Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 13: Қырғызстан Республикасы
Қырғызстан жайлы жалпы мағлұмат. 31 тамыз 1991 жылы Қырғызстан өз тәуелсіздігін алған болатын. 5 мамыр 1993 жылы республика Конституциясын қабылдады. Қырғызстан Орталық Азияның орта бөлігінде орналасқан. Негізінен Тенир-Тоо территориясының көп бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде және солтүстік – батысында республика Қазақстанмен шектеседі, шығысында, оңтүстік – шығысында Қытаймен, оңтүстігінде және оңтүстік – батысында Тәжікстанмен, батысында Өзбекстанмен шектесіп жатыр. Батыстан шығысқа қарай 900 км-ге дейін созылып жатыр.Ал солтүстіктен оңтүстікке шейін 415 км-ге дейін. Қырғызстан Республикасының жалпы шекара ұзындығы4508 км, шамамен 39° және 43° солтүстік бойлықтың аралығында.Қырғызстан — биік таулы мемлекет. Республика территориясының 90%-нан астамы 1500 м биіктікте, оның орташа биіктігі 2750 м, ең биік нүктесі — 7439 м(Победа шыңы), ең төмені - 401 м (Лейлек ауданы). Климаты континентальды. Өзендердің көбісі Сырдария жүйесіне кіреді, және де халық шаруашылығында алатын орны ерекше (суаруға пайдаланады). Республика территориясында өзендер көп, оның ең ірісі – Ыстықкөл (ауданы 6236 км2 ). Қырғызстан ауданы 198,5 мың км2. Халқы 4822,9 мың адам (1999 жылғы санақ мәліметі бойынша), қырғыз ұлтты адамдар саны 3128 мың адам. Қырғызстанның 35%-нан астамы қалалық елді – мекендерде, ал 65% — ауылдық жерлерде қоныстанған (1999 жылғы мәлімет бойынша).Қырғызстан көп ұлтты, унитарлы мемлекет. Қырғызстан территориясы әкімшілік бөлінісіне қарай 7 облысқа бөлінеді: Баткен, Жалал-Абад, Нарын, Ош, Талас, Шу, Ыстықкөл. Әр облыс кішігірім аудандарға бөлінеді. Республика бойынша — 40 әкімшілік аудандар, 22 қала бар. Республика астанасы – Бішкек қаласы. Бұл қала республиканың солтүстігінде, теңіз деңгейінен есептегенде 700-900 м биіктікте орналасқан (Шу жазығының орталығында). Бішкек — Орталық Азияның және Қырғызстанның ірі қалаларының бірі. Ауданы 15,7 мың гектар. Халқы 762,3 мың адам (1999 жылғы мәлімет бойынша). 4 әкімшілік – территориялық аудандарға (бірліктерге) бөлінеді. 1825 жылы бекініс ретінде қаланған, ал 1878 жылы уездік астаналық қала мәртебесі берілді.1924 жылдан бастап Қырғыз автономды облысының саяси - әкімшілік орталығы мәртебесі берілді. 1926 жылдан бастап Фрунзе қаласы болған, 1991 жылы оның тарихи атауы қайта қалпына келтірілген (Бішкек). Халқы. 19 ғасырдың орта кезіне дейін Қырғызстан территриясында негізінен қырғыздар мекен еткен. Көшпенді халық болғандықтан, олар тек қана мал шаруашылығымен ғана емес, жер өңдеумен де айналысқан. Осы уақытта қырғыз халқының өсуі төмен болған.. 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап Қырғызстан халқының этникалық құрылымы интенсивті түрде өсе, өзгере бастады. 50-жылдардан кейінгі Қырғызстан индустриясының көтерілуіне Ресейден келушілер саны көбейді. Осының салдарынан қырғыз ұлтты халықтың көрсеткіші күрт төмендеген (1970-43,8%, 1979-47,9%). 1992— 1999ж.ж. Қырғызстанға 436,5 мың адам көшіп келді. 1999 жылы жалпы халық санында қырғыздар 64,8%-ды құрады.
Жалпы санақ бойынша халық көрсеткіші (мың адам)
1989 жылғы санақ бойынша Қырғызстан халқы 4257,7 мың адамды құрады, ал 2000 жылы— 4895,2 мың адам. Халқының орташа тығыздығы 1 км2 –қа 24 адамнан келеді. Қырғызстан халқы көп ұлтты. Мұнда 90-нан астам ұлттар, этникалық топтар мекен етеді. Өнеркәсібі.Қырғызстан өнеркәсібінің қалыптасуы Қазан революциясына дейін дамыған. 1913 жылы өнеркәсіптік өндіріс 3%-ды құрады. Ресей империясының тәуелділігінде 1 адамға 16 дан төмен өнеркәсіп өнімдері шығарылатын. Революцияға дейін 1 конфет фабрикасы, 2 сыра, 11 мельница, май шығаратын зауыт, шырын шығаратын зауыттар болды. Осы өнеркәсіптерден шығарылатын жалпы өнімі 175 мың рубльды құрады, жұмысшылар саны 150 мың адамнан асқан. Ауданда бірнеше жүн өңдеу және т.б. өнеркәсіптер жұмыс жасаған. 5 кіші мемлекеттік электростанциялар жұмыс істеген, жалпы қуаттылығы 265 кВт. Алтын, озеокрит және темір купорисін өңдеуде бірнеше таулы – металлургиялық өнеркәсіптер болған. Пайдалы қазбаларды республикада мардымсыз қолданылған болатын. Мемлекет территориясында уақытша жұмыс жасайтын кірпіш заводы, 1 ізбес заводы жұмыс істеген. Отын өнеркәсібінен 27 көмір шахталары, 2 мұнайлы аудандарда 55 адам жұмыс жасады. Қазан революциясынан кейін өнеркәсіп дамуында халық шаруашылығының құрылысы дами бастады. 1913—1981 ж.ж. бастап өнеркәсіп өнімдері 379 есе өсті. 1940—1980 ж.ж. бастап республикадағы орта жылдық өнеркәсіптің өсуінен жалпы өнім көрсеткіші 10,2%-ды құрады. 1980 жылы республика өнеркәсібіне жалпы өнімнің 55,6%-ды құрады. Жалпы республика өнеркәсібі 130 салалардан және бұл салалар кіші салаларға бөлінеді. Бұл салалардағы өндіріс өнімдері үнемі өсіп отырды. Мысалы, машина жасау саласында 200 түрден астам өнім шығарылған. Қырғызстандағы өнеркәсіптің дамуы жұмысшы халыққа жағымды әсер етті. 1980 жылы республикадағы жұмысшылар саны 197 мың адамды құрады (1913 жылы — 2,5 мың адам). Халық шаруашылығында жұмыс істейтін жоғыры білімді азаматтардың жалпы саны 11%-ды құрады, орта білімді өнеркісіп жұмысшылар саны 20%-ға жетті. 1996—2000 ж.ж. өнеркәсіп өнімдері жыл сайын өсті. 1996 жылы 32,8%-ды құрады, 2000жылы — 62,4%. Отын өнеркәсібінде - 74,8%, түсті металлургия және энергетика - 532,6 және 114,4% (1990 жылғы көрсеткіштен жоғары). В 2000 жылдан бастап электроэнергетика — 122,0, түсті металлургия — 108,6, құрылыс материалдары — 104,7, жеңіл өнеркәсіп — 114,1 және тамақ өнеркәсібі — 107,2%-ды құрады. Осыған қарамастан 2000 жылы 53 өнеркәсіп істен шыққан. Экономикасы. 1992 жылдан 2000 жылға дейін Қырғызстан 1,7 миллиард доллар көлемінде сыртқы эквивалент көмегі ретінде қаржылай көмек алған, әр адамға 370 доллар деп есептеген.1991 және 1995 ж.ж. - өндірісте жұмысшылар саны қысқарды, халықтың 50%-нан астамы жұмыссыз қалды. 1996 және 1999 ж.ж. аралығында Қырғызстан экономиасы тұрақтанды. 1998 - 1999 ж.ж. экономикалық кризис арқасында мемлекет көп зардап шекті.2002 ж.ж. инфляцияның төмендеуі, бюджет дефицитінің қысқаруы, валюта айырбастау курсының тұрақтануы, бірақ мұнымен бірге сыртқы қарыз мәселесі туындап отыр. 1996 жылдан бастап қырғыз экономикасы орта есеппен 4.7%-ға өсті.Қазіргі уақытта экономика бірнеше фундаментальды өзгерістерден өтуде.Инвестиция көлемінің көбеюі. Инвестицияның негізгі капиталы 2002 жылы тек қана 17% ішкі жалпы өнімді құрады, бұл дамушы мемлекетке өте аз. Орта және кіші ауыл шаруашылық бизнесін дамыту қажет. Бұл секторлар ең тиімді болып табылады. Қырғызстан Республикасының экономикасының жоғарлауы 2004 жылдың бірінші кварталында 5,7 процентті құрады. Экономиканың дамуына алтынды өңдеу «Кумтор» орны, оған тиесілі ішкі жалпы өнімнің 1,1 проценті. 57 процентке импорт көлемі өсті. Мұның ішінде мұнай өнімдерін импорттау жоғарлады. Маусымдық өзгерістерге байланысты орта айлық 6,1 процентке өсті, 2003 жылғы көрсеткіш бойынша орта есеппен 44 АҚШ долларын құрады.Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтарындағы Жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,4 пайызды құрады. Қырғызстанда ағымдағы жылдың қаңтарындағы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,4 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының экономика және қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қырғызстанның Жалпы ішкі өнімінің номиналдық көлемі 6,7 млрд. сомды құрады. Жалпы ішкі өнімнің өсуінің бәсеңдеуін экономика және қаржы министрлігінің сарапшылары Құмтөр алтын кенін өңдеу кәсіпорындардағы өнім мөлшерінің (39,5 пайызға) төмендеуімен түсіндіреді.Құмтөр алтын кенін өңдеу кәсіпорындардағы өнім мөлшерін есепке алмағанда экономикалық өсім қызмет көрсету саласының тұрақты жұмыс істеуінің (10,1 пайызға өсуі), құрылыс (14,3 пайызға) және аграрлық секторлардың (2 пайызға) өсуі есебінен 7,2 пайызды (2006 ждылдың қаңтарында - 8,5 пайыз) құрап отыр. 2007 жылдың қаңтарында сомның АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы 1,3 пайызға құнсызданып, 2007 жылдың қаңтар айының аяғында бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 38,62 сомды құрады. Құмтөр кенін өңдеу кәсіпорындарында өнім мөлшерінің 39,5 пайызға қысқарғандығының салдарынан Қырғыстан экономикасының өнеркәсіп саласындағы өндірістің құлдырауы 6 пайызды құрады (өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда - 8,3 пайызға төмендеген). Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 4,2 млрд сомды құрап отыр.Құмтөрді есепке алмағанда өнеркәсіптің өсімі 6,4 пайыз деңгейіне жетті (2,7 пайыз), бұл негізінен азық-түлік өнімдерін өндірудің (15,1 пайызға), басқа да металл емес өнімдерді өндірудің (41,1 пайызға), электр қуатын өндірудің (2,7 пайызға), электрлі машиналар мен электр жабдықтарының (3,1 пайызға) өсуі есебінен болып отыр. Өндірістік кәсіпорындардың үлесі (Құмтөрді қоспағанда) өнеркәсіптің жалпы көлемінің 77 пайызды құрайды, және де 2007 жылдың қаңтарында олар 3,3 млрд. сом көлемінде өнім өндірген. Сонымен қатар, 2007 жылдың қаңтарында Қырғызстандағы негізгі капиталға салынған инвестицияны игерудің өсу екпінінің бәскеңдегені байқалады. Оның көлемі 239 млн сомды құраған, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 пайызға артық (2006 жылдың қаңтарында - 33,9 пайызға өскен), бұл негізінен ішкі инвестицияны пайдаланудың өсуі есебінен (96,3 пайызға). Сонымен қатар, халық қаржысының (2,6 есеге), сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы (2,4 есеге) есебіндегі негізгі капитал инвестициясы да өскен.Есеп беру кезеңінде елдегі сыртқы инфестиция шетелдік несиелер көлемі (81,6 пайызға құлдыраған) мен гранттар (99 пайызға), тікелей шетелдік инвестициялардың (74,5 пайызға) төмендеуі есебінен айтарлықтай қысқарған (84 пайызға). Қаңтарда Уч-Құрған су электр станциясына, Тараз - Талас - Суусамыр, Бішкек - Қордай көлік жолдарын реаблитациялауға негізгі капиталға салынған инвестициялар пайдаланылмаған, Таш-Құмырск, Шамалды - Сайск су электр станциясына негізгі капиталға салынған инвестициялар өте төмен қарқынмен игерілген.Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны айдың аяғында 73,7 мың адамды құрап, өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен (2006 жылдың қаңтарында - 19,7 пайызға өскен). Қырғызстанда өткен жылы орташа айлық еңбек ақының нақты өсуі 12,7 пайызды құраған, яғни бұл көрсеткіш 3059 сомды құрап отыр. 2006 жылғы сыртқы сауда айналымы 2727,2 млн АҚШ долларын құрап, 46,4 пайызға өскен. Тауарлардың экспорты 796 АҚШ долларын құраған, бұл жеміс-жидектер мен көкөністердің, терілердің, электр қуатының, цементтің, мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорттық тасымалдануының есебінен 18,1 пайызға өскен. Тауарлар импорты 1931,2 АҚШ долларын құраған, бұл негізінен мұнай өнімдерінің, электр байланыс және дыбысжазбаларының аппаратуралары мен жабдықтарының, киім-кешек, қант, көгілдір отын, нақты салаларға арналған машиналар, автокөліктердің тасымалдануының өсуі есебінен 62,5 пайызға өскен. Импорт көлімінің экспорттан оза өсуі 2005-жылы сауда балансының кері сальдосының $541,7 млн-нан 2006-жылы $1135,2 млн-ға дейін өсуіне алдып келді. Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,18,18,19,20]
Date: 2016-05-18; view: 1954; Нарушение авторских прав |