Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 5: Украина Республикасы





Украина Европадағы территориясы, халқының саны жағынан ірі мемлекеттер Франция, Испанияға ұқсас болып келеді. Территориясы Германия, Ұлыбритания, Италия тәрізді ірі мемлекеттерден екі есе дерлік үлкен. Мемлекет аймақтың оңгүстік - шығысында орналасқан. Халқы шығыс славян халықтары құрамына кіреді (орыстар, белорустар, украиндар). Территория табиғат ресурстарына (пайдалы қазба, су ресурстарына, орман, отын - энергетикалық, еңбек ресурстарына) бай. Украина территориясының ұзындығы солтүстіктен (52° 22' 54" с.е. Петровка Чернигов обл.) оқгүстікте (44° 23' 18" с.е. Сарыч мүйісі)- 93км, ал батыетан (22° 08' 42" ш.б. Чоп қаласы) шығысқа (40° 13' 05" ш.б. Красная звезда Луган обл.)-1300км созылып жаттыр. Батысында Полышамен (шекара ұзындығы-543км), Словакия (шекара ұзындығы-99км), Венгрия (шекара ұзындығы-135км), Румыниямен (шекара ұзындығы-624км), оңтүстік-батыста Молдавиямен (119км), солтүстікте Белоруссиямен (975км), солтүстік-шығыс жэне шығыста Ресеймен (2063км), жалпы шекара үзындығы 563 км, жағалаулық сызық ұзындығы Қара және Азов теңіздерімен 2835км

Украина жеке мемлекет ретінде 1991жылы 24тамызда тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, республикалық басқару формасындағы мемлекет болып қалыптасты. Мемлекет басшысы-президент. Жоғары басқарушы орган, заң функциясын атқарушы-парламент (Жоғарғы Рада). Жоғарғы атқарушы орган- Министірлер Кабинеті.

Негізгі саяси партиялар мен қозғалыстар: Украина Коммунистік Партиясы, Украина Социалстік Партиясы, Украина шаруалар Партиясы т. б. партиялар Украина халқының саны азаюда. 2000 жылы 49,45 млн адамды қүрады. (1993жылы- 52,2 млн адам). Осы көрсеткіш бойынша ел ТМД-да екішпі орында, ал Еуропада- алтыншы орында. Украин халқының өсу динамикасына көптеген XX ғасырдағы катаклизмдер әсер етті: I Дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жыддар, Азамат соғысы 1918-1920 жылдар, 1920- 1922 жэне 1932-1933 жылдардағы аштық, 30-шы жылдардағы жалпы репрессия. КСРО-дағы тың игеру кезіңде 1,5млн адам Украин жерінен кетті. Чернобыль трагедиясы жүздеген мың адамдардың қоныс аударуына себеп болды. Халықтың орташа тығыздығы- 1км= 84 адам. Бүкіл территорияда салыстырмалы біркелкі қоныстанған. Ең тығыз орналасқан Донецк облысы (Киев облысының Киев қаласынсыз алғанда)- 196,2 адам. Львов, Днепропетровск облыстары осыларға жақын. Сонымен бірге халықтың тығыздығы 1 км2 50 адамнан аспайтын облыстар (Чернигов, Житомир, Кировоград, Ровнен, Херсон) бар. Бұл оның басқа аудандармен салыстырғанда ауыл шаруашылығының осы аудандарда таралғандығы, ірі қалалардың аздығының себебі. Украина ауыл халқының тығыздығының жоғарылығымен көзге түседі. Ікм 24 адам Иванова-Франков, Черновицк т.б. Батыс Украина облыстарында бұл көрсеткіш 70 адамды қүрайд Қала мен ауыл тұрғындарының қатынасы 68% жэне 32% қатынасында. Урбандалу процесі Украинада тез жүруде. Мысалы 1913жылы қала тұрғындары елдің 13% ғана құраса 1939 жылы -34, 1959 жылы - 46%, 1991 жылы бұл көрсеткіш 68% құрады да 1996 жылға дейін сақгалды да, аздап азаюы байқалды (0,2% ға). 1920-1990 жылдар аралығында қалалық елді мекендер бес есе өсті де 445 қала және 91Іқала тшггес поселкі болды. 100 мыңнан - 500 мыңга дейінгі тұрғыны бар қалалар Украинада - 40. Оның ішінде 16 - сы Донбасс пен Қырымда. Ірі қалалар (500мыңнан - Імлн.)- бесеу. Бұлар Запарожье, Львов, Кривой Рог, Мариуполь, Николаев. Сондай-ақ миллионер қалалар: Киев (2,6 млн), Харьков (1,6 млн), Днепропетровск (1,2 млн) Донецк (1,2млн) жэне Одесса (1,1 млн). Украинада 19 агломерация саналады: оларда қала халқының (47%) тұрады.


Ауыл халқы Полесье, Подоль, Карпат облыстарында халықтың басым бөлігін немесе жартысын құрайды. Оның мөлшері Донецк (10%), Луганск (13%), Днепропетров (16%) облыстарында өте аз. Қазір Украинада 30 мың шамасында ауылдық елді мекендер бар.

Украинада 110 ұлт өкілдері тұрады және жұмыс істейді. Украиндықтар халықтың 72,7% құрайды. Украиндықтар жергілікті Европадағы ірі ұлттардъң бірі. Украиндықтар барлық облыстарда басым. 9 млн аса украиндықтар және 12 млн украин тектес үлттар Украинадан тыс жерде тұрады. Аса ірі украин диаспоралары Ресейде, АҚШ, Қазақстанда, Канадада қалыптасқан. Украинада орыстар көп тұрады (жалпы халықтың 22% құрайды) оның 80% қалалықтар. Саны жағынан үшішпі орында- еврейлер. 20% -дайы ел астанасында тұрады. Елде сонымен қоса белорустар, молдавандар, поляктар, венгрлер, татарлар, қырым татарлары жэне (Қырымда), гагуаздар (Одесса облысында) т. б. халықгар тұрады.

Халық шаруашылығында қызмет етушілер 25 млн адам, оның ішінде материалдық өндірісте -13,5 млн (оның 21,2% өнеркэсіпте, 22,5% ауыл және орман шаруашылыында, 4,9% құрылыста, 5,7% транспорт пен байланыста, 6,5% саудада, Украина халқының Европа халқымен ұқсастықтары бар, егде адамдардың көп болуы және оның артуы табиғи өсімді азайтады. Халықтың "қартаю" процесі жүруде. Бұл 60- шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін созылды. (90- шы жылдардың ортасынан халық саны өткен жылдың халқының 99,2% құрайды). Табиғи өсімнің кері көрсеткіші алғашқы рет 1991 жылы (1000 адамға - 0,8 адам) тіркелді. 2000 жылы ол -7,0 (-4,9 - қалада, -8,3 - ауылдық жерде) азайды.

Елде әр әйелге орташа екі баладан аз келеді. Туу көрсеткіші 1991 жылы

1000 адамға 12,1 адамнан, 8,3 адамға азайды, өлім 12,9 дан 14,3 % өсті. Оның ішінде 90-шы жылы бала өлімі жоғары болып қала берді. Қазіргі уақытта Украина ТМД елдері ішінде туу көрсеткіші бойынша ақырғы, өлім көрсеткіші бойынша бірішпі орынды алады. Бүған әсер еткен себеп 80-90 шы жылдардағы экономикалық, экологиялық жағдайлар (ертеңгі күнге сенімсіздік, жүмыстан босап қалу, ауруы, түрғын үй жеткіліксіздігі, күрделі экологиялық проблема). Тағы бір факторды айтпасақ болмайды: бұл мықты украин отбасының күйреуі, халық дәстүрінің бұзылуы. Бұл балалы жесір әйелдердің көбеюі. Сол әйелдердің жалақысының ерлерден аз табуы (88%) себеп. Екінші бала әкелуге сенімсіздік болып табылады. Жыныстық құрамы да Европаға ұқсас 1000 әйелге 871 ер адам келеді.Халықтың табиғи өсімі -0,68%. Орташа өмір жас үзақтығы ерлерде - 60,9 жыл, әйелдерде - 72,1 жыл. Діні православие - 76%, грек - котоликтер - 14%. Ақша бірлігі - гривна = 100 тиынға тең. Қарулы күштері (2001 жылы 550 мың адам); 305, оның ішінде СВ - 150, ВВС - 49, ПВО - 46, ВМС - 14. Әскери әуе базалары: Белая Церковь, Луцк, Львов, Полтава, Кривойәкімшілік облыстар, екі Республикалық бағыныштағы маңызды статусты қала Киев және Севастополь. 499 Әкімшілік аудан (әр бір облысқа орташа есеппен 19 ауданнан), 447қала (Киев жэне Севастополъды қоса), 121 аудан қалаларда, 904 қала типіндегі поселкі жэне 10210 ауылдық кеңестер. Тарихы.Литва, Полыша, Туркия, Венгрия феодалдық мемлекеттерінің басқыншылығы XVI ғасырда украин жерлерінің негізгі бөлігін басып алды. Бірақ соған қарамастан Украина біртұтас болып қала берді. Украиндар Полыша, Литов, Түрік агрессиясына қарсы күресті. Азаттық күресі 1648 - 1654 жылдардағы Ресейге қосылумен аяқгалды. Осыдан Украинаның солтүстік жағалауы Ресей құрамындағы автономия статусын алды. Кеңес өкіметі 1917 жылы қарашада құрылса 1918 жылы қаңтарда Украин ССР құрылды. 1917 - 1920 жылдары Украина территориясында Украина Халықтық Республикасы пайда болды. Ал Батыс Украина Совет - Полыша соғысы нәтижесінде Батыс Украина, Польша қүрамына кірді. 1939 жылы Батыс Украина УкССР құрамына кірді. 1941 - 1944 жылдары Украина неміс фашист оккупациясында болды жэне Закарпат Украинасы Украина қүрамына кірді. 1954 жылы Қырым облысы РСФСР құрамынан Украинаға берілді. Егемендік декларациясы 16 маусым 1990 жылы қабылданды. Тэуелсіз мемлекет болып 24 тамыз 1991 жылы бөлінді. 1945 жылдан Б¥¥ - ға мүше. 1995 жылдан Европа кеңесі мүшесі. Украииа территориясы Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-баысында орналасып, қоңыржай континенттік климат белдеуівде орналасып, үш табиғат зонасы: аралас орман зонасы, ормаңды дала, дала зоналары. Қырым түбегінің жіңішке жағалау бойы Жерортатеңіздік климат қалыптасқан. Украинада көптеген минералды ресурстардың мол қоры таралған. Ел территориясында отын-энергетикалық ресурстардың мол қоры шоғырланған. Оның ішінде қатты отындар (тас және қоңыр көмір, жанғыш тақта тас, шым тезек) кең таралған. Мұнай мен газдың жеткіліксіз қоры Украина экономикасына кері әсерін тигізеді. Тас көмір қорының негізгі бөлігі Донецкі (48,5 млрд.т немесе Украин көмірінің 91,7%) және Лъвов- Волынск (1,4 млрд. т) бассейіндерінде, қоңыр көмір Днепровск бассейінінде Закарпат, Полтава, Харьков облыстарында шоғырланған.



Жанғыш көмірсутек қорлары Днепровско-Припятск, Прикарпатск- Балкан және Азов-Қара теңіз мұнай- газ бассейініне келеді. Оны жүз жылдан аса пайдаланып келеді. Сондықтан Бориславск, Долинск, Битков-Бабкинск жэне Орлов- Улинянск мүнай жэне Домавск, Угерск, Бильче- Волицк, Рудковск газ кен орындары қатты азайған. Мұнай қоры жағынан Украина әлемде не бары 0,18% құрайды. Ең көп қоры шығыс аудандарда (56,1%) шоғырланған. Одан шамалы аздау батыс (41,3%). Оңтүстік аудандар шамалы (2,6%). Газ қоры 87 млн. т.

Шаруашылығы. Отын ресурстары.Украина көмір өндіруден алғашқы ондыққа кіреді. Өндіу көлемі 80 млн т. оның ішінде кокстелуші (Донбасс) - 25 млн т. астам. 240- тан көмір өндіруші кәсіп орындар бар. Көмір экспортау шамалы (2 млн т. аса). Оның негізгісі газдалған көмір мен кокстелген топтары Болгарияға, Словакияға, Молдавияға және Белоруссияға шығарады. Венгрияға, Испанияға, Италияға, Бельгияга, Чехияға, Сербияға, Черногорияға, Швейцарияға шығаруды бастады. Украина сонымен бірге көмірді импоттайды. Негізінен Ресей мен Польшадан. Пайданылатын көмір көлемі 55 млн т.

Мунай мен газ. Мұнай негізінен Донецк -Днепров ауданына келеді. Елде 211 кен орны барланған (оның 102 сі "Укрнафта" ААҚ, 92- "Укргазпром", 7- "Қаратеңіз мұнайгаз"). Ең ірі кен орындарына Полтава, Чернигов, Сумск облыстарында барланған. Табиғи газды өндіруден Украина ТМД- да үшінші орында. Аса ірі газ кен орындары - Джанкойск, Глибовск, Оленевск. Негізгі газ өндіруші компаниялар "Укргазпром" (ең ірі), "Укрнафта", "Черноморнефтегаз", "Полтава мұнай - газ компаниясы". Қазіргі кезде Украина газды пайдалану бойынша төртішпі орывда (АҚШ, Ресей, Германиядан кейін). Отын-энергетикалық балансының 45% құрайды.

Украина бұрынғы КСРО территориясындағы ен ірі уран өндіруші кэсіпорының бірі Днепропетров облысындағы Шығыс ГОК орналасқан.

Барлық электростанциялардың жалпы қуаты 53,9 млн кВт (оның 67,5% ЖЭС- ға, 8,7% - ГЭС, 23,8% - АЭС- ға келеді). Кейінгі жылдары электр энергиясын өндіру азайып кетті, шамамен 167 млрд кВт. сағ/ жылына (1991 жылы-279 млрд кВт) өңдіреді.Өнеркәсіпкешені.Тау - кен металлургия кешені.Негізгі кешен болып 300 ге жуық кәсіпорын, оның 26-сы тау- руда кәсіпорнына, 14 металлургия комбинаты жэне завоттары, үш ферроқортпа, 7 труба, 10 метиз, 16 коксхимиялық, 17 отқа төзімді материал өндіруші, 20 түсті металлургия заводы, 35 екінші реттік қара жэне түсті металлургия кешендерін біріктіреді. Осы салада 500 мың адам жүмыс істейді. Қара жэне түсті металлургия кешендері елдің өнеркәсіп товарының 29,9% қүрайды. Осы саладан түскен пайда елдің барлық қаржысының 40% қүрайды.Украина 55,9 млн т темір рудасын өндіреді, 26 млн т. металл өнімдерін экспортқа шығарады.Украина қара металлургияның 50% мартендік, 33% электірлік,18,4% үздіксіз қүю эдістерімен қүяды. Металлургиялық державалардың ондығына кіреді. Украинада темір рудалы кэсіпорындардың лидері "Укррудпром". Түсті металлургиясы.Әр-түрлі формадағы 34 кәсіпорынды біріктіреді. Түсті металлургия сала ішілік бөлінеді: минералдық- шикізаттық, тау - рудалы, алюминий, мыс, титан - магний, болат қорытпалары, қорғасын- мырыш, көміртек, порошокты жэне сирек металдар.

Қазір төрт тау-кен кешендері: Вольногорск тау-кен металлургия комбинаты (Днепропетровск обл), Ирманск тау -кен байыту комбинаты (Житомирск), Никитовск ртут комбинаты (Донецк), Побужск ферроникель заводы (Кировоградск обл)

Алюминий өнеркәсібі. Сыртан келетін шикізат көзіне негізделген. Николаевск глинозем заводы Гвинея мен Ямайкадан келетін бокситті пайдаланады. Бүл завод бүрын КСРО дағы ең ірісі. Оның дәстүрлі түтынушылары Красноярск, Братск, Саян, Новокузнецк алюминий заводы. Жылына бүл завод 1,2 млн т. глинозем өндіреді. Ол Запарож алюминий заводын қамтамасыз етеді. Мысөндіру кәсіпорындары Артем түсті металл өңдеу заводы. Алюминий прокаттары мен оның қоспа қүймаларын (лист, лента, труба, пруток, сым) өңдіреді,Машина жасау кешені. Басқа салалармен салыстырғанда машина жасау кешені үлкен тоқырауды бастан кешуде. 1991 жылы машина жасау жэне металл өндеу өнеркэсіптің 26,4% алса, 2000 жылы - тек 13.2% ғана қүрады. 90- шы жылдың басында Украинада 1260 машин жасау кешендері салынды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бүкіл Одақгық маңызы бар қызылша - қашты, орманды далалы зонасы Украинаның Днепропетровск жэне Тернополь (қызылша жинайтын комбайн), дала зонасында -Херсон (жүгері жинайтын комбайн). 1996 жылыға дейін бидай жинайтын комбайндар Ресейлік "Ростсельмаш" болды.

1996 жылдан АҚШ, Германия комбайндары пайдаланылды. Қазіргі кезде Херсонда ("Славутич" комбайндары) шығарылады, 90- шы жылдардан Харъковта-трактор заводы. Ивано- Франковскте аз габаритті тракторлар.

Металды көп қажет еттетін ауыр машина жасау (тау- кен, металлургия, химия кешені машиналары). Б:р сала Донецк, Днеропетровск, Луган облысында. Көтерме транспорт машиналары Львовта дамыған. Дрогобычте (автомобиль крандарын жасау), Одессада (ауыр жүкті көтеретін кран) заводы жұмыс істейді.

Энергетика машиналарынжасауда Харьков (жылулық, атом жэне гидравликалық турбина), ал Токмакта (Запарож обл), Первомайск (Николаев обл) жэне Бориславта (Херсон обл) дизель жасау дамыған.

Машина жасаудың маңызды түрлері: станок жасау жэне инструмент өнеркәсібі, ірі, орташа, тіпті ұсақ қалаларда жріыс істейді (Киев, Харьков, Днепропетровск, Краматорск, Запорожье, Одесса, Львов, Житомир, Стрый, Мукашево және т.б.). Бұл сала арнайы кадрлары бар ғылыми жобалық- конструкторлық мекемелерде орналасқан. Черкасскте жоғары технологиялы "Ротор" ғылыми - өндірістік бірлестік, электроэрозиялық станок, лазерлік технологиялық кешен приборларын жасайды.

Транспортық құралдарды өидіумен "Лугансктепловоз" компаниясы локоматив, немістің "Сименс" компаниясымен бірге Днепропетровск электровоз жасау заводы, Крюковск вагон жасау заводы жұмыс істейді.

Біртіндеп автомобиль жасау дамуда. Кременчукта "АвтоКрАЗ" жүк автомобилдерін жасайды. Бірақ 80 - ші жылдары жылына 30 мың дана жасаса, қазір 1,5-2 мың дана ғана жасайды. Жүк машиналары Биспольде, Черниговта, Симферопольде, жасайды. Кременчукте италияндық "Іуесо" фирмасымен бірлесе микроавтобус өндіреді. Киевте тройллейбустар, мотоциклдер жасайды. Запорожъеде дэстүрлі жеңіл автомобиль жасау орталығы болып қалды. 1997 жылы өзіндік жеңіл автомобиль жасауын "тірілту" басталып, украин - корей бірлескен "Авто ЗАЗ - Дэу (Вае\уоо)" автосын өндіру жолға қойылды. Өз күшімен Запорожьеде "Таврий" автомобильі өндірілді. Қазіргі кезде Украинада өзіндік автомобиль емес, құрама автомобиль жасау (негізінен ресейлік автомобильдер) "ГАЗ" автомобильі "КрымавтоГАЗ", "Чериговавтодеталъ", "УкрВолгатехсервис", "Автоагрегат" завоттары. Жасалатын жаңа автомобильдердің 50% осыларға келеді. Черкасскте "Волынянок" (мини джип) жасалады. Осы концерн авто жөндеу заводында оңтүстік кореялық "Ізиги" жүк автосы базасы бойынша "Богдан" қалалық автобуы жасалады.

Украинаның теңіз кемелерін жасауыбұрынғы КСРО дағы Минсудпромның төртен бір бөлігін қамтыған. Бірақ украин кеме жасау верфтері тоқырауға байланысты бірен саран ғана жұмыс істеп, жаңа шетелдік серіктестерді іздеуде, Әскери - өнеркәсіптік кешен.Совет уақыты кезінде Украинада әскери өнеркәсіп жақсы дамыды. Шамамен 1 млн аса жоғары квалификациялы мамандар қызмет ететін 700 зауыт жұмыс істейді. 90- шы жылдардан олардың барлығы азаматтық өндіріске көшті. Совет уақыты кезінде ең белгілісі Днепропетровскідегі "Оңтүстік машина жасау" заводы болды. Қазір завод халық шаруашылығына қажетті товалар өндіреді: тракторлар, балалар велосипедін, тренежорлар, асхана комбайынын. Әскери кеме жасау көлемі бойынша Украина бұрынғы КСРО да Ресейден кейінгі орынды алады. Осында кеме жасау базалары Европада тек қана Франция мен ¥лыбританияда, аз мөлшерде Италияда және Испанияда орналасқан.

Химия индустриясы кешені. Химия өндірісінің қалыптасу кезеңі XIX ғасырдың аяғына келеді:1881 жылдан Юзов, 1898 жылдан Словянск сода заводы және Донбасстағы кокс химия өндіріс орны болды. Қазіргі химия өнркісібі 90 - шы жылдары өндіріс көлемін қатты қысқартып, өзіне тау - химия өнеркәсібі, химия негізі, химиялық талшық, пластмасса, лакбояулар жэне синтетикалық бояулар заводын біріктірді. Украина эр түрлі тау -химия шикізаттарын: табиғи күкіртті- Роздольск жэне Новояровск кен орны. Калий түздары - Калушск жэне Стебниковск, ас тұзы - Бахмутск жэне Слотвинск кеніштері. Аса ірі сода өндіру заводтары Лисичанск, Славянскіде Украинаның дәстүрлі химия кешені - қышқылдар өндіру. Күкірт қышқылын -минералды тыңайтқыш, металлургия, мүнай өндіру, тоқыма жэне тамақ өндіруде қолданады. Күкірт қышқылын Ровно, Жаңа Роздольда, Константиновте, Днепродзержинскте өндіреді. Техникалық дақылды көп өндіретін Украинаға минералды тыңайтқыш (азоттық, фосфорлы, калий, т.б.) өндіру жеткіліксіз (2,3 млн т.) Агроөндірістік кешен.

Украина ірі агрокешенді ел. Оған жалпы үлттық өнімнің 40%пайызы келеді. Осы кешенге 100 ден аса сала мен сала ішілік халық шаруашылықтары келеді. Бұл ауыл шаруашылық өнімдер (өсімдік өсіру, жануарлар өсіру); оны өңдірістік өңдеу; жем шөп өндірісі, ауыл шаруашылық техникаларын жасау, сонымен бірге минералды тыңайтқыш жэне өсімдік қорғау құралдарын жасау т. б. біріктіреді. Ураинаның жер қоры 2000 жылдың басында 60354,8 мың. га (бұдан басқа 945,2 мың. га көп жылдық екпелермен бөлінген жэне 783 мың. га жем- шөп жерлері). Ауыл шаруашылығына жарамды жерледі жан басына шаққанда 0,8 га қүрайды. Өнделетін жер көлемі бойышпа Украина элемде сегізінші орынды алады. Өсімдік шаруашылығында басты орынды дэнді дақылдар бүкіл өнімнің 1/3 береді. ТМД бойынша үшінші орында (Ресей мен Қазақстаннан кейін). Техникалық дақылдар - қант қызылшасы (шамамен 750 мың га), майлық күнбағыс(2,8 млн га) және соя (61 мың га), қызылша жинаудан Украина әлемдік лидер болып қалуда, тек Франция, Германия, АҚШ - қа ғана орын береді.

Мал шаруашылығы жоғары дамыған. Ірі қара саны кейінгі жылдары азайып кетті 9,4 млн бас. Негізінен етті - сүтті жэне сүтті - етті ірі қара өсіріледі. Оның ішіндегі түқымдары: семинталь, қызыл далалық, украиндық ақбас сиыр, сұр украиндық түрлері өсіріледі,

Транспорт кешені. Украинаның тиімді транспорттық - географиялық орналасуы онда автомобиль, темір жол, құбыр түріндегі транспорттың жоғары дамуын көрсетеді. КСРО кезеңіндегі ең қуатты инфроқүрылымы дамыған траңспорт торы осы жерде болды, Автомобиль транспорты- жолаушы жэне жүк тасуда транспортардың ішіндегі ең бастысы (83,8 жэне 60,6% қатынаста). Қазіргі кезде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының торы жалпы ұзындығы 168,5 мың км. Қатты затпен қапталған жол ұзындығы 159,1 мың км.

Темір жол - жолаушы тасымалдауда және жүк тасымалдауда екінші орынды алады (16,1 жэне 24,1% жүк айналымында 41%). Мемлекет ішілік және халық аралық қатынаста рөлі ерекше транспорт. Темір жол қатынасының Украинадағы орташа тығыздығы 1000 км2 38 км. Ең тығыз жерлері оңгүстік - шығыс Донбасс және елдің батыс бөліктері. Жалпы темір жол узындығы 22,6 мың км. 40% электірленген, 60% поезд қозғалысы автоматтандырылған.

Украинада құбыр транспортыдамыған ел. Дүние жүзідегі аса ірі газ құбырлары осында орналасқан. Оның ұзындығы 35 мың км. Жылына Украина 250 млрд м3 газ тасымалдайды. Оның жартысы транзиттік болып келеді. Сонымен қоса Украина ресейлік мұнайды Европаға тасымалдау құбырлары орналасқан. Оның ұзындығы 4000 км құрап, 60,4 млн тонна мүнай тасымалдайды. Негізгі мұнай күбыры "Дружба".

Өзен транспорты.Жалпы ұзындығы 3000 км. Днепр өзенінің барлық бойында кеме жүзеді (1018 км). Теңіз транспорты жүк айналымында төрттінші орынды алады. Елдің теңіз транспорты оңтүстігіңдегі Азов - Қара теңіздік бассейн болып табылады. Теңіз бизнесі 18 мемлекеттің порттарына байланыс жасайды. Украинаньщ теңіз астанасы — Одесса.

Әуе транспорты.Украинада 36 эуе порттары (оның 16 сы халықаралық статусы бар). Борисполь жэне Жулян (Киев) әуе порттарындағы жолаушы тасымалының 1/7 келеді. ТуризмУкраина экономикасының басты секторы. Оған ЖІӨ нің 8% және сыртқы сауданың 20% береді. Бұл салада 2млн адам қызмет етеді. Шетелдік туристердің келу көрсеткіші кері. 2000 жылы 4,5 млн адам болса, 1997 жылы 7,3 млн болатын. Сыртқы экономикалық байланыстар.

2000- шы жылдардың басында Украина экономикасына Дүние жүзінің 106 мемлекеті тікелей инвестиция салды. Ең үлкен украиналық рыноктың инвестициялары әлемнің жеті еліне (60%): АҚШ - 18,1%, Нидерланды - 9,3%, Ресей - 8,9%, ¥лыбритания - 7,5%, Германия - 7,1%, Кипр - 6,0%, Корея Республикасы -5,3%. Қаржының негізгі бөлігі азық- түлік өндірісіне (20,4%), ішкі саудаға (17,2%) машина жасау метал өңдеуге (10,9) келеді. Украинаның жалпы сыртқы саудасы - 30 млрд АҚШ доллары шамасында. Экспортың негізгісі өндірістік товаларға 2/3 көлемі жэне қаржының 80% келеді. Сыртқы қатынаста ТМД еддерімен 45% негізінен Ресеймен(37%) оның ішінде экспорт 30,2%, импорт 45,4% береді.Қорыта келгенде Украина мемлекеті қазіргі кездегі экономикалық даму потенциалы жеткілікті ел. Оның табиғат байлықтары, географиялық орны транзитік орны оның болашағының жарқын көрінісі. КСРО қүлауынан кейінгі тоқырауды басынан өткізген ел көптеген экономикалық позицияны сақтап, көптеген жетістіктерге жетті.

 

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,15,16,17,18,19,23]

 

Тақырып 6: Белорусь Республикасы.

 

Мемлекеттің жалпы сипаттамасы.Географиялық орны. Республиканың территориясы 207,6 мың км2, халқы – 10,3 млн адам және астанасы Минск (1,7 милн адам). Негізгі шаруашылығы – машина жасау, химиялық, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сонымен қоса аң шаруашылығы, картоп өндіру. Батысында орналасқан өзендер Днепр, Батыс Двина және Неман. Солтүстік - батыста және республиканың солтүстігінде Литва мен Латвия республикаларымен, солтүстік – шығыс және шығыста Ресей, оңтүстікте Украина, батыста – Польшамен шектеседі. Ең алдымен территориядағы суайрық өзен бассейіні, Қара және Балтық теңізі. Бұрын 18 – ғасырдың 2- жартысымен - 19 – ғасырдың басында бұл өзендерде каналдар болған. Припять пен Неман және Батыс Двина аралығында. Өзендері қосылған кезде 19 – ғасырдың аяғында темір жол салынды, яғни Санкт-Петербург, Ресей, Украйна қалалары мен байланыс жасау үшін қолданылды. Республиканың территориясы солтүстіктен оңтүстікке 560 км - ді құрайды, батыстан шығысқа 650 км құрайды. Белоруссияның жер көлемі Европалық мемлекеттер сияқты көлемі аз,мәселен Греция, Португалия, Австрия, Чехия, және т.б. Республиканың экономикалық - географиялық жағдайы өте ыңғайлы болып келген. Қазіргі уақытта республика басқа елдерге жақын болғандықтан өнеркәсібі бай аудандар яғни Ресей европалық бөлігі (орталық және солтүстік - батыс) және Украина (Донецко - Приднепровск).

Табиғи жағдайы мен ресурсы.Климаты – континентті және рельефі жазық. Атлант мұхитының жылы ағысы әсері жоғары. Жауын шашынның жылдық иөлшері 650 – 700 мм -ден, солтүстікте 550 мм - ден, оңтүстікте - 650 мм. Яғни барлық территориясының су балансы жақсы. Ауыл шаруашылығының климаттық жағдайы ыңғайлы болып келген. Оңтүстік - шығыс аудандарында температура жоғары және көп жерде қант қызылшасын өсіруге қолайлы. Белоруссия - территориясының көп бөлігі орманды дала, шамамен 36 проценті. Халқы,еңбек ресурстары. 2005 – жылы Белоруссия халқының саны шамамен 10,99 млн адамды құрады. Халықтың тығыздығы 49 адам (1 км2). халқының саны Украйна, Молдовия және Закавказ республикалары санынан аз. Мемлекеттің орталық бөлігінен халқының саны және тығыздығы жөнінен бірінші орын алады (Минск облысы, шамамен 80 адам 1 км2), батыс өңірде (Гроднен және Брест обылысы). Халықтың ең аз тығыз орналасуы көбінесе солтүстікте (Витебск облысы – 35,8) және оңтүстік – шығыс өңірлерде (Гомель обылысы – 40,3 адам 1 км2). Халық ең тығыз орналасқан жерлер ауылдық жерлер. Сол сияқты батыс аймақтарда, сонда қала халқының саны 59 процент төмендеуде, ауыл халқының тығыздығы да сондай болып келеді. Минск облысы сияқты (шамамен 20 адам) және адам аз басқа облысқа қарағанда (12 – 14 адам). Ауыл халқының тығыздығы солтүстікте және оңтүстік - батыстабасым. Ауыл халқының тығыздығы (орта шамамен 1 км2 – 16 адам). Ал урбанизация бойынша шамамен 70 процент.Қалалық өлшеу бойынша үлкен қала тұрғындары, Беларуссия республикасында халықтың саны 50 мың адамнан асса есептелінеді. Ірі қалалары, көп халық орналасқан олар, яғни (Гомель, Могилев, Витебск, Гродно, Брест,Бобруиск, Баранович, Орша, Полоцк, Мозырь және т. б). Беларуссия республикасының халқының негізгі құрамы (80 процент,) 11 процент орыстар, 4 процент поляктар, укараиындықтар, еврейлер және т.б. Шаруашылығы.Белоруссияның экономикасы ТМД елдері экономикасына қарағанда экономикасы шапшаң дамып келеді. Халық шаруашылығында өнеркәсіп структурасының көлемі басым болып келеді. Ең төмен көлемде өнеркәсіптің деңгейі көбінесе ауыл – шаруашылығы республиканың батысы мен орталық бөлігінде жақсы дамыған.

Өнеркәсібі – негізгі ауыл – шаруашылығы шамамен 30 процент ішкі өнімді өнеркәсіп структурасы өндірілетін заттарды береді, яғни ол пайдалы қазбалар мен тығыз байланысты сонымен қоса ЭГО ыңғайлы және орталық региондары Ресей, Украйнамен байланыс және еңбек ресурстары сапасы жоғары деңгейде, өнеркәсіпі өңірлерде халқы өте тығыз (көбінесе қалада).

Негізгі өндіретіндер: Машина жасау және металл өндіру, химия, мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өндіру және целлюлоз қағазын, сонымен қоса өндіру материалдары және т.б дамыған.

Өнеркәсіп структурасында машина жасау өнеркәсібі және индустриалдық өнім өндіреді. Негізгі бөлігі химия мен жеңіл өнеркәсіп жатады (Қолдан тігілген трикотаж және т.б). Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер саны шамамен 28 процент. Халық шаруашылығы ал нақты ірі өнеркәіп орталығы (Минск, Гомель, Витебск, Могилев, Бобруиск, Новополоцк, Гродно, Брест, Мозырь, Борисов) шамамен 2 – 3 өнеркәсіптік заттар, жартысы Минскде шамамен 25 процент. Жаңа өнеркәсіп орталығы химия өндіру (Солигорск, Светлогорск), жеңіл өнеркәсіп машина жасау (Жодино, Баранович, Пинск) өнеркәсіптер, металл (Жлобин) мұнай өндіру (Мозырь, Новополоцк,) және т.б ІІІ. Мемлекеттің жалпы экономикасы. металлургиялық өндірісік өнеркәсіп.Қара және түсті металл шығарады, формалық материалдар және т.б Жлобин қаласында (Гомел облысы) 80 – жылдары Белоруссия металлургиясы ашылған. Могилев металлургия заводы және Белоруссия республикасындағы өндірістік өнеркәсіп металы арқасында (Молодечно) және т.б машина жасау және метал өндіру. Негізгі өнеркәсіп - машина жасау металл өндіру. Машина жасау өндірісі көбінесе үлкен қалаларда өндірілген және әлеуметтік инфраструктура орталыққа жақын Ресей аудандары, Санкт – Петербург, Украина қалаларында яғни халық тығыз жерде машина өнеркәсібі жақсы дамыды. Жеңіл машина жасау, трактор жасау яғни ауыл – шаруашылығына керекті өнеркәсіп өнімдері өндіріледі, сонымен қатар прибор, электр радиосын, электр техникасын өндіреді. Автокөлік өнеркәсібі көбінесе ірі заводтарда өндіріледі, Минскідегі автокөлік заводы сияқты завод (Дормаж, Жодино қаласы) орналасқан. Могилев автокөлік заводы, солардан келген өндіріс «Белавто Маз» сонымен қатар Минскдегі завод. Беларуссиядағы өндірілетін машиналар биік болып келеді. «Маз, Бел АЗ» Ауыл – шаруашылығына трактор, автокөлік жасау техникалары өндіріледі. Ірі өнеркәсіптер, Минсктегі трактор заводы, Минскдегі мотор заводы, Гомельдегі ауыл – шаруашылығына арналған автокөлік жасау заводы, Лидтағы ауыл - шаруашылық автокөлік заводы.Өнеркісіптегі құрылыс материалдары өнеркәсіптегі құрылыс материалдар яғни цемент, актас құрылыс материалы, темір бетоны және т.б.өндіріледі.

Жеңіл өнеркәсіп: Жеңіл өнеркәсіп – яғни өздерінде өндіріледі, (тері-былғары бұйымдары, тоқыма өнімдері және қолдан тігілген жібектер.) мемлекеттің жеңіл өнеркәсіп структурасы жібек және тігілген трикотаждар – ірі қалаларда өндіріледі. Ең ірі өнеркәсіп аймағы - Жлобен фабрикасы, онда жасанды жүн, комбол комбинаты және тігін фабрикасы «Миловица» Минскде, Брест пен Витевскте кілем жасау комбинаты және т.б орналасқан. Тамақ өнеркәсібі:Әртүрлі тамақ өнімдері өндіріледі. Ең бірінші орында етті сүтті, май, спирт, үн және т.б шығарады. Қант шығаратын жерлер(оңтүстік батыста Брест пен Гроднен обылысында)

Көлік географиясы:Белоруссияда машина көліктерінің әр – түрі бар, көбінесе қолданатын жолдар: темір жол – 5,6 мың км, автокөлік жолы – 63,4 мың км, және ішкі қала жолдары – 1,8 мың километр, темір жолдар республика территориясының көп бөлігін алып жатыр, көбінесе тек қана ішкі қатынастарда ғана емес, сонымен бірге ТМД республикасының экономикалық байланысы тығыз байланыста яғни шығыс елдерімен батыс Европа елдері сияқты. Гөмель – Вильнюс Белоруссиядағы темір жолы арқылы балтық елімен байланыс жасайды. Ең бірінші экономикалық байланыс ол темір жолы Орша – Минск – Баранович - Брест, осы темір жол арқылы Ресей – Минск - Брест – Варшава – Берлин байланыс жасауда. Солтүстіктегі оңтүстіктегі республикалар Санкт – Петербург (Ресей) – Одесса (Украина)Өзен көлігі арқылы байланыс жасау яғни Березина, Днепр, Припять, Сож өзендері арқылы жүргізіледі.

Сыртқы экономикалық байланыс географиясы

Белоруссия елі көбінесе ТМД - мен жақсы қарым қатынаста. Бұл елде яғни басқа байланыстар бар, ішкі региондық тауарлар байланысы. Белоруссия табиғи ресурстары арқылы (газ, мұнай, көмір, дайын қара метал, синтетикалық каучук және т.б) және сонымен қоса әр – түрлі машина жасау мен химиялық өнеркәсіп өнімдерін жасау арқылы әртүр машин Ресейден әкелінеді Белоруссияның ең бірінші даму көзі машин жасау мен химиялық өнеркәсіп жасау арқылы шамамен 80 процент Ресей импорты болып келеді. Яғни сағат материалдар тоңазытқыш және кейбір заттарды. Ресейден әсіресе әскери өнеркәсіп комплексі өнімдерін алса,сондай-ақ саудалары сүт азық түлік.,ет,ет және.т.б азық түлік түрлері құрайды.Белоруссияның 60 проценті азық түлік ТМД дан өтіп Ресейге барады.

Қорыта келгенде Белоруссия тек Ресей федерациясы ғана емес сонымен қоса Украина мен Қазақстан елдерімен байланыста шамамен 30 процент сыртқы азық түліктің үлесіне тиеді және ТМД ішіндегі басқа елдермен де экономикалық байланысты тұрақты түрде дамытып келеді..

Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,19,23,45]







Date: 2016-05-18; view: 1951; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.026 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию