Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Философия тарихы дегеніміз не?
Философия б.ғ.д. ҮІ-Ү ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қалынған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы. Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі - Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан Кон-фу-Цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді. Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, III ғ. өмір сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді. Д. Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері», С.Эмпириктің «Ғалымдарға қарсы» деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірибесінің ерекшелігін байқаймыз. Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе тарихтағы болған ұлы философия еңбектеріне жасалған комментарийлер (түсініктер) арқылы көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын тек қана араб тіліне аударып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің кең түсініктемелерінде оларға баға беріп, басқа грек ойшылдарының еңбектерімен салыстырып, олардың бір-бірімен сабақтастығын қөрсете білді. Алайда Гегельдің еңбектеріне дейін ХҮ-ХҮП ғ.ғ. философия тарихтарында бұл пән әлі белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ, оның ішкі байланыстары, қисыны әлі ашылған жоқ-ты. Гегель өзінің «Философия тарихы жөніндегі лекцияларында» адамзаттың философиясындағы ой-пікірдің тарихи бір-бірімен сабақтастығы, әрбір дәуірдің белгілі соған сәйкес философия ой-өрісін туғызатындығы, сонымен қатар сол дәуірдің шеңберінде шектелетіндігі, келесі дәуірдегі ойшылдардың өз заманына сәйкес бұрынғы көзқарастарды дамытатындығы айқындалды. XIX ғ. екінші жартысында пайда болған марксизм ілімі философия тарихын таптық тұрғыдан қарап, бұл пәннің шенберінде қалыптасқан материализм және идеализмағымдарының күресі - осы ғылымның өзегі деп есептеді. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсінудің негізінде, олар «философия ой-өрісі дамуының ең түпкі қайнар көзі - өндіргіш күштер, соған сәйкес ғылым мен техниканың дамуында» деген терең пікір айтты. XX ғасырдағы ойшылдардың көпшілігі философия тарихындағы тарихи сабақтастықтан гөрі, әрбір қалыптасқан философиялық жүйенің ерекшеліктеріне, соны тудырған тарихи тұлғаның кайталанбауына, оның дүниетанымы мен сезімінің оқшау тұрған рухани құндылық екендігіне аса көңіл аударды. Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі заңдылықтары бар. Әр философ, қайсыбір адам сияқты, өз дәуірінің тұлғасы, сондықтан оның ой-толғауында сол заманның мұң-мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі көрінбей қоймайды. Әрбір географиялық аймақтағы тұратын халықтардың сол жерге мыңдаған жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүниетанымы мен дүниені түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны ғылымда менталитет деген ұғыммен береді. Сондықтан біз Шығыс, Батыс философиясы, Африка, Америка т.с.с. философиясы деп оларды ерекше қараймыз. Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тарихына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ол Дүниеге деген көзқарастың көптүрлілігі, ішкі және сыртқы жағына шексіз Дүниені танып-білудегі кемеліне келген соңғы ақиқаттың үзілді-кесілді түрде болмауы. Сондықтан соңғы ақиқат — ешбір философиялық ағымда, ешбір аса ірі тұлғаның қолында жоқ және ол болашақ тарихта да болмайды. Бұл философияның іргетасты ерекшелігі тарихтағы пайда болған әр философия ағымының, әр ірі тұлғаның дүние сезімінің, тебіренісінің қайталанбауын, оның орны бөлек рухани құндылық екенін көрсетеді. Сондықтан әрбір философиялық ағымның ішінен бүгінгі таңда бізге керек даналық пікірді, көзқарасты табуға болады. Мысалы, көне замандағы Шығыс ойшылдарының «ортаңғы жолымен жүру» қағидасы бүгінгі таңдағы біздің «біржақтылығымыздың» қателігін көрсетпей ме? Көшпенділердің Дүниеге деген көзқарасындағы табиғатты аялау, оған табыну қажеттігі бүгінгі таңдағы Дүниені қайта өзгерту жолында экологиялық дағдарысқа келіп тірелген адамзатқа қаншалықты қажетті десеңізші!!! Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі ахимсаны (ешқандай тіршілікті зәбірлемеу) алсақ, оның мән-мағынасы да осы уақытқа шейін соғыстан құтыла алмай келе жатқан адамзатқа сабақ болатындай. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді. Қорыта келе, біз оқырманды философия тарихын жете игеруге шақырамыз. Оның шеңберінде телегей-теңіз дана ойлар, нәзік дүниесезімді, таңғаларлық ой-өрістерін табуға болады. Ол сіздің өзіңіздің ой-өрісіңізді кеңейтіп, Дүниеге терең көзқарас қалыптастырып, өміріңіздің терең мән-мағынасын табуға көмектеседі. Ендеше сол философия тарихына саяхатымызды бастайық. Date: 2016-05-18; view: 1441; Нарушение авторских прав |