Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
Оғам ұғымы Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдаскан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде - адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды. Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар колданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «коғам» категорияларына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мүхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі - ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан карым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғүрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді. Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан баска елдермен экономикалык, саяси-құқтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі нактылы-тарихи коғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сактай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі кажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет, көгөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан Бразилия емес, сондықтан тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шетелдерден алмаса болмайды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше түрлі компьютерлер, радио-теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар жер бетіндегі үлкен астық өсіретін ел болғандықтан, ауыл шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай, көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті коғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында «ұлттық қауіпсіздік» категориясы арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп өмірге керек тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз. Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ? Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс — қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы - ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады. «Халық - шөп, ел билеуші - жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады» - дейді көне Қытай философиясы. Орта ғасырдың ұлы ойшылы Әл-Фарабиге келер болсақ, ол қоғамның ахуалын Халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын ала болжанған Қүдайдың әмірімен ұштастырады. Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье коғамның өрлеуін «ағарған монархтың» іс-әрекетімен байланыстыра отырып, коғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірден-бір шешуші фактор ретінде қарайды (мұны «қүқтық көзқарас» деп әдебиетте атап кеткен болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар заңның өзі -- адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе? XX ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкер0істерді қоғамның дамуының негізіне жатқызады. Оның ойынша, «адами ахуал - әрқашанда рухани ахуал». Мұндай көзқарастарды қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болады. Сонымен қатар XIV ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі енгізеді. Оның ойынша, әртүрлі қоғамдардың бір-бірінен айырмашылықтары, негізінен алғанда, материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуына байланысты. Алайда ұлы ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана 5 ғасырдан кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді. К.Маркс қоғамтану саласына, негізінен алғанда, екі жаңалық енгізеді. Оның бірі - қосымша құн теориясы, ал екіншісі - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасы. Ең алдымен бұл екі жаңалықтың да дүниеге келуі капиталистік қоғамның қалыптасып, дамуына байланысты болғанын атап өту қажет. Егер К.Маркс дүниеге келмегеннің өзінде, басқа ғалымдар ертелі-кеш оларды ашатыны сөзсіз еді. Өйткені мыңдаған жылдар бойы бұрынғы қоғамдарда әртүрлі сословиелік-заңдық қатынастармен бүркемеле-ніп келген экономикалық қатынастар Жаңа дәуірде ашылып, ғалымдардың назарын аудара бастайды. Енді К.Маркстің бірінші ашқан жаңалығына келер болсақ, капиталдың өндіріс айналымында өсуі оның ерекше бір ғажап қасиетінен туындамайды. Бұл үрдіс тарих сахнасында ерекше тауардың пайда болуымен байланысты. Ол - жұмысшы және оның еңбекке деген күш-қабілеті. Оның тек өзіне ғана тән қасиеті өз бағасынан да жоғары қосымша құн тудыруында жатыр. Мысалы, капиталист жұмысқа қабылдаған адамға 500 доллар жалақы төлейді. Ол оның отбасын асырауға, өзінің күнбе-күнгі жұмысқа деген күш-қуаты мен қабілетін толықтырып отыруға жетеді. Бірақ ол шынында 1000, я болмаса 1500 долларға жуық материалдық игілік-терді жасауы мүмкін. Ол - капиталистің байлығын өсіретін қосымша құн. Оны, халықтың жалпақ тілімен айтсақ, қанау дейміз. Әрине, К.Маркстің ашқан бұл теориясының уақытында коғамның саяси саласы мен жұмысшы қозғалысына тигізген үлкен әсерін айтпай кетуге болмайды. Өйткені ол бұл құбылысты жекеменшікке негізделген шаруашылыққа ғана тән деген тұжырымға келеді. Алайда адамды адамның қанауы (эксплуатация) мемлекеттік (яғни қоғамдық) меншікке негізделген қоғамда да болуы мүмкіндігін өткен Кеңес қоғамының тарихы айкын көрсетті. Бұл қоғамда әсіресе ауылдағы механизаторлар, сауыншылар, кен өндірісіндегі шахтерлер, металлургтар т.с.с. топтардың қаналғаны қазір баршаға мәлім. Екінші жағынан алып қарағанда, бүгінгі дамыған капиталистік елдерде капиталдың өсуі, негізінен алғанда, жұмысшыларды қанаудан емес, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ұтымды пайдалану аркылы іске асып жатқанын айтып өту керек. Негізінен алғанда, қанаудың негізгі анықтамасы — адамның мерзімсіз азып-тозуы, оның өмірінің қысқаруы болып табылады. Ал бүгінгі таңдағы дамыған елдерде адам өмірінің ұзақтығы өте биік дәрежеде болғандықтан, «қосымша құн» теориясы өзекті мәселе деп айта алмаймыз. Ал К.Маркстің ашқан екінші - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына келер болсақ, коғамтану саласында оған парапар тұжырымдама әлі жасалған жоқ деп айтуға болатын сияқты. Сан алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде бөліп алып, олардың іргелілігін көрсетеді. Оның себебі адамдардың қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру қажеттіліктерін өтеу керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаждықтарын өтеу керек. Оларсыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік қатынастар пайда болады. Соңғы қоғамның іргетасын кұрайтын шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде оған тәуелді мемлекет, саяси, құқтык, моральдық, эстетикалық, діни т.с.с. құбылыстар орналасады. К.Маркстің ашқан бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі қиындық өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне тәуелсіз қалыптасуы. Адам әркашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам өзінің отбасында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында баска адамдармен саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік катынастарға келген кезде «санасын үйде қалдырып кететінін» көзге елестету тіпті мүмкін емес. Олай болса, К.Маркстің негізгі кағидасын қалайша түсінуге болады? К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған коғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза беттен» әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны әрі карай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік катынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдык сана-сезімнің қалыптасуына шешуші ықпал жасайды. Сонымен қоғамдық қатынастар деп адамдардың арасында қалыптасатын тұракты да қайталанатын байланыстарды айтуымызға болады. Мысалы, екі бір-бірімен таныс емес адам кездейсоқ кездесіп, біреуі: «Абылай хан көшесі қай жақта?» - десе, екіншісі: «Сіз қайдан келдіңіз?» - деп сұрауы мүмкін. Әрине, олар байланысқа түсіп, ақпарат алмасты. Бірақ бұл кездейсоқ байланысты «қоғамдық қатынас» деп айту асырасілтеушілік болар. Егерде біз профессордың күнбе-күнгі студенттермен кездесіп, білім беруін алсақ, оларды қоғамдық қатынастарға әбден жатқызуға болады. Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизонтальды және вертикальды деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің оқу барысындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды. Ал студенттер мен профессордың арасындағы қатынастар - вертикальды. Ол катынастар заңмен бекітілген. Окытушы мен кафедра меңгерушісі, соңғының оқу орнының басшысымен қарым-қатынасы да вертикальды. Өйткені оның негізінде әртүрлі дәрежедегі билік лауазымы жатыр. Олай болмайынша, коғам хаосқа айналып, ешқандай тәртіп орнамас еді. Қоғамдық қатынастар қажетті түрде әртүрлі әлеуметтік ролдерді тудырады. «Студент», «профессор», «кафедра меңгерушісі», «ректор», т.с.с. қоғам өмірінде мыңдаған рөлдер бар. Тұлға жалғыз ғана бір рөлді ойнап қоймай, оның сан алуанына ие болады. Мысалы, профессор сонымен катар «әке», «ата», «саяси қайраткер», «спортшы», «театрсүйгіш» т.с.с. сияқты рөлдерді аткаруы мүмкін. Сонымен, тек актерлер ғана театр сахнасында ойнап қоймай, әр адам белгілі бір рөлдерді ойнайды, оның сахнасы әлеуметтік кеңістікте. Окырманның байқағанындай, әртүрлі рөлдер бір-біріне тең емес, әрбіреуінің өз «бағасы» бар. Оны әлеуметтануда статус(алатын орны) деген ұғыммен береді. Мысалы, қарапайым мұғалім мен ректордың статусы екі түрлі. Бірақ сол қарапайым мүғалім ректорлық жұмыска тағайындалса, ол дереу сол статустың дәрежесіне сай келуі керек. Яғни статус оның мінез-кұлкына, жүріс-тұрысына, ой-өрісі мен сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне т.с.с. өз әсерін тигізбей қоймайды. Әлеуметтік статусы жағынан тең тұлғалар бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық катынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, өз мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік статусы тең емес жағдайда вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда, қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде), яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша қоғам құрылымын анықтауға болады. Сонымен статус — адамның қай әлеуметтік топқа жататынын көрсететін категория. Сословиелік капитализмге дейінгі қоғамдарда әлеуметтік статус адамға туа беріледі. Еріктінің отбасында дүниеге келсең - еріктісің, құлдың баласы болсаң - құл болып кала бересің, шаруаның статусы сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің баласы сол іспен айналысады, ал ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, әртүрлі жеңілдіктерге ие боласың. Бір топтан екіншіге өту - мұндай жағдайда өте киын шаруа Бүгінгі қоғамға келер болсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі статусқа жетуі мүмкін. Мысалы, біздің Елбасы қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы статустарға жетіп, ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік ашса, ондай қоғамды «ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашык қоғам» деп әбден айтуға болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы, білімі аркасында биік статустарға жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда казіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық коғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын алып, шетелдерде болып жаткан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды, халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с. Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оку орнын, еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. Солардың кызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше түрлі статустарға ие болып, тұлғаға айналады. Ол ең алдымен сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, әрі қарай мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек ұжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, әрі қарай шыңдала түседі т.с.с. Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» және «Батыс» қоғамы деген ұғымдарды аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция мен Мысырға турист болып барып, коғамдағы тәртіпке, адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне мұқият қарасаңыз, осы екі қоғамның арасындағы айырмашылықтарды әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол - шындық. Олай болса, біз оны түсінуіміз керек. Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. Мұндай қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын келтірсе де жеткілікті. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың алдында болып келді, тек 18 ғасырдан бастап, Батыс Европа капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып, машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі таңда Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қаркынмен дамып келеді. Шығыс коғамының негізгі ерекшелігі - қауымдасып өмір сүрудің биік мәртебесінде. Жеке адамның мүддесі әркашанда ұжымның шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы кажет. Рулық, жерлестік, діни, касталық, отбасылық т.с.с. кауымдастықтың шеңберінде пайда болған моральдық, руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, нормалар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз еркіне көндіреді. Сонымен қатар ұжым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының шеңберінде ұстайды, ол - қорғалған. Сондықтан бұл қоғамдарда әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, мұнда да байлар мен кедейлер бар. Бірақ ол таптық емес, сословиелік негізде кұрылған. Жекеменшікке де Батыстағы сияқты толыққанды құқық мұнда жоқ. Көп жағдайда байлық мемлекеттің, я болмаса қауымдастықтың қолында. Экономика бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-мұратқа айналмаған, ол - негізгі қажет-тіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық - рухани жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап қорғау болып табылады. Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы жүздеген мың адамдардың басын біріктіріп, алып каналдарды қазып, суармалы егіншілікпен айналысты, көшпенділерден қорғану ретінде ұзындығы 6000 шақырымнан артық «¥лы қорғанды» соқты. Қытайдың ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін каналы - олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте зор болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек жеке адамдарға жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі неше түрлі шен иелерінің құзырын арттырып, елбасының шектелмеген абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс елдерінде «Шығыс деспотиясы» деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер болып, мемлекет әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған. Енді Батыс қоғамына келер болсақ, оның негіздері сонау көне гректерге кетеді. Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, жері құнарлы, сондықтан сонау ерте заманнан бастап, жеке адамның белсенді іс-әрекеті нәтижелі болған. Еңбек еткен адамға табиғат өз жемісін аямай берген. Сондықтан Батыс өркениеті жеке адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Мұндай өмір бағытын әдебиетте индивидуализм дейді. Жеке тұлғаның өзіндік кұндылығы мен жеткіліктігі, оның еркіндігі мен өз іс-әрекеттерін билеушілігі негізгі құндылықтар болып есептелінеді. Екінші ерекшеліктерінің бірі - рационализм, істеген істің бәрін есеп-қисаптан өткізу, көп жағдайда адамның сезімдік дүниесімен есептеспеу т.с.с. Яғни адамның іс-әрекеттерінің бәрі пайда табуға, өз мүддесін ғана қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай ахуалда коғамның біртұтастығы көп жағдайда заңдар арқылы қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да адамдарға өмір бағытын анықтауға көмектеседі. Мұндай қоғамның материалдық байлықты жасауға көп мүмкіндіктері болғанмен, рухани жүдеуінің себебі де жекенің қауымдық мүддеге қарағанда жоғарылығында болса керек, өйткені шынайы адамгершілік қоғамдық мүддені жекеден гөрі жоғары ұстағанда ғана болады. Екінші жағынан, Батыс өркениеті техниканы, соғыс құралдарын дамытудың негізінде 16 ғ. бастап бүкіл дүние жүзін өзіне бағындыру саясатын жүргізіп, көп елдерді бодандап, бүкіл жер бетінің ресурстарын өз пайдасына жаратты. Яғни бүгінгі Батыс өркениетінің материалдық жағынан алып қарағандағы гүлденуіне ғасырлар бойы бүкіл адамзат өз үлесін қосты деп айтуымызға болады. Соңында біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық қоғам» деген ұғыммен танысайық. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың (қоғамның қай саласы болмасын) шешуші рөлімен санаспайтын адам жоқтың қасы шығар. Әсіресе бұл қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, сауда-саттық негізгі сала болып есептеледі. Мемлекет заң шығару арқылы нарықты дамытуға барлық жағдай жасайды, ал іскерлер тобы қоғамның негізгі «қозғаушы күшіне» айналады. Сонымен қатар нарықтық қоғамда әр адамның өз «бағасы» бар, ол өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. нарық таразысына салады. Сонымен нарықтық қоғамда әр адам, бір жағынан, сатып алушы болса, екінші жағынан, өз тауарын сатады. Ол, мысалы, профессордың білімі, артистің өнер шеберлігі, жазушының романы, суретшінің суреті, архитектордың үй жобасы, қолөнершінің сақинасы мен шолпысы т.с.с. Адамның әлеуметтік статусы - оның істейтін ісінің тауар ретіндегі өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен адам қалтасындағы ақшасының қалыңдығымен бағаланатын болды. Егерде адамның статусы тек байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне шығып, өзін бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке алынбайды. Мұндай жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта өтеді де, композитордың жазған симфониясы, я болмаса реквиемі, ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық, сүйіспеншілік, нәзіктік, абырой-намыс сияқты моральдық кұндылықтар көп жағдайда «бос сөз» болып, ескерілмей қалады. Қорыта келе, мынаны айтуымыз керек: егер сіз осы қоғамда дұрыс ауқатты өмір сүремін десеңіз, онда қалаған мамандығыңызды терең де шығармашылық тұрғыдан меңгеруіңіз керек, сонда ғана сіздің еңбегіңіз нарықта сұраныс табады, яғни сіздің қаражатыңыз болады. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» деген өмірлік бағдарлама сізді сәтсіздікке әкеледі. Сонымен қатар өмірдің мәнін тек ақша табуға әкеліп тіресеңіз, тағы да толыкқанды өмірдің мән-мағынасын таба алмайсыз. Бұл жөнінде «Адам мәселесіне» арналған тараудан оқыңыз.
Тарих философиясы Date: 2016-05-18; view: 831; Нарушение авторских прав |