Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Синергетика методологиясы
Әрине, ғылымтану методологиясы да бір орында тұрып қалмайды. XX ғ. 80 ж.ж. Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағынасынбереді ) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық және өз-езіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік. Расында да, бұл Дүниеде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін, «жабық жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бұрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында болса да, қайыршылыкқ деңгейге жеткен жоқ па? Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл Дүниені біртұтас «Үлкен Жүйе» ретінде карасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуумнан көреді. Енді «өзіндік ұйымдасу» ұғымына келер болсак, бұл идея философия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «теормодинамиканың екінші бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген болатын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин енгізген «эволюция, күрделену» заңдылықтары, жалпы жаратылытану ғылымында үлкен қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы Дүние бара-бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, биология ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді. Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, Дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады. Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсак, ол Дүниедегі барлық заттар мен кұбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық түрде, әрі қарай тұрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын - «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық». Ол - даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен бұл теорияның «ақылға сыймайтын» ғажап жағы - кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі бифуркациялық нүктеге дейін). Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің әрі қарай даму жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауға болады. Дегенмен де жүйенің қай жолмен әрі қарай дамитыны әрқашанда белгісіз болып қала береді. Сонымен даму барысындағы көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалык біртінділік даму заңдылықтары (заттың дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды. Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері бифуркациялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін. Сонымен синергетика философиялық-методологиялық дәрежеге көтерілген соңғы жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық категориялар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.
Date: 2016-05-18; view: 1750; Нарушение авторских прав |