікті жаратады. Осы тұргыдан сонау алғашкы қауымдық қоғамға көз жіберсек, онда да әртүрлі топтардың болғанын байкаймыз. Онда, әрине, қоғам демографиялық-жыныстық принциптің негізінде топтанды: аңшылар, ошақ басындағы әйелдер, жастар, сол қауымды басқаратын аксакалдар т.с.с. Әрине, олардың әлеуметтік жағдайлары да соған сәйкес әртүрлі болды. Мысалы, әртүрлі тайпалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне оқтын-оқтын сыйлар тартты. Ал олар ақсақалдардың қолында қорланды т.с.с.

Тарихи өндіргіш күштер дамып, жекеменшік пайда болып, мемлекет дүниеге келген кезде, қоғам өмірінде таптар мен әр түрлі әлеуметтік топтар пайда болады. Байлык пен билікке ие болған үстем топтар мен езілген таптардың арасында қайшылыктар пайда болады. Жаңа дәуір дүниеге келген кезде бұл қайшылықтар әрі қарай өршіп, неше түрлі революцияларға әкеледі. Үстем таптар мемлекеттік билік арқылы өзін-өзі сақтап калу жолында төмендегі әлеуметтік топтардың әлеуметтік жағдайларын көтеруге тырысады. Машиналық өндірісті дамыту үшін жұмысшылардың білім деңгейін өсіру керек болды, сондықтан білім беру жүйесіне көбірек көңіл бөлінеді. Жергілікті мемлекет мекемелері жұмысшыларға, кем-тарларға арнап арзан баспана салуға кіріседі, денсаулык сақтау мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастайды т.с.с.

Әлеуметтік мәселелердің нағыз түбегейлі шешу жолдарын Ресейде большевиктер үкімет басына келген кезде бастайды. Олар жеке меншікті жойып, бүкіл ұлттық байлықты, мемлекеттік қолға өткізіп, жоспарлы экономиканың негіздерін құрып, елді индустриялап, жаңа қалалар мен село кешендерін сальш, бүкіл халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, ғылым мен техниканы, білім беру жүйесін дамытып, денсаулық сақтау, жастарды тәрбиелеу т.с.с. әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөледі. Әрине, бүл ауқымды төңкерісте зорлық-зомбылық, репрессиялар қолданылып, миллиондаған адамдар осы әлеуметтік жаңарудың құрбанына айналды. Мұндай әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер бүкіл дүниежүзілік қауымға зор әсерін тигізді. Сондықтан капиталистік елдер Кеңес Одағының жасаған әлеуметтік саладағы үлгілеріне сәйкес жауап беру үшін неше түрлі әлеуметтік бағдарламалар жасап, өмірге енгізе бастады. Екінші жағынан, жүздеген жылдардағы даму барысында корланған байлық, оларды тиімді түрде шешуге жол ашты.

Дегенмен де Кеңес Одағындағы қалыптаскан тоталитарлық экономика 60-шы жылдардан бастап тоқырауға түсті. Оның негізгі себсбі экономиканың бір қолда ғана болып, монополизациялануы еді. Бәсекелік болмаған жерде экономика бір орында тұрақтанып калды. Тұрпайы теңеудің негізінде адамдардың белсенді еңбегі жойылды. Шынайы өмір идеологияға бағынбай, іштей шірушілік басталды. Партия және үкімет басындағылар мемлекеттік меншіктің шын қожайьндарына айналып, көп жағдайда өз мүдделерін іске асыруға кірісті. Оларға арнаулы үйлер, санаторийлер, дүкендер, емдеу орындары т.с.с. салынды, олар бірте-бірте үстем тапқа айнала бастады, халыққа арналған әлеуметтік бағдарламалар орындалмай қорлана бастап, біршама шиеленістерді тудырды. Бүл кайшылықтар ақырында Кеңес Одағының құрып, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына әкелді.

Енді тәуелсіз мемлекеттердің алдында жаңа мақсат пайда болды - ол тоталитарлық экономикадан бас тартып, нарыққа көшу, жеке меншікке жол ашу, елді демократизациялап, ондаған жылдар қорланған әлеуметтік мәселелерді шешу еді. Өз еліміздің жағдайына келер болсақ, ол аянышты болды. Өйткені Кеңес Одағы заманында ол аграрлық-шикізат өнімдерін шығаратын, басқа одақтас республикалардың, әсіресе Ресейдің экономикасымен тығыз байланып қалған ел болатын. Сондықтан Ресейдің Думасындағы кейбір ұлтшыл депутаттар: «Олар бізге қайтып оралады, өздері дербес мемлекет болып өмір сүре алмайды», - деген пікір айтқан болатын. Мұндай ауыр жағдайда Елбасы Н.Назарбаев тапқырлық көрсетіп, шетелдерден елге инвестициялар тартып, халқымыздың алған бостандығын сақтап қалды. Бұл, әрине, қиын жылдар болды, кейбір кезде шетел компанияларымен теңсіз шарттарға да тұруға мәжбұр болдық. Бүгінгі таңда, экономиканың өрлеу барысында, әлеуметтік мәселелерді шешуге үкімет пен парламент аса кеп көңіл бөліп отыр.

Соған қарамастан, соңғы жылдардағы қорланған әлеуметтік мәселелер - шаш етектен. Біздің ойымызша, оларды шешудің негізгі жолы осы уақытқа дейін жүргізіліп келген либералдық-демократиялық саясатты бірте-бірте әлеуметтік-демократиялық саясатқа ауыстыру болмақ. Реформа барысындағы рестратификация (қоғамды қайта топтау) үрдісі жекешелендіру барысында тез арада пайда болған байлар мен кедейлер тобын тудырды және олардың арасындағы айырмашылық сын көтермейтін дәрежеге жетті. Оның сыртында тұлғалық қасиеттен айырылып, жаңа өмірде өз орнын таба алмай, әлеуметтік аномияның (ауытқудың) әр түрлі жолдарына (маскүнемдік, нашақорлық, қылмыстық т.с.с.) түсіп кеткен азаматтар қаншама?! Қоғамның басын біріктіретін «орта тап» әлі әлсіз жағдайда. Арал мен Семей аймағында экологиялык апатка байланысты қасіретке түсіп жатқан қандастарымыз қаншама?! Қазақстанның көп жерлерінде ауызсу мәселесі осы уакытка дейін шешілмей келеді. Білім беру мен денсаулық саласында да жиналған мәселелер аз емес. Жас аналарға деген қамқорлық - жоқтың қасы. Ерекше әнгіме — жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу, соның ішінде баспана мәселесі сын көтермейтін жағдайға жетіп отыр.

Бүгінгі таңда осы және басқа әлеуметтік мәселелер қоғамдық сананың өзекті сұрақтарына айналып, ақпарат құралдарында талдануда. Олай болса, бұл мәселелер болашақта шешіледі деген үміттеміз. Жас дос, оларды болашакта шешуге сіз де ат салысарсыз деп ойлаймыз.







Date: 2016-05-18; view: 602; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию