Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Теңсіздік мәселесі
Егер Руссоға дейінгі ойшылдар теңсіздіктің түп-тамыры, бір жағынан, зорлық-зомбылыққа, екінші жағынан, діни- рухани алдау-арбауда деп есептесе, Руссо оның шынтуайт себептері бар деген ойға келеді. Оны ол адамның ақыл-ой иесі ретінде жетілуге деген қабілетінен көреді. Адам еңбек етіп, өзін-өзі асырау жолында қармақ пен жіпті, садақ пен жебені, малдың терісінен киімді т.с.с. ойлап шығарды, отты игерді. Олар үлкен аңдарды ұстау үшін бір-бірімен оқтын-оқтын бірігіп, оның пайдалылығын байқады. Руссоның ойынша, үй салу адамдардың өміріндегі алғашқы үлкен төңкеріс болды, өйткені үймен бірге отбасы дүниеге келді, ол тарихи алғашқы әлеуметтік бітім еді. Бұл кезде әлі мемлекет дүниеге келген жок, сондықтан бұл уақыт - алтын заман, адамдар бір-бірінен тәуелсіз, олар табиғаттың бақытты балалары. Екінші төңкеріс теңдікті жойып, адамдарды құлдық пен қайыршылыкка әкелді. Ол - жекеменшіктің пайда болуы. Оның негізін қалаған бірінші адам өз үйінің маңайын коршап: «Бұл -менікі», - деді, ал калған адамдар оны мойындады, - деген пікір айтады. Әрине, Руссо бұл құбылыстың терең тамырына шейін жетеді, өйткені жекеменшіктің пайда болуы алғашқы қоғамның экономикалык дамуымен тығыз байланысты болатын. Жерді өңдеп, егін егудің өзі оны бөлуге әкеліп соқты. Осыдан жекеменшік, теңсіздіктің өзі-ақ пайда болады, тіпті біз алғашында жер тепе-тең бөлініп еді деп есептесекте. «Ең күшті өзінің еңбегімен басқалардан гөрі көбірек өндірді, ең өнерлі, тапқыр өзінің еңбегінен пайданы көбірек көрді», - дейді Руссо. «Жерді өңдеп, егін егу азық-түлікті көбейтіп, қажеттіктен артық қалатын байлықтың көзін ашты. Ал мұның өзі әртүрлі кәсіптерді туғызып, өндіргіш күштерді әрі қарай дамытты. Әсіресе темірді балқытып, игеру ауыл шаруашылығында колданатын құралдарды анағұрлым жетілдіріп алатын өнімді молайтты. Байлық аз топтың қолында шоғырланып, көпшілік кайыршылык жағдайға келеді, осыдан бастап адамзат табиғи сатыдан цивилизацияға келіп тіреледі. Байлардың мүдделерін тиімді корғау жолында мемлекет дүниеге келеді», - деп қорытады Руссо. Мұндай жағдайда адамға қалайша оның жоғалткан еріктігін кайтып беруге болады? деген көкейтесті сұраққа Руссо өзінің «қоғамдық шарт» теориясы аркылы жауап беруге тырысады. Оның мәні мынада. Әрбір адам ерікті түрде өз құқтарының бәрін қоғамға береді. Осы сәтте адамдардың бәрі де бір-бірімен заң жүзінде теңеліп, берген қүктарын өзіне коғамнан қайтарады. Барлығының жағдайы тең, ешкімнің де артықшылығы, жеңілділігі жок, әрбір адам бүкіл қоғамды мойындап, оның талаптарына көнгенмен, жеке қайсыбір адамға тәуелсіз болады, әрбір адам біртұтас қоғамның ажырамас бөлігіне айналады. Сонымен қоғам өмірінде әрбір адам өзінің күш-қуатын сезінеді, адамдар жеке тұлға, дене ретінде теңсіз болғанымен, моральдық, кұқтық теңдікке ие болады. Қоғамдағы шығарылған заңдардың кайнар көзі - халық. Егерде бірде-бір заң халықтың пікірінсіз және дауысын берусіз жарыкка шықса, онда ол заң емес, ол - бұйрық. Халықтың билігін қамтамасыз ететін ұйым - ол халықтың құрылтайы. Ол заңмен бекітілген уақытта жиналып, «қоғамдық шарттың бұзылмауын бақылап отыруы кажет, өйткені ол шарттың ыдырап кету себептері әрқашан сақталады». Олар: а) әрбір өкіметтің өзін әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады; в) азаматтардың біршамасының ізгілік жолынан ауытку мүмкіндігінен; с) жеке мүдделердің дамып, жалпы мүдденің шеңберін қысуынан; д) мұндай жағдайда «жалпы мүддені» өзгертіп, адамдарды алдап кету қаупі туады; Қоғамдық шартты сақтап қалудың бірден-бір жолы, Руссоның айтуына қарағанда, ол - халықты ағарту, оған әрқашанда дұрыс жолды көрсетіп отыру. Руссо адамды тәрбиелеу мәселелеріне де көп көңіл бөледі. Тәрбиелеу дегеніміз - табиғаттың адамға берген туа біткен дарындарын бірте-бірте дамытып, гүлдету. Адамға еріктікті сүю, тәуелсіз пікір айту сезімдерін қалыптастыру -- қажетті нәрсе. Мәселені нақтылай келе, Руссо баланың тәрбиесін 4 сатыға бөледі: туғаннан екіге дейін - негізінен, оның дене тәрбиесіне басым көңіл бөлінуі керек; екіден он екіге дейін - сезім мен көңіл-күй тәрбиесі жүруі керек; он екіден он беске дейін - баланың ақыл-ойының дамуына басым назар аударылуы қажет; он бестен он сегізге дейін - баланы адамгершілік жолына қою керек. әсіресе осы соңғы «дауыл мен іңкәр» сатысына көп көңіл бөлінуі қажет. Тәрбие жолында тікелей зорлық жасамай, баланың дамуына астыртын ықпал жасау керек. Әсіресе оның қалыптасып жаткан еріктік сезімін аялау қажет. Тәрбие жолында еңбек етуге үйретудің орны ерекше. Ізгілікті сүю үшін балаға ізгілікті істерді жасату керек. Тәрбие жолында баланың денесі мен ақыл-ойының дамуы бір-біріне ауысып, қатар жүріп отыруы керек. Руссо өз заманын ондаған жылдарға озып, болашақ ұрпақтарға зор әсерін тигізді. Руссоның қоғам, адам, мораль т.с.с. жөніндегі көп идеялары біздің ғылыми-техникалық революция жүріп, экологиялық дағдарысқа әкеліп жатқан заманға да өзекті де, мазмұнды. Жоғарыдағы айтылған ұлы француз ағартушыларының қатарына басқа да сол замандағы ойшылдарды кіргізуге болады. Егер Кондильяк (1715-1780 жж.) қайсыбір ой өрісі түйсіктер берген деректердің негізінде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмірінде күнбе-күнгі өмір бейнеленеді деп есептесе, Ламетри (1709-1751 жж.) өзінің емдеу тәжірибелеріне сүйене отырып, адамның ұйықтап жатып көрген түсі, иә болмаса ауырып, есінен танып жаткандағы сандырағы жан-дүниенің толығынан мимен байланысын көрсетеді, - деген пікірге келеді. Гельвеций (1715-1771 жж.) де осы көрсетілген тұрғыдан мораль мәселелерін қарап, адамның қайсыбір ләззат алу формаларының негізінде сезім толкыны жатыр, ал кейбір адамдардың өзімшілдігіне келер болсақ, оны тәрбиенің негізінде түзеуге болады деген пікір айтады. Гольбах (1723-1789 жж.) өзінің «Табиғат жүйесі» деген көлемді еңбегінде: «Өзімен-өзі өмір сүріп жатқан табиғат дүниедеге барлық құбылыстардың себебін құрайды», - деген батыл да терең пікірге келеді. Табиғат дегеніміз — орасан зор шеберхана. Материяның негізгі өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Ал тарту мен инерция материяның ең терең табиғи қасиеттері. Өзінің әлеуметтік философиясында ғалым адамдарды азаматтылыққа, заңға көнуге, елді корғауға, қайсыбір саясаттағы озбырлыққа карсы күресуге, жоғары мәдениетті басқару жүйесін орнатуға шақырады. Мораль саласындағы негізгі құндылықтарға ол ізгілік, ақиқат, зердені жатқызып, тек соларға ғана табынуға болады деген пікірге келеді. Ол қайсыбір діни көзқарастарды қабылдамай, діни надандыктан арылуға шақырады. Дидро (1713-1784 жж.) - ұлы француз ағартушыларының бірі. Оның басшылығы мен ұйымдастыру қабілетінің арқасында XVIII ғ. «Француз энциклопедиясы» басылып шыға бастады (салыстырыңыз: Қазақ совет энциклопедиясы XX ғ. 70-ші жылдарында жарық көре бастады). Онда сол кезге дейін жиналған ғылыми деректердің негізінде дүниеге жаңа көзқарас, жаңа саяси, құқтық, гуманистік идеялар дүниеге келіп, кеңінен қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына өзінің өшпес ізін қалдырды. Негізгі еңбектері: «Табиғатты түсінудегі ойлар жөнінде», «Д'Аламбердің Дидромен сухбаты», «Материя мен қозғалыстын философиялық принциптері» т.с.с. Егер француз ағартушыларының көпшілігі деистік көзқараста болса, Дидро өзінің философиялық көзкарастарында таза материалистік бағытқа көшеді. Дүниедегі субстанция біреу ғана - ол материя, ал оның себебі өзінің ішінде, сондықтан оны түсініп, тану үшін ешқандай Құдай идеясы керек емес. Материяны ешкім жаратқан жоқ, ол өзінің даму заңдылықтарының негізінде мәңгілік өмір сүріп жатыр. Дидро материяның өмір сүру тәсілін козғалыстан көреді, сондықтан оларды бір-бірінен ажырата алмаймыз. Бүкіл табиғат мәңгі қозғалыста, бір нәрселер жойылып, екіншілері онын орнына келіп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы: ол материяның өзіндік ішкі күштерін мойындап және оның қайнар көзін ішкі қайшылықтардан іздейді. Адам мәселесіне келер болсақ, Дидро оны басқа тіршіліктер сияқты өзінің қалыптасу, жетілу тарихынан өтті деген пікірге келеді. Адамның санасы ол Құдайдың оған берген сыйы емес, ол -материяның даму жолында пайда болған құбылыс. Ол тіршіліктің күрделену жолында пайда болады. «Қоғамдық шарт» теориясына сүйене отырып, Дидро корольдің билігінің Құдай берген билігі жөніндегі сол кездегі кең тараған пікірге қарсы шығып, оны әшкерлейді. Ол конституциямен шектелген монархияны жақтап, ағарған биліктің қажет екенін көрсету жолында талай ойларды козғайды. Адамның өзімшілдігін мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен тежеп, баскалардың да мүдделерін түсініп, адам өзін-өзі тежей, шеңберлей алатын дәрежеге көтерілуі керек деген гуманистік ойларды келтіреді. Қорыта келе, біз француз ағартушьшарыньщ философия тарихындағы алатын ерекше орнын тағы да атап өткіміз келеді. Олардың айтып кеткен көп ойлары осы күнге дейін өзінің өзектілігімен бізді таңғалдырып, ішкі дүниемізде шабыт оятып, жаңа ой-пікірлерді тудырады. Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 1. Ағарту философиясының негізгі ерекшеліктері. 2. Деизм дегеніміз не? 3. Дж.Пристлидің саяси және азаматтық бостандықтардың өзара байланысы жөніндегі идеялары. 4. А.Шефтсберридің мораль жөніндегі ойлары. 5. Дж.Беркли субъективтік идеалистік көзқарасын қалай негіздейді?
6. Ш.Монтескьенің «заңдық көзқарас» жөніндегі ойлары. 7. «Географиялық детерминизм» дегеніміз не? 8. Ж.Ж.Руссоның теңсіздіктің пайда болу ы жөніндегі идеялары. 9. Ф.Вольтердің христиан дінін сынауы.
Date: 2016-05-18; view: 801; Нарушение авторских прав |