Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 12: Тәжікстан Республикасы





Тәжікстан мемлекетінің территориясы ежелгі уақыттан бері белгілі. Мемлекет 1924 жылы 14 қазанда қалыптаса бастады.Басында Өзбек ССР құрамындағы Тәжік АССР болды. 1929 жылдың 5 желтоқсанынан бастап Одақтық Республика болып қалыптасты. Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуы Кеңес уақытында күрделі жағдайлардан өтті. 1924-1928 жылдары Тәжікстан мемлекетінде жер-су реформасы жүргізілді.

Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуы мемлекеттің солтүстік және орталық бөлікткерінде ауыл шаруашылығының дамуына байланысты болды. Оған дейін көп аймақтар егін және мал шаруашылығымен айналысты. Соғысқа дейінгі жылдары мемлекеттің аумағы 12 есеге үлкен болған. Бұл уақыттарда мемлекетте үлкен және Солтүстік Ферғана каналдары салынды. Бұл каналдар мемлекетті және көрші Өзбекстан мемлекетін сумен қамтамасыз етті.. Ұлы Отан соғысы уақытында Гисар каналы салынып бітті.

Тәжікстан мемлекеті өнеркәсіптерінің көбісі Кеңес үкіметі уақытында салынған. Соғыстан кейінгі уақытта да машина жасау, түсті металлургия өндірітін өнеркәсіптер, құрылыс материалдары өндіріле бастады. Осыған байланысты 1980 жылы Дангер қаласында канал салынды.Тәжікстан мемлекеті КСРО-ның құрамында 1991 жылдың тамыз айына дейін болды. 1991 жылдың 9 қыркүйегінде болған Жоғары Кеңес сессиясында Тәуелсіз мемлекет болып бөлінді.

2000 жылдық қазан айында Тәжікстан Евразия экономика Қоғамдастығымен келісім шартқа отырды.

2. КСРО құлағаннан кейін ұзақ уақыт бойы Тәжікстан мемлекетінде президенттік басқару формасы болмады. Мемлекет басшысының міндетін Жоғары Кеңес орынбасарлары атқарды, ал заң шығарушы орган Жоғары Кеңес болды. 1990 жылдың ортасынан бастап мемлекетті президент басқарды. 1999 жылдың аяғында Жалпы халықтық референдумда Кониститутцияға біршама өзгерістер енгізілді. Президенттің мемлекетті басқару уақыты жеті жылға ұзартылды. Бір палаталы парламенттің орнына екі палаталы парламент құрылды. Билікті атқаратын жоғары орган – Үкімет, заң шығарушы және оны тағайындаушы президент болды.

КСРО құлағаннан кейін Тәжікстан өз тәуелсіздігін қабылдады, осы жылдары азаматтық келіспеушілік халықты көп өлімге душар өтті. Көптеген оппозициялық партиялар(заңның нәтижесінен жұмысын тоқтатты. Негізгі саяси партиялар Тәжікстанның Демократиялық партиясы, Халықтық Демократиялық партия, Халықтың Бірлік партиясы және т.б Әкімшілік территориялық бөліну. Әр түрлі периодтағы Кеңес тарихында әкімшілік бірлік келесі обылыстарға бөлінді – Соғды және Памир, Таулы – Бадақшан автономиялық облысы. 1990 жылдың ортасында Кулябск және Қорған-Тюбенск облыстары пайда болды. Душанбе маңайындағы аймақтар және Сурхоб өзенінің ағысының жағалауында халықтар орталық билікке бағынды. Қазір мемлекетте Таулы-Бадақшан автономиялық облысы, Соғды және Хатлон облыстары, сонымен қатар республикаға бағынатын аймақтар иен қалалар ғана бар.

3 Памир тауын барлық Евразияның орографиялық желісі деп атайды. Мұнда континенттік тау жүйелерінің көп бөлігі кездеседі. Тәжікстанның геосаяси орналасуы өте күрделі.

Тәжікстан мемлекеті – Ресей Федерациясының үшінші қатарлы шекаралас мемлекеті болып табылады. Мемлекеттің географиялық орналасуы Дүние жүзілік мұхиттардан алыс орналасуында. Бұл территориядағы шаруашылықтың дамуына көптеген қиыншылық туғызады.Тәжікстан мемлекетінің шекарасының сыртқы көрінісі күрделілігімен ерекшелінеді. Батыс және солтүстік батыстан, шығыс және оңтустік шығысқа дейінгі максималды ара қашықтығы 725км дейін жетеді. Мемлекетпен Ұзақ шекаралас жатқан - Өзбекстан Республикасы


Тәжікстанда таулы аймақтар мемлекет территориясының 93 пайызын алып жатыр, таулардың жартысынан көбі 3000м асады. мемлекеттегі ірі өзендер - Сырдария, Амудария өзендері болып табылады.Климаты шұғыл континентті. Маусым айының орташа температурасы 20 дан 30 градусқа дейін жетеді, ал қаңтар айының орташа температурасы -1 ден 3 градусқа дейіе жетеді. Жылдық орташа жауын-шашын 150-300мм. Оңтүстік батыста жылдық жауын шашын 700мм дейін жетеді.

Өсімдіктері шөлді, шөлейтті, биік таулы аймақтарға тән келген. Кесірткенің 22 түрі мекендейді, соның ішінде далалы агма, сұр баран, жыланның 12 түрі мекендейді, оның ішінде кездесетіндері қасқыр тісті жылан, орта азиялық кобюра, грюза жіне т.б.

Рельефі. Тәжікстанда таулы мемлекет деп атауға болады, мұнда өзен ағындылыры биік таулы аймақтармен, жоталармен өтеді. Бұл жоталар тау жүйелерін біріктіреді.Геологиялық уақыты өте ұзаққа созылған рельефтер күрделі түрде қалыптасқан. Ал кейбір рельеф типтері кейінгі тектоникалық және денудациялық процестердің нәтижесінде пайда болған.

Тәжікстан территориясының 9дан 10 бөлігін таулы аймақтар алып жатыр. Соның ішінде үлкен аумақты Алай тау жүйесі алып жатыр. Мемлекеттің солтүстігінде Солтүстік – батыс Тянь-Шань жоталары алып жатыр.Оңтүстік шығысын Ұлы Памир таулы қыраты алып жатыр. ТМД-ның ең биік нүктесі – Исмаил Сомони шыңы. Мұндағы ең ұзын мұздық Федченко мұздығы болып табылады.Климаты. Құрлықтың ортасында қоңыржай және субтропикалық белдеуде орналасқан. Территориядағы құрғақшылықтың негізгі себебі Күн радиациясының көп түсуі және бұлтсыз аспанның болуы. Қыс айларында Тәжікстан территориясында екі түрлі ауа массалары әсер етеді – суық және құрғақ. Оңтүстік аймақтарда орташа қаңтар ауа мпературасы -2 градусқа дейңн төмендейді, ал таулы аймақтарда -10-12 градусқа дейін жетеді.

Тәжікстан мемлекеті үшін су жағдайы бірінші орында тұр. Суды суармалы егін үшін және электр энергиясын алу үшін көп пайдаланады. Негізгі өзендерге су каналдары салынған.


4. 1992 жылы болған саяси түсінбеушілік және азаматтық соғыстан кейінгі мемлекеттің экономикалық жағдайы қиыншылыққа ұшырады. Қиыншылықтан шығу үшін көршілес инвесторларды сақтап қалу керек болды. Тағы бір қиыншылық табиғи ресурстар территория бойынша көп өндірілмеді.Тәжікстан мемлекетінің өнеркәсібінің дамуы негізінен социализм уақытынан басталған. 1990 жылдың аяғында бірінші орында түсті металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі болып алды.Түсті металлургия мемлекет үшін бағалы өнім болып табылады. Бұл оның негізгі экспорттық өнімі. Ең ірі өнеркәсібі болып – Турсунзаде қаласындағы Тәжікстан аллюминий заводы. Жылына 517 млн.т аллюминий өндіріледі. Полиметалл рудалары Алтын-Токкан жерінде өндіріледі. Исфазин гидрометаллургиялық заводтан тұз өнімдерін алады. Электроэнергетика – Тәжікстан өнеркәсібінің негізгі өнімдері Вахи өзенінде Нурекс, Байказин СЭС тері бар. Химия өнеркәсібіне келетін болсақ, Яван электрохимиялық заводы сұйық хлор және хлордың әр түрлі қоспаларын шығарады. Бұл кешенмен бірге Вахшы азот заводы жұмыс істейді. Отын өндірісі жеке қажеттіліктер үшін пайдаланылады. Көмір Шурах шахтасында өндіріледі. Негізінен көп өндірілетін тас көмір болып табылады. Негізінен мұнай өндіруден мемлекет ТМД бойынша соңғы орында тұр. 2000 жылы 20 мың тонна мұнай өндірілді.

Ауыл шаруашылығында өнім алатын жерлер аса көп емес. Мемлекет бойынша жалпы аумағы 32 пайызды құрайды. Бұл КСРО бойынша ең төмен көрсеткішті көрсетеді. Тәуелсіздік алған жылдары жер шаруашылығында көптеген өзгерістер енгізілді. Негізінен бұрындары КСРО бойынша мақтаның 10 пайызын берген.

Мал шаруашылығына келетін болсақ таулы аймақтарда қой шаруашылығымен көп айналысады. Мал шаруашылығымен айналысатын жерде тігін өнімдері де дамыған. Бұл аймақтар халықты сүт және ет өнімдерімен қаматамасыз етеді, ал тамақ жергілікті қажеттіліктер үшін ғана өндіріледі.2005 жылдың қаңтар айының санағы бойынша халық саны 6127 мың адамды құрады. 40 жыл ішінде Тәжікстан мемлекетінің халық саны үш есеге көбейген. Мұндай деңгейге көтерілу ТМД мемлекеттерінің ішінде бірде бір мемлекетте болмаған. Халықтың тез өсуі Тәжікстан мемлекетіне тән. 1989 жылы 32,2 промиллді құрады. Өлу қарқыны 1994 жылы 7,3 промиллді құрады.

Мәселен 1989 жылы 1000 ер адамға 1013 әйел адамнан келген. Ал 2000 жылғы мәлімет бойынша ер адам саны 0,988 әйел адамнан келген. Мемлекетте халықтың орналасу тығыздығы 1км шаршы шақырым жерге 42,8 адамнан келген. Тәжікстан негізінен көп ұлтты мемлекет болып келген. Негізгі мемлекеттік тіл – тәжік тілі. Жалпы халықаралық қатынас тілі орыс тілі болып табылады.Санақ бойынша тәжіктерден кейінгі екінші орында өзбектер 23,5 пайыз, одан кейін орыс, қырғыз, татарлар.Мемлекетте 22 қала, 49 қала типтес поселок бар.

 

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,19,21,22,23,24,25,26]

 







Date: 2016-05-18; view: 1642; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию