Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






В) саясат философиясы





Қоғам өмірінің келесі саласы – саяси қүқтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. ¥лы Аристотель адамды «Zооn Рolitісоn» - саяси жануар деп сол кезде-ақ атап кеткен болатын. Сол заманнан бері, осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың т.с.с. үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынаска түседі. Олай болса, саясат миллиондаған ортақ мүддесі бар адамдардың мақсат-мұраттарын шыңдап, қоғам өміріне әкеледі. Саясаттың екінші жағы - әртүрлі мүддесі бар топтардың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын сақтап калу болмақ.

Олай болса, заңды сұрақ туады: саясаттың қандай қасиеттері қоғамның біртұтастығын сактап, әртүрлі топтардың мүдделерін бір-бірімен ретке келтіреді? Оны біз биліктен табамыз. Бірақ саяси билік — жалпы әлеуметтану категориясы ретіндегі биліктің бір түрі ғана. Расында да, біз тұлғаның өз-өзін билейтіні, адамның табиғатты, әкенің баланы, қылмыскердің банданы т.с.с. билейтіні жөнінде айтамыз. Тіпті, керек десеңіз, жануарлар үйірінің шеңберінде де билікке ұксас, зоологиялық күшке негізделген ретке келтірушілік бар. Сондықтан да болар, уақытында Ф.Ницше «билікке деген ырықты» субстанциялап, жалпы дүниенің негізінде жаткан құбылыс деп есептеді.

Әрине, қоғам күрделі дәрежеде ұйымдасқан жүйе ретінде әрқашанда белгілі бір тәртіпсіз өмір сүре алмайды. Олай болса, билік адамзаттың мәңгі серігі. Шындап келсек, алғашқы қауымдық коғамның шеңберінің өзінде демократияның алғашқы қайнар көздері пайда болады, өйткені рудын ішіндегі қарым-қатынастарды, баска рулармен қатынастарды, кайшылыктарды өне бойы ретке келтіріп отыру қажет болды. Оноре де Бальзактың гүлдер ботаникадан ерте өмір сүрген дегені сияқты, саналы түрде алғашқы демократия өмірде болғанымен, категориялық (ұғымдық) дәрежеде әлі пайымдалған жоқ-ты. Тек жекеменшік пайда болып, тарихқа таптық коғам келген кезде дәулеті асқандар өз мүддесін қорғау жолында саяси жолмен бүкіл қоғамға өз ырқын таңа бастайды. Осы тұрғыдан алғанда, саяси билік дегеніміз коғамды басқарған субъектінің адамдар, әлеуметтік топтарды өз ырқына - тіпті олар қарсы шыққанның өзінде, - көндіру болып табылады. Расында да, қоғам өмірі сан алуан қайшылықтардан тұрады, мыңдаған адамдардың мүдделері бір-біріне соқтығысып, қарсы келеді. Мұндай жағдайда әрқашанда қоғамның ауытқуына, құлдырауына, тіпті құрып кетуіне мүмкіндіктер ашылады. Сондыктан биліктегілер қоғамның біртұтастығын сактап, үстем таптың мүдделерін қорғау үшін шынайы күш-қуатқа ие болулары керек. Көп халықтардың тілдеріндегі «билік» және «күш-қуат» деген ұғымдардың бір түбірден шыққанын байқаймыз. Мысалы, ағылшын сөзі «роwег» билік, күш-қуат деген мағына береді, қазақтың «билік», «білік», «білек» (күш), орыстың «власть», «владеть» деген сөздері де бір түбірден шыққан.


Алайда бұл арада үлкен сұрақ пайда болады. Биліктегілер өз ырқына халықты қалайша көндіре алады, ол мүмкіндік қайдан пайда болады? Ол арнаулы әлеуметтік ұйымды құру арқылы іске асады екен. Оны біз мемлекет дейміз. Олай болса, мемлекет саяси-құқтық саланың өзегі болып табылады.

Мемлекет - қоғам өміріндегі негізгі қатынастарды заңға негізделген билік арқылы ретке келтіріп, өмірде пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, қалыптасқан экономикалық, саяси тәртіпті корғайтын кұрылым. Оның негізгі ерекшеліктері:

а) мемлекет арнаулы құрылған неше түрлі мекемелер мен ұйымдардан тұрады. Онда арнаулы дайындығы бар қызметкерлер (шенеуніктер) мемлекет атынан неше түрлі шешімдер дайындап оны іске асырады.

в) мемлекет белгілі бір тарихи қалыптаскан жерді және сонда қоныс тепкен халықты біріктіріп, өз билігін жүргізеді. Мемлекеттің билігінен тыс қалатын ешбір топ, я болмаса жеке тұлға жоқ. Сонымен қатар Қазакстан мемлекеті Өзбекстанда, я болмаса Ресейдің жерінде өз билігін жүргізе алмайды. Оның билігі, тек қана өз елінде жүреді. Керісінше, ешбір басқа мемлекет біздің мемлекеттің шеңберінде өз билігін жүргізе алмайды. Ғылыми тілде оны мемлекеттің прерогативасы және суверенитеті дейді. с) мемлекеттік билік әркашанда заңдардың негізінде іске асуы керек. Ал қайсыбір заң санкцияларға (заңның талабын орындауға мәжбүр ету) негізделген. Олай болса, тек қана мемлекеттің заңның талабын орындамағандарға зорлық жасау құқы бар. Оны іске асыратын мемлекеттің арнаулы мекемелері (сот, полиция, армия, түрме, тергеу т.с.с.).

д) мемлекет болған жерде халыққа сальнатын салық та бар. Өйткені мемлекет қызметкерлерін, армия т.с.с. құрылымдарды қаржылай қамтамасыз ету керек. Оның сыртында қазіргі мемлекеттер көп әлеуметтік мәселелерді шешеді. Оған да қаражат керек.

Мемлекет - өте көне құрылым. Оның дүниеге келуі жөнінде әдебиетте сан қилы болжамдар бар.

Теологиялық қағидаларға келер болсақ, олар мемлекетті Қүдайдың шығармашылық жолдағы тудыруымен байланыстырады.

Патриархалдық такырымдар мемлекетті ру, тайпа, фратрия-ның (туысқан тайпалардың бірігуі) жалғасы деп түсінеді.

Қоғамдық келісім теориялары мемлекетті тарихтың белгілі бір сатысында адамдардың саналы түрде жасаған келісімі арқылы құрылғаны жөнінде айтады.


Зорлық-зомбылық теориясы мемлекеттің тайпалардың арасындағы соғыс, зорлық аркылы жеңілгендерді көндіріп, оларға салық салу арқылы пайда болғанын көрсетеді.

Маркстік теория өндіргіш күштердің тарихи даму негізінде жекеменшік пайда болып, үстем таптар өз мүддесін қорғау барысында мемлекетті құрғаны жөнінде айтады.

Әрине, мемлекеттің дүниеге келуі - өте күрделі құбылыс. Онда зорлық-зомбылық та, келісім де болуы мүмкін. Бірақ негізгі фактор - тарихи жекеменшіктің дүниеге келуі болса керек.

Енді мемлекеттің функцияларына (қызметіне) келер болсақ, оларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады. Ішкіге экономикалық (шаруашылық) мемлекеттің іс-әрекетін жатқызуға болады. Ол негізінен заңдар арқылы шаруашылық субъектілерінің белсенді іс-әрекеттеріне жағдай жасау, елдің негізгі шаруашылық бағыттарын жоспарлау, шетелден инвестициялар (қаржы) тарту, кейбір шаруашылық салаларына жеңілдік жасау т.с.с. арқылы жүреді.

Келесі – мәдени тәрбие жұмыстарын жүргізу (мектеп, жоғары оқу орындары, ғылыми кешендер, клубтар, кино, театр, ақпарат тарату жүйелері аркылы т.с.с.).

Үшінші әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру (кемтарларға, қарияларға, жетімдерге, жастарға, жас аналарға т.с.с. көмек беру, білім мен денсаулық салаларын дамыту, әртүрлі әлеуметтік топтарлың мүдделерін үйлестіріп дамыту т.с.с.

Төртінші - қоғам өміріндегі тәртіпті бақылау, азаматтардың қауіпсіздігін қадағалау, әлеуметтік аномалиямен (ауытқулық) күресу.

Бесіншіден, жоғарыда көрсетілгендердің бәрі негізгі мемлекеттің мақсаты - қоғамның бір тұтастығын қамтамасыз ету болмақ.

Енді мемлекеттің сыртқы істеріне келер болсақ, негізгі мәселе - қоғамның экзистенциалдық (өмір сүру) мүдделерін камтамасыз ету (дербестік, ұлттық қауіпсіздік, даму, сырттан қол сұғуға үзілді-кесілді тосқауыл кою т.с.с.).

Екіншіден, басқа елдермен өзара теңдік жэне тиімділіктің негізінде экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастарды орнату. Халықаралық келісімдерді ұлттық заң жүйесінен гөрі жоғары ұстап, бұлжытпай орындау болмақ.


Бүгінгі адамзат мемлекеттік түрде ұйымдасқан қоғамдарда тұрып жатыр. Уақытында Гегель айтқандай, мемлекет - ізгілік идеясының шынайы көрінісі. Расында да, қай халық болмасын, өзінің мемлекеттігін құрып, басқа халықтармен терезесі тең жағдайда өмір сүргісі келеді. Біздің бабаларымыз сонау ерте заманда Ү-ҮІ ғғ. Түрік қағанаты атты мемлекет құрған болатын. Шыңғыс ханның заманында теңдесі жоқ, бұрын-соңды тарихта болмаған сонау Қытайдан Балқан тауына дейін созылған алып империя қүрылып, жүздеген халықтардың басы бірікті. Бүл, шамасы, көшпенділердің алтын ғасырлары болған сияқты. Жаңа дәуірде көшпенділер өмір салты сарқылып, олардың мемлекеттігі ыдырап, ақырында казақ халқы Ресей империясының қол астына түсті. Алайда «¥лы мэртебелі Тарихтың» үрдісі XX ғ. аяғында біздің халықтың мемлекеттігін тағы да қайтарып берді.

Бүгінгі таңда айтатын негізгі тұжырым - Қазақ елі тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты. Дүниежүзілік кауым оны мойындады. Қазақ халкының жүздеген жылдар бойы армандаған бостандық, еркіндікке деген ынтасы мен ұмтылысы іске асты.

Өтпелі қоғамдағы елімізде қалыптасқан жаңа мемлекет басқару жүйесіне анықтама берсек, оны демократиялық құндылықтар жолын таңдаған зиялы авторитаризм деуге болар еді. Елдін зиялы көсемі бұрынғы коғамға қайта оралу мүмкін еместігін, қоғам өмірінде түбегейлі жүйелі өзгерістерді жасау керектігін тұсінген миллиондаған отандастардың тілегі мен ынтасына сүйене отырып, нарықтык экономикаға негізделген демократиялық қүқтық-элеуметтік мемлекет кұруға бағытталған тиімді саясат жүргізуде.

 

Бұл жолда біз қаншалықты жетістіктерге жеттік деген сүрақ қойсақ, оған қомақты жауап беруге болатын сияқты.

Біріншіден, адамдар тоталитарлық қоғамға тән неше түрлі утопиялык, мессиандык көзқарастардан (болашақта жер бетінде коммунизм орнатамыз, Коммунистік партия — дәуірдің ақыл-ойы, ар-намысы, адамзаттың кұтқарушы т.с.с. мифологемалар) арылды. Қарапайым адамдарды айтпай-ақ, алғашқыда бұрынғы қоғамның ішінен шыққан саяси элитаның өзі-ақ «тез арада «Оңтүстік-Шығыс Азияның акулалары» сияқты гүлденген елге айналамыз», «Біз Азияның барсы боламыз» деген романтикалық көзкараста болды. Бірақ біржақты шикізат өндіруге бағытталған экономиканы қайта құру қиындыктары, дүниежүзілік мұхитқа шығу арнасының жоктығы т.с.с. «төмендегілер» мен «жоғарыдағылардың» тез арада мессиандық көзқарастардан арылуына көмектесті.

Егер бұрынғы тоталитарлық қоғамда бүкіл билік партияның қолында болып, оның қоғам өмірінде бакыламайтын нәрсесі қалмаса, бүгінгі мемлекет билігі, адамдардың ынталы белсенді іс-эрекетін қолдап, аса көп төмендегі болып жатқан үрдістерге қол сұқпайды.

Қайсыбір тоталитарлық мемлекеттің субъективті бағытталған мүдделері болады: фашистік Германияда болған «арий нэсілінін мүдделері», Кеңес Одағындағы «жұмысшы табының мүддесі» т.с.с. Бүгінгі мемлекет барлық әлеуметтік топтар, үлттар мен ұлыстар өкілдерінің мүдделерін тең түрде қорғауға тырысады.

Егер тоталитаризм тұлғаны тобырдың ішіне «сіңіріп», әлеуметтік айырмашылықты жойып, дәстүрлі әлеуметтік байланыстарды үзуге тырысса, зиялы авторитаризм, керісінше, халықты қайта топтап (рестратификация), ұлттык қауымдастықтардың төл мәдениетін сақтап дамытуға, қазак халқының мэдениетін қайта түлетіп гүлдетуге ат салысуда.

Егер тоталитарлық мемлекет экономика саласын катты бақылауға алып, тіпті Кеңес Одағындай өз колына өткізіп жіберуге дейін барса, біздің жас мемлекет ұлттық байлықтың пілдей бөлігін жекешелендіру арқылы халыққа таратты. Ал оның өзі - билік пен ықпалдың біршама бөлігін үкіметтен алып қоғамға тарату деген сөз.

Қайсыбір тоталитарлық тәртіп халықты оқтын-оқтын репрессияға ұшыратып, жүрегіне қоркыныш сезім ұялатады. Жас мемлекет өзінің күш кұрылымдарын нығайтқанмен, саяси репрессиялардан үзілді-кесілді бас тартып, уакытында куғын-сүргінге ұшыраған боздактарды ақтап шығарды.

Тоталитарлык қоғам мемлекет билігін атқару мекемелеріне толығынан беріп, заң шығару билігін қуыршақ ретінде ұстайды. Қазақстан мемлекеті алғашқыдан билікті бөлу принципін мойындап, оны іске асыру саласында бір шама нәтижелерге жетті: кәсіби екі палатадан тұратын парламент заң шығару ісімен айналысуда, атқару билігі күнбе-күнгі елдегі пайда болатын мэселелерді шешіп, баскаруда, сот тэуелсіз билік ретінде өзгерістерге түсіп, жаңа түрде қалыптасуда.

Тоталитарлық жүйе, негізінен, өкіметті қолдайтын бір партиялық жүйеге негізделсе, бүгінгі таңда біздің ел көп партиялык қоғамға айналды, жекеменшікке негізделіп жұмыс жасап жатқан жүздеген ақпарат кұралдары бар.

Дегенмен де тарихи қорланған көп әлеуметтік мәселелердің баяу шешілуі, тәуелсіз елден күткен, бірақ осы уақытқа дейін үміті ақталмай келген тұлғалар мен топтар тарихи төзімсіздікке бой беріп, хальщты демократизациялау ұранымен саяси белсенділікке, биліктегілерге қысым жасауға шақырады. Сондағы мақсат - кейбір билікті аңсайтындардың шиеленіскен әлеуметтік ахуалды пайдаланып, соның арқасында билікке келу болмақ. Бірақ біз мына жағдайды ескеруіміз қажет. Қай елдің болмасын түрғындарының белсенділік көрсетіп, шынайы саяси өмірге қатынасатындары 1 %-дан -10%-ға дейін ғана жетеді, орташа алғанда 3-5%. Шынына келгенде, саяси өзгерістер өкілдік институттар партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, парламент т.с.с. арқылы, парасатты деңгейде келісімге келу арқылы жүруі кажет. Халықтың өте биік саяси белсенділігі оның қирату инстинктерін оятып, саясатты тұрпайыландырып, бейсаналық жолға қоюы мүмкін. Тарихи тәжірибе талай рет көрсеткендей, ақырында мүндай үрдістерге жол ашылса, ол кезекті диктатураға, қан төгіске әкеледі.

Саяси саланы талдағанда, біз мына нәрселерді естен шығармауымыз керек. Біріншіден, саяси билік әрқашанда шектелген ресурстарды (байлықты) пайдаланады. Егер бәрі де ағыл-тегіл төгіліп жатса, онда саясаттьң өзі де керск болмай қалар еді. Екіншіден, саясат, әрқашанда шынайы өмірден шығагын мүмкіндіктің өнері. Саясат дегеніміз - сол шектелген байлықты әртүрлі топтардын мүдделерін ескере отырып, әрі карай дамуға жол ашатындай кылып бөлуге байланысты. Ал мұның өзі, үшіншіден, биліктегілер мен жалпы саясаткерлердің терең білімділігін талап етеді. Мұны біз эксперттік (сараптау) билік деп айтсақ та болады.

Қорыта келе, біз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-демократиялық қоғам орнату жолында біршама жетістіктерге жеткенін байқадық. Негізгі мақсат осы жолдан таймай, жер жүзіндегі озық үлгілерді бойымызға сіңіріп, өз руханиятымызбен ұштастырып, гүлденген елге айналу болмақ.

с) құқық философиясы

Келесі қоғамның құндылықтары - еркіндік пен теңдік. Кеңес Одағы заманында теңдік қүндылығы жөнінде қаншама кітаптар мен мақалалар жазылып, болашақ коммунистік қоғамның өзегі ретінде қаралды. 1985 ж. жарияланған «қайта құру» (перестройка) саясатынан осы уақытқа дейін еркіндік ұраны (либерализм) қоғамдық ақпарат құралдарының өзекті мәселесіне айналды. Егер бұрын партия-кеңес қайраткерлері теңдік ұранымен бүркеленіп, өз мүдделерін іске асырса, бүгінгі «либералдар» теңдікті таза ұмытып, еркіндік ұранын пайдаланып, ұлттық байлықты жекешелендірді. Бүл — саяси сахнадағы көріністер. Енді біз бұл құндылықтарды философиялық тұрғыдан талдап көрелік

Біріншіден назар аударатын нәрсе - ірбір қоғам өз даму деңгейіне сәйкес еріктік пен теңдіктің белгілі бір мөлшерін анықтап, өмірге енгізеді. Тұрпайы қарапайым сана деңгейінде еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңестіреді де, теңдікті «бәрін тең бөліп берумен» шатыстырады. Ал шынайы өмірде ондай еріктік пен теңдік ешқашанда тарихта болмаған және болашақта да болмайды. Абсолютті (шегіне жеткен) еріктік адамның басқаларға тәуелділігін жойып, оны жалғыздықтың тұңғиығына әкелген болар еді. Екіншіден, ондай еркіндік абсолютті теңдікпен ұласып, бір-бірін жойып (аннигиляция) жіберер еді. Сондықтан француз ойшылы А.Камю ондай еркіндікті «құзға бара жатқанын байқамайтын соқыр» адамға ұқсатты.

Әрине, еркіндік - адамның тектік қасиеті, адам еріктікке жаратылған пенде. Еркіндіктің негізінде ғана адам шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өз бойындағы қабілеттерін, талантын іске асыра алады. Адамды зорлап шығарма тудыруға итеру мүмкін емес. Өйткені оған шабыт керек. Ал зорлық пен шабыт - бір-бірімен ымыраласпайтын нәрселер. XXI ғ. қойған талаптарына сәйкес даму үшін әр адамның еркін шығармашылық еңбегі керек. Ол үшін білімнің биік шыңдарына жету қажет. Сонымен қатар адамның теңдікке деген ұмтылысы да тарихтың козғаушы күштеріне жататынын ескерген жөн. Теңдік рухы кең етек алған коғамдарда

адамдар өз абыройын, намысын (мен ешкімнен де кем емеспін деген сезім) жоғары деңгейде сезінеді. Яғни ол сезім де адамның шьіғармашылық іс-әрекетіне жол ашады.

Тәуелсіз елге айналып, өз мемлекет іргесін қалау барысында бұрынғы тұрпайы теңдікке негізделген қоғамды еркіндікке баулуда біз біршама қиындықтардан өттік. Біріншіден, лезде жарияланған еркіндік ұранын пайдаланып қалған белсенділердің саны аз болды да, талай жылдар «жоғарыдан түсетін бұйрықтың» негізінде өмір сүрген көпшілік жаңа жағдайға таңырқап қарап, өз қамын іске асыра алмай қалды. Тек талай зардаптан өткен қалың бұқара жаңа өмірге бірте-бірте бейімделіп, біршамасы іскерлік танытып, нарықәың қойнауына кіріп жатқан жағдай бар. Жас мемлекетгің шағын жэне орта іскерлікті дамыту саясаты да халықтың еркіндікті сезініп шығармашылық еңбегін оятуға өз себебін тигізді.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - еріктік шеңберін сапалы заңдар арқылы анықтап, өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам кұқықтары» дейді. Сонымен қатар еркіндік ұранын алға тартып, ойына не келсе, соны істегісі келетіндерге, әсіресе қоғам өміріндегі қайшьшықтарды пайдаланып, бәріне «қара күйе жағып» билікке ұмтылғандарға заң жүзінде тосқауыл қойылуы керек. Әсіресе керекті нәрсе - бұрынғы қоғамның көп жетістіктерін қараламай, жаңа өмірге енгізу, соның ішінде халықтың санасында өшпес орын алған теңдік сезімді тек заң жүзінде ғана емес, моральдық құнддылық ретінде сақтап қалу керектігі. Сонда ғана қоғамның шынайы демократизмін көруге болады.

Халықтың санасында терең ұялаған келесі құндылық әлеуметтік әділеттілік. Бұл құндылық, сайып келгенде, еркіндік пен теңдіктің өлшемін, бірлігін қүрайды. Әлеуметтік әділеттілікті тұрпайы теңдікке теңеуге болмайды. Өйткені адамдар туа келе әр-түрлі, жүре келе олардың бойындағы айырмашылықтары да өсе бастайды. Өздерінің іскерлігі мен тапқырлығына байланысты адамдар әр түрлі деңгейде өмір сүреді. Солай десек те, ақыл-ойымызбен оны түсінсек те, әділеттілік сезім көп нәрселерді өзгертуге ұмтылдырады, өйткені ол адамның жүрегінде үялаған. Ақыл-ой мен жүрек ақиқаттарының арасында біршама айырмашылықтар бар, кейбір жағдайда жүрек шындығы тарихи көк-жиекті дәлірек сезінеді. Әділеттілік сезім кемтарларға қол ұшын беруді, әлі ересек өмірге кірмеген жастардың өмір бастамасының тең болуын талап етеді. Расында да, әлі өмірге ешқандай үлес қоспаған жастардың арасындағы әлеуметтік айырмашылық болашақ азаматтың жүрегінде кепке дейін жазылмайтын жара калдырады.

Әлеуметтік әділеттіліктің талаптарын іске асыруда мемлекеттің ролін асыра бағалау қиын. Гегель айтқандай, «мемлекет - адамгершілік идеясының шынайы болмысы», өйткені оның негізгі максаты - қоғамның бір тұтастығын қамтамасыз ету, төмендегі әлсіз әлеуметтік топтарға қамқорлық жасау. Тәуелсіз жас мемлекет алғашқы қадамынан бастап, өзінің «әлеуметтік» мәнін шынайы түрде көрсете білді. Экономикадағы сан қилы киындықтарға қарамастан, зейнеткер, мүгедектер т.с.с. әлсіз топтарға уақытында жәрдемақылар төленіп, олардың көлемі жыл сайын өсуде.

Сонымен катар қоғам өмірінде мейірімділік, қайырымдылық рухы әрбір азаматтың ішкі дүниесіне айналуы керек. Бүгінгі таңда неше түрлі қайырымдылық қорлар әлсіз топтарға көмек беріп, оларға моральдық қолдау жасайды. Іскер топтардың өкілдері де бұл игі істерге жыл сайын көбірек үлес қосуда. Талай жылдар бойы қорланып калған киын әлеуметтік мәселелердің бәрін шешуге біршама уақыт керектігі айдан анық. Әлеуметтік эділеттілік талаптарын мемлекетпен қатар бүкіл қоғам болып жұмыла шешу керек.

Жоғарыда көрсетілген құндылықтарды өмірге еңгізудегі кұқық нормаларының орны ерекше. Жалпы алғанда, құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз - қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалык т.с.с. Құқық құндылықтары - цивилизациялық даму деңгейінің туындысы, өйткені олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты.

Негізінен, оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі - табиғи құқықтар. Олардың ішіндегі іргелі негізгі құндылық - адамның өмір сүруге деген құқы. Ешбір адам, қандай лауазымды болмасын, мекеме т.с.с. бүл кұқыққа қол сұға алмайды. Келесі кұқык - адам еріктігі, өйткені ол - тағы да оның рухани пенде ретіндегі тектік касиеті. Теңдік құкығы да осыларға жатады, өйткені барлық адамдар бүл дүниеге бірдей келіп, соңында кетеді.

М.Вебердің айтуына қарағанда, табиғи құқықтар деп мемлекет қабылдайтын заңдарға қарсы қойылатын, олардан жоғары түрған әділетті құқыққтар жөніндегі түсініктерді айтуға болады.

Теологиялық көзқарастар оларды Құдайдың даналығы мен еркі арқылы адамдарға берілген құқықтар деп есептейді. Мысалы, Орта ғасырда өмір сүрген А.Августин оларды кайсыбір қоғамдағы

Тәртіптің негізінде жатқан, әділеттіліктің өлшемін құрайтын Құдайдың құдіретті күшінен туған «мәңгілік заң» ретінде қарайды.

Рационалдық философия шеңберінде табиғи құқықтарды адамның парасатты ой-өрісінен шығарады.

Кейбір ағымдар табиғи құқтарды адамның терең ішкі дүниесінде жатқан психикалық бастауларынан көреді.

Қалай дегенде де, қазіргі өмір сүріп жаткдн мемлекеттердің қайсыбірі болмасын, адамның негізгі табиғи құқықтарын мойындайды. Сонымен катар құқық кұндылықтардын пілдей бөлігі мем-лекеттік заңдар аркылы берілген. Әдебиетте оларды позитивтік (оң) кұқықтар дейді. Тарихи зандар таптық қоғам дүниеге келген кезде алғашкы кауымдык қоғамньщ шеңберінде қальптасқан әдет-ғұрыптарды жаңа жағдайға сай етіп өзгертіп, оларға мемлекеттік қолдау беру аркылы дүниеге келеді. Заңдардың екінші кайнар көзі - сот шешімдері - оларды әдебиетте прецеденттік құқықтар дейді. Мысалы, Англияда осы уақытқа дейін ол заңды дамытудың негізгі қүралы ретінде пайдаланылады. Соңғы ең кең тараған әдіс заңдарды шығармашылық жолмен тудыру. Ол үшін арнайы мемлекет билігінің тармағы - парламенттер жұмыс істейді.

Құқық пен заң ұғымдары бір-біріне өте жақын, бірак тең емес. Заңды тудыратын адамдар, ал олардын қол астынан шығатын бірде-бір нәрсе кемшіліксіз болмайды. Біріншіден, коғам өміріндегі шым-шытырық байланыстардан тұратын қатынастардың бәрін заңдык нормалар қамти алмайды. Келесі - заңда әр түрлі жағдайда өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері қамтылу керек. Қайсыбір мемлекетте ол көбінесе дәулетті топтардың пайдасына шеші-леді, өйткені олардың парламенттегі өкілдері заң шығару барысында бар күштерін сол топтардьщ мүдделерін заң арқылы бекітуге жұмсайды (саясаттануда оны «лобби» - қолдаушылар дейді).

Құқық құндылықтарының келесі ерекшелігі - олар саясат пен моральдың талаптарын бір-біріне ымыраға келтіретін дәнекер, құрал болып табылады. Қайсыбір саяси бағдарлама, декларация, егер ол заң бойынша нактыланып бекітілмесе, - жай сөз болып қала береді. Екінші жағынан, заң моральдык нормалардың талаптарын, аз да болса да, өз бойында қамтуы керек, сонда ғана оны шынайы өмірде адамдар қабылдайды. Сондыктан заңды «тіпіпшт тіпі-тошт» - ең аз көлемдегі адамгершілік дейді. Қайсыбір заң, бір жағынан, саясатгың өмірге енгізуге болатын талаптарын, екінші жағынан, аз да болса да, моральдык рухани колдаудын бірлігін кұрайды. Сонымен моральдык-рухани сана өз шегіне жеткен талаптарын өмірге енгізе алмай, мемлекеттің ырқына көнуге мәжбүр болып, соның арқасында өмірге заң келеді.

Тіпті өмірге келген сапалы заңның өзі жүре келе ескіріц, өмірде болып жатқан өзгерістерге сай келмей қалады. Ондай жағдайда заңға өзгерістер, толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сондықтан, тез қарқынмен түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан Қазақстан қоғамында заң шығару мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Біршама заңдар қайта қаралып, толықтырылып, өзгерілуде (Еңбек заңы, Мемлекеттік қызмет ету заңы т.с.с.), жаңа заңдар қабылдануда.

Жоғарыда айтылған ойлардан шығатын түйін - заңды асыра бағалап (қүқтық романтизм), я болмаса оны ескермеуге (құқтық нигилизм) болмайды. Ол қателік, біржақтылық болар еді.

Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі ерекшелігі - заң өмірге еніп, қабылданғаннан кейін, бұлжытпай орындалуы керек. Ол -әсіресе мемлекеттік қызметтегі лауазымды азаматтардың қоғам алдындағы парызы. Егер мемлекет өзі шығарған заңдарын бұрмалап, бүзып отырса, онда қарапайым адамдардан не күтуге болады? Екінші жағынан, «заң ескірді, өмірге сай емес, олай болса, оны орындау тіпті қажет емес» деген ұранды бүркемеленіп, тек өз қамын күйттеген адамдарға да тосқауыл қойылуы керек. Егер заңның кейбір қағидалары ескірсе де, жаңа заң ресми түрде қабылданып, я болмаса ескірген қағидалар жойылып, толықтырулар енгізілгенше, ескі заң орындалуы қажет. Сонда ғана қоғам өмірінде белгілі бір тәртіп пен тыныштық сақталады.

Енді, міне, қоғамның рухани өмір саласын талдауға да уақыт келді.







Date: 2016-05-18; view: 635; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.021 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию