Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 3: ТМД елдерінің халқы және еңбек ресустары
Достастық мемлекеттеріндегі өмір сүру деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайдың тууына әкеледі,бұл ең алдымен туудың азаюымен, өлімнің көбеюімен және халық санының азаюына тап келеді.2005 жылдың басында Достастықтың халқының саны 290,6 млн. адам болды. Жылдар өткен сайын төмендей берді. 1990жылдан бастап Ресей, Украйна, Белоруссия халықтың кері өсімін берді. Ал 1999 жылы халықтың кері өсімінің қатарына Молдова енді. Қазақстан, Орта Азия елдері, Әзірбайжан, Армения халықтың көбеюін сақтауда, бірақ оның бірқалыптылығы табиғи өсімнің қысқаруына әкеліп соқтырады.ТМД елдерінің құрылғанына қанша жыл өтсе де, оның интеграциясында қорытындылар іс жүзінде жоқ,сонымен қатар халықтың еңбекке жарамсыздығы және болашағы жоқ екені туралы жиі айтылады.Мәселен: Ресей.Халқының саны жағынан РФ дүние жүзінде жетінші орын (145 млн адам) алады: тұрғындарының саны жағынан кез-келген Еуропалық ірі елден асып түседі. ГФР мен Ұлыбританияны қоса алғанда, олардан кем түспейді. КСРО және Ресейдің халқы санының өзгеруі тек қана жаңа аумақтардың қосылуы (немесе олардың елдің құрамынан шығуы) есебінен ғана болып отырған жоқ. Ол ең алдымен, халықтың табиғи қоңыс аударуы есебінен қамтамасыз етіледі. Табиғи өсім нәтижесінде КСРО халқы кеңес өкіметі жылдарында 130 млн адамға, ал Ресей халқы – 56 млн адамға көбейді. Балалар үлесінің азаюы және зейнеткерлер үлесінің көбеюі кезінде Ресейде қалыптасқан туудың азаю үрдісі өлім-жітімнің артуына әкелді, мұның өзі ТМД елдерінің басым көпшілігіне тән. Жоғары дамыған елдермен салыстырғанда КСРО-ның барлық бұрынғы республикаларында бұл әлеуметтік-экономикалық, тарихи және экологиялық жағдайлардың күрделі болуына байланысты. Уақыттың жекелеген кезеңдерінде табиғи өсімге жойқын соғыстардағы адам шығыны әсер етті. Сонымен, соңғы жылдар Ресейде табиғи өсім төмен, өлім-жітім туылымнан асып түседі, мұның өзі әсіресе ірі және аса ірі қалаларға тән. Сонымен қоса көші-қон процесі Ресей халқы санының динамикасына зор ықпал етіп келеді. Бұрындары болып өткен көші-қонға байланысты мәселелердің бірі адамдарды соғысқа дейіңгі жылдары пайдалы кен орындары игеріліп және зауыттар салынып жатқан Оралға, Сібірге және Қиыр Шығысқа қоныс аударту болды. 50 жылдары Қазақстан мен Батыс Сібір аумақтарын жаппай игеру басталды. Индустрияландыру кезеңінде халықтың қалың бұқарасының басым көпшілігі Ресейден КСРО-ның басқа республикаларына, жаңа құрылыстарға қоңыс аударды, мұның өзі тұтас алғанда көптеген ұлттық республикаларда орыс және орыс тілді халықтар үлесінің артуына ықпал етті. Алайда, 1979 бен 1989 ж. аралығында орыстардың басқа рспубликаларға ағылуы қысқарып қана қойған жоқ, сондай-ақ орыстардың Закавказье мен Орта Азиядан кері қарай көші-қоны басталды. Соңғы санақтың (1989ж) мәліметтері бойынша Ресейден тыс жерлердегі бұрынғы одақтас республикаларда 25,3 млн орыс тұрған, қазіргі уақытта 3 млн-ға кеміген.КСРО –ның ыдырауына және жаңа шетелдік бірқатар елдерде ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне байланысты орыс халқын Орта Азия республикалары мен Закавказьеден реэмиграциялау басталды. Сонымен бірге Украйна мен Белорусьта тұратын орыстардың негізгі бөлігі, украйн ұлты сияқтылар өздері тұрған жерлерде қалып отыр. Ресей халқының сыртқы көші-қоны (немесе басқа елге қоныс аударуы) ХІХ ғ. екінші жартысында басталды. 1915 жылға дейін Ресейден 5 млн дерлік адам – негізінен АҚШ – қа, жарым-жартылай Канадаға қоныс аударды. Азамат соғысы жылдарында (1917-1922) және одан кейінгі уақытта елеулі мәжбүр еткен (саяси себептер бойынша) қоныс аударулар болып өтті. 80-90 жылдары Израильге, Германияға, АҚШ-қа, Грецияға ерікті түрде қоныс аударулар басталды. 1980-1998 жылдар аралығында КСРО-дан қоныс аударушылардың жалпы саны 1,2 млн адамнан асты, соның ішінде Ресейден кеткендері – 380мың. 1992 ж. Ресесйден қоныс аударушылар 100 мың адамды құрады, ал 1999 ж. дейін барлығы - 2572 мың адамға жетті. Белоруссияның территориясында 10,5 млн адам тұрады. (2005ж.) халық саны жағынан ТМД-ның арасынан 5 орынды алады. Олар: Ресей, Украина, Өзбекстан, Қазақстаннан кейін. Мемлекеттің ұлттық құрамы біртектілігімен ерекшеленеді. Оларда белорусьтердің үлесі 78% құрайды. Орыстар этникалық топтардың ішінен саны жағынан 2-ші болып отыр. Олар халықтың 13% құрайды. Елде сонымен қатар поляктар (4%), украиндер (3%), еврейлер (1%) тұрып жатыр. Халықтың көпшілігі православиялық (80%), ал католикті (15%) ұстанады.Мемлекетте демографиялық жағдайлар соңғы жылдарда туудың азаюымен, өлімнің көбеюімен сипатталады. 1993 жылдан халық 1,1% -ға азайып отырды. Жылдар өткен сайын жағымсыз тенденциялар өсіп отырды. 2000 ж. қайта жақсара түсті.Демографиялық жағдайға ауыл халқы тап болды. Онда 225,5 мың адамға қысқарды. Халықтың еңбекке жарамды жастар саны азайды. Халықтың азаюының негізгі басты мәселесі болып КСРО құлағаннан кейінгі экономикалық жағдайдың нашарлауы, жұмыссыздардың көбеюі, тамақтанудың нашарлауы, медициналық қызмет көрсету. Сонымен қоса басқа да мәселелер болып жатты. Ол Белоруссияны ТМД елдерінің ішінен ерекше ажырататын - Чернобыль апатының салдары кезінде 1995 ж. территория көлемі 137 цезиймен ластанған,бұл мемлекеттің барлық аумағының 22% құрады. Радиоактивті ластанған аумақтарда көптеген қалалар мен ауыл мекендерінде 2 млн-дай адам тұрып жатты. Белоруссияда адамдардың өмір сүру ұзақтығы 68 жасты құрайды, оның ішінде әйелдер-74 жас, ерлер-62 жас. Ішкі миграциялық үрдістер мемлекеттің біркелкі интенсивтенбелуіне байланысты әртүрлі деңгейде жүріп жатты. 1980 жылы мемлекетте ауыл тұрғындарының көбеюінің негізінде қала халқы санының азаюы байқалды. Бұл белгілі түрде әлеуметтік-экономикалық шарттардың төмендеуімен, жұмыссыздықтың пайда болуымен, қалалық жерлерде жұмыссыздықтың пайда болуымен, қалалық жерлерде жұмысқа тұрудың қиындығы, баспана ақысының өсуімен тығыз байланысты.1995 жылдан бастап қалаға келіп жатқан халық санының өсуі байқалды. Қазіргі уақытта Белоруссияда миграцияның арқасында ауыл тұрғындарына қарағанда қала халқы өсуде. Ішкі миграция бұрынғы КСРО республикалырының мемлекеттерінің миграциялық айырбасымен ерекшеленеді. Ол 1990ж. кенеттен қысқара бастады. Мемлекет халқының тығыздығы біршама жоғары. 1 км2 – 48,1 адам. Біршама тығыз орналасқан бөлігі орталығы Минск аймағында (1 км2 – 82 адам). Сонымен қоса батыс аймақтарында ол: Велковыск, Пинск, Брест және Днепр бассейні аудандарында. Халықтың тығыз орналасқан жері ол - Полесья жазығында. Халықтың көп бөлігі қалалық жерде тұрады (70,1%). Ал ауылдық жерлерде 29,9 % құрайды. Белоруссия дәстүрлі түрде еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген және көп жылдар бойы олар яғни Кеңес Одағының экономикалық аудандарына қызмет етті. Қазіргі таңда еңбек ресурстарының үлесі халықтың 60 % құрайды. Экономикалық көрсеткіш бойынша олар келесідей анықталады: өңдірістегілер – 27,6%, ауыл шаруашылығындағылар –14,8%, құрылыстағылар – 7,0%, сауда, қоғамдық тамақтану, материалдық-техникалық қамту – 11,9%, экономиканың басқа салаларында -38,7%. Мемлекет халқының көп бөлігі жоғары білімді,олардың еңбек ресурстары жоғары дәрежелі мамандармен даярланған. Украйна. Халық саны төмендеуде. 2003 жылы ол 49,45 млн адамды құрады. (1993ж-52,2 млн адам). Мұндай көрсеткішімен мемлекет ТМД елдерінің арасынан екінші орында, ал Еуропада алтыншы орында. Украйнаның халық санының динамикасына үздіксіз катаклизма, оның ішінде ХХ ғ. территориясында болып өткен (Ұлы Отан соғысы 1914-1918ж.ж., азамат соғысы 1918-1920ж.ж., ашаршылық 1920-1922ж.ж. және 1932-1933ж.ж., жаппай репрессия 30 ж. ІІ Дүние жүзілік соғыс 1939-1945ж.ж., ашаршылық 1947-1948ж.ж.) әсер еткен. Сонымен қатар КСРО—ның Тың және тыңайған жерлерді игеру салдарынан Украйнадан 1,5 млн адам кетіп қалады. Чернобыль оқиғасының салдары да жүз мыңдаған халықтың басқа территорияларға кетуіне себеп болды. Халықтың орташа тығыздағы 1 км2 – 196,2 адам. Мұндай көрсеткішке халықтың тығыз қоныстанған аудандары ол – Львов, Днепропетровск, Черновицк, Гевано – Франков, Луганская және Закарпат – 1 км2 – 126-100 адамнан. Бірақта 1км2 –қа 50 адамнан аспайтын аудандар да бар: Черниговск, Житомир, Кировоград, Ровненская, Херсонская. Бұл Украйнаның басқа аймақтарына қарағанда (Полесья аймағы) ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы екенін көрсетеді. Украинада ауыл халқының тығыздығы жоғары.Қазіргі Украйна халқының Еуропа халқымен жалпы ұқсастықтары бар. Мысалы, жастық құрамы Еуропа мемлекеттрімен ұқсас болуы. Халықтың орта жасы 57 жасқа тең. Бүтіндей осы көрсеткіш 15 мемелекеттің қатарында Украйнаның халқының кәрілігі жақсы байқалады. Осы халықтардың «қартаюы» үрдісі қарқынды интенсивті жалғасуда. Ол 1960 ж. басталды және осы уақытқа дейін жалғасуда. (90ж. ІІ жартысында ел халқы жыл сайын 99,2 % құрады). Халықтың табиғи өсімінің кері коэфициенті Украйнада бірінші рет 1991 ж болды. (-0,8 адам 1000 тұрғынға); 2000 ж ол – 7,0 төмендеді. (-4,9 – қалаларда және -8,3 ауылдық жерлерде). Елде бір әйелге қазір екі баладан келеді. Сондықтанда туу күрт төмендеп кетті. Халықтың жыныстық құрамы: 1000 әйелге 871 ер адамнан келеді. Мұндай құбылыстың салдары әртүрлі жас топтарының бөлшектенуінен: үлкендерде – екінші Дүние жүзілік соғыстың салдарынан болса, кішілерде – ең бастысы болып еңбекке қабілетті ерлердің өлімінің жоғарылығы. Бұл өңдірістегі ауыр, зиянды, қауіпті еңбек шарттары, ерлер организімінің қоршаған ортаның өзгерісін кері негативтеріне қарсы тұра алмауымен және ерлер арасында денсаулыққа зиянды әдеттер және басқа да себептердің таралуымен байланысты.Украйна халық санының динамикасына миграциялық үрдістерде әсер етуде. Украйндерде Кеңес уақытында миграциялық белсенділік жоғары басым болды. 1991-1992 ж.ж., иммиграция азайды, бірақ 1993 ж қайта өсті. Иммиграция адамды шамамен 50 мыңға өсірді. Иммигранттардың көбі Орта Азиядан және Қазақстаннан келді. Ал кететіндер көбінесе Ресейді таңдады. Украйнада ішкі миграция үлкен рол атқарады. Молдова:Молдова территориясында 4,6млн адам тұрады (2005ж). Ол ТМД елдерінің арасында халқының тығыздығы ең жоғары 1 км2 – 127 адам. Этникалық құрамы мынадай: молдовандар-64,5%, украйндер-13,8%, орыстар-13%, болгарлар-2%, еврейлер-1,5%, және қалғаны гагауздар. Молдовандар бүкіл халықтың 2/3 құрайды. Олар елдің солтүстігінде тұрады. Ауылдық жерлерінде молдовандар халықтың 4/5 құрайды. Қалалық жерлерде олардың үлесі 30%. Гагауздар Молдованың оңтүстігінде ауылдық аудандарда тұрады.Олар ХVIII ғ. аяғында келген. Сол уақытта осы жерлерде де болгарлар тұрақталды. Елдің демографиялық жағдайы күрделі. 1990ж бастап туудың жиі төмендеуі және өлім санының өсуімен байланысты.Орташа өмір сүру ұзақтығы 65,5 жыл, оның ішінде ерлер – 59,9 жыл, әйелдер – 69,2 жыл. Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі ТМД –ның басқа елдеріндегідей деңгейде. Елде жұмыссыздық өсуде. 2000 ж экономикалық белсенді халықта жұмыссыздардың саны 1,8 % құрайды. (1995ж.-0,005, 1992ж-0,7; 1995ж-1,4; 1997-1,7%). Жұмыссыздардың арасында әйелдер басым. Бір жұмыс орнына 11 жұмыссыз адам тіркеледі. Молдова ТМД елдеріне үлкен еңбек мигранттарына миграциялық ағым береді, әсіресе Ресейге. 2005ж максималды көрсеткішті – 12,9мың адамды құрды. Орта айлық жалақы 32,8 долларды құрайды. Зейнетақының орташа көлемі 6,9 долл. ТМД елдерінен тек қана Тәжікстан (1,8 долл.) төмен құрайды. Халықтың экономикалық белсенді деп бөлінуі былай: өңдірістегілер – 10,7%, ауыл шаруашылығында – 48,9; қызмет сферасында-37,5; құрылыста-2,9%. Халықтың көп бөлігін ауыл тұрғындары (54%) құрайды, қала халқы (46%) төмендеу. Грузия. Грузияда 5,3 млн.адам (2005ж) мекендейді. Халқының этникалық құрамы әртекті. ірі этникалық топ – грузиндер (70%), одан кейін армяндар (8%), орыстар (6 %), әзірбайжандар (6%), қалғандары осетиндер, гректер, курдтар, абхаздар, аджарлар. Грузия халықтары бірнеше субэтникалық топтардан тұрады (олардың негізгісі үшеу: грузиндер, мегрелдер және савандар, ал грузин тілі 17 диалектіден тұрады, ол халықтың субэтникалық топтарына сәйкес келеді. Халықтың көп бөлігі - христиандар (грузия христианды ІVғ. басында қабылдаған).Грузиядағы провослав шіркеуі – әлемдегі 15 автокефальды шіркеулердің бірі, ол 65% діндарларды қамтиды, орыс провослав шіркеуі -10%. Аджарлар ислам дінінде. Грузияда демографиялық жағдайы қолайсыз. 1991ж. туудың кемуі және өлімнің өсу процесі жүріп жатты, ол халықтың табиғи өсімін қысқартты. Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1991ж-13,7 %, 1999ж.-17,5%). Грузия Закавказье елдерінің арасынан алдыңғы орында. Грузияда сыртқы миграция халық санының өсуінде маңызды рөл атқарды. КСРО аймақтарынан келгендер өнеркәсіп және құрылыспен бос емес. Ел халқының тығыздығы 1км2-77,5 адамнан келеді. Төменгі аудандарында 1км2-100-150 адамға дейін жоғарылайды, ал таулы аймақтарында 1км2-5-15 адамға дейін төмендейді. Төменгі жағында (грузия халқының 89,1% тұрады, аласа таулы аймақтарда (800-1200м) – 5,8; орта тауларда (1200-1800м)-4,2; биік тауларда (1800м жоғары) тек 0,9%. 2005 жылы қала халқының үлесі 57,7% құрайды (1992ж-55,7%). Елдің жұмыссыздық деңгейі ТМД-дан бірден бір жоғары көрсеткіште 4,7%. Армения.Армения халқының саны 2001ж. басында 3802 мың адамды құрады. Олардың ішінен қала тұрғындары - 2532мың, ауылдық жерлерде - 1270мың адам. Қала халқының үлесі 66% құрайды. Елде халық санының аз болуы эммиграцияға байланысты. Арменияда эммиграция мәселесі ауқымды көлемде және көптеген азаматтары ел сыртында (табыс табады немесе тұрады) уақытша немесе үнемі болады. Әсіресе Ресейде, Батыс Еуропада, АҚШ-та, Орта Шығыс және ТМД-ның кейбір елдерінде жүреді. Армения халқының табиғи өсімі он, ол негізі екі рет туудың қысқаруынан кемиді. Әлеуметтік экономикалық шарттың төмендеуі жұмыссыздықтың өсуіне әкелді. 2000ж оның ресми деңгейі 11,7% құрады. Көбінесе жұмыссыздар деңгейі әйелдер және жастар. Жастар 29 жасқа дейіңгілер. Балалар саны азайып зейнеткерлер саны өсуде. Бұл үрдіс орта өмір сүру жасының өзгеруімен байланысты, ол 2000ж әйелдерде 74 жылды құраса ерлерде 62 жыл. Ел халқы біркелкі таралмаған. Аракс өзенінің мекенінде халық тығыздығы баршама жоғарылайды 1км2-100 адам; ал биік таулы ацмақтарда 1км2-20-25 адамға дейін түседі. (2000м биіктікте). Сонымен қатар территорияда халықтың тығыздығы Ереваннан оңтүстігіне қарай байқалады. Түркілермен шекараласқан жерінде ауыл халқының тығыздығы 1км2-200 адамға дейін өседі. Қалалық жерде елдің көптеген халқы мекендейді. Ең ірі қаласы Ереван, онда 1,2 млн тұрғыны бар. Елдің басқа да ірі қаласы болып – Гюмри және Ванадзор. Бұл қалалардың әрқайсысында 200 мың халы бар. Әзірбайжан.Елдің барлық халқы 8,14 млн адамды құрайды. Әзібайжанға халықтың жоғары табиғи өсімі тән, ол жылына 0,7-0,8 болады. Бірақ жалпы тенденцияда туудың қысқаруы және өлімнің тұрақты деңгейінің азаюы халықтың табиғи өсімі - 20 адамнан20 адам елдің 100 тұрғынынан 1991ж. 2000ж басында 8,1 адам. Маманданрдың бағалауынша қазіргі уақытта елдің 3млн азаматы үнемі немесе уақытша сыртқы елдерде жұмыс істейді. Әсіресе Ресейде, Туркияда, Иранда, Араб Әмірлігінде. 2001 ж көрсеткіш бойынша елдің орташа өмір сүру ұзақтығы 71,2 жылды құрайды (ерлер-69, әйелдер-75). Ерлерге қарағанда халықта әйелдер үлесі басым, бірақ айырмашылық жоғары емес. Елде балалар өлімі жоғары – 1000 сәби туылса 80,7 өледі. Елдегі халықтың көп бөлігі қалалық жерлерде тұрады. Олардың ең ірісі Баку қаласы, халық саны 1,8 млн, ал астананың барлық ауданы 2 млн жоғары. Елдің ірі қалалары Гянджа (301,4 мың адам), сумгант (228,4мың), Али-Байрашлы, Ленкорань, Мингечаур, Нахичевань, Евиах, Шемаха, Ханкенди. Қазақстан, Өзбекстан Тәжікстан, Түркменстан,Қырғызстан. Аймақтың халқы біркелкі орналаспаған. Оның орташа тығыздығы 1км2-12 адам. Бірақ Қазақстан мен Түркменстанда ол 2 есе төмен, ал Тәжікстан мен Өзбекстанда 4 есе дерлік жоғары. Өзендердің аңғарларын алып жатқан алқаптарда, тау бөктерлері мен тау аралығындағы қазаншұңқырларда халықтың тығыздығы 400 адам/км2-ге жетеді. Сонымен бірге шөлейт және биік таулы орасан зор кеңістіктерді жан адам мекендемеген. Тұрғындардың орналасуына және орын алуына тік белдеу әсер етеді. 1500-1600м биіктікке дейін халықтың орналасу тығыздығы өте жоғары. Олардың негізгі айналысатыны астық өсіру, бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, пайдалы қазындыларды шығару. 1600-2700м биіктікте халықтың тығыздығы бірден азаяды. Мұнда көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Егіншілік тек тау арасындағы қазан шұңқырларда жүргізіледі. Жоғары биік тау жайылымдарында тек мал жаюмен айналысатын маусымдық жұмыс адамдары болады, немес мүлде болмайды. Орталық Азия елдеріне халықтың жоғары табиғи өсімі тән, алайда соңғы 10 жылда ол барлық жерде кеміп кетті. Сондықтан еңбек ресурстарының артуы мен ресми жұмыссыздық деңгейі біршама дерлік. Қалалықтар үлесі төмендеген (45%). Бар болған бес қалад ғана халықтың саны 500 мыңнан сәл асады. (Қарағанды, Бішкек, Душанбе), олардың ішінде екі миллионер қала (Ташкент, Алматы) бар. Сонымен бірге ауыл халқының саны кеміген жоқ, өсіп келеді. Елдердің халқында жергілікті ұлттар басым. Ұстанатын діндері – ислам. Орыс тілді халықтардың үдере көшуіне байланысты барлық мемлекеттерде көші-қон өсімі нашар.
Әдебиеттер [1,2,3,11,14,19,27,47] Тақырып 4: ТМД елдерінің құрамындағы басты ірі аймақтар мен мемлекеттер. Ресей Федерациясына экономикалық, әлеуметтік және саяси-географиялық сипаттама.
Территориясы,географиялық орны және мемлекет жөнінде мәлімет.Ресей жер шарында жер көлемі жөнінен ең үлкен мемлекет-17,1 млн км.Ол Евразия материгінің солтүстік бөлігінде орналасқан.Ресей шекарасының ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 1орын,яғни 59,6 млн км,осының ішінде құрлықтағыдан теңіздік шекарасының ұзындығы 2есе үлкен.Құрлықтағы шекарасының ұзындығы 20 мың шақырымнан асады.Көршілес мемлекеттерінің саны-16.2.Әкімшілік территориялық бөлінуі,саяси құрылымы.Ресей федеративті мемлекет,оның құрамында 89 субьект кіреді.Оның ішінде республика,өлке,облыс,ұлттық автономды округтар,автономды облыс және федералды маңыздағы екі қала-Москва және Санкт-Петербург бар. 2000 жылдардың ортасында Ресейдің әкімшілік-территориялық құрылымы мынадай болды: -21 республика; - 6 өлке; - 49 облыс; - 2 федералды негіздегі қала; - 1 автономды облыс; - 1867 аудан; - 1091 қала; - 1922 ПГТ; - 24444 ауылдық әкімшілік; 2000 жылдың мамыр айында Ресей территориясында 7 федералды округ құрылды.Олар:Солтүстік-Батыс,Орталық,Приаолжский.Солтүстік Кавказ,Урал,Сібір және Қиыр Шығыс.2.Халқы,демографиялық жағдайы,Аймақтық айырмашылықтар. Ресей территориясының барлығында,арктикалық аудандардан басқа жерлерде халық қаныстанған,бірақ әркелкі орналасқан.Орташа тығыздығы 9адамнан, ол Ресейдің Еврропалық бөлігінде 1-км-ге 28 адамнан келсе,.Азиялық бөлігінде 2,2 адамнан келеді.Халқының саны-143,5 млн адам.Жалпы 1992-2000 жылдар аралығында 148,7 млн адамнан 145 млн,2 млн адамға дейін кеміп 2001 жыл басында 3,5 млн адамға кеміді. Ресейдегі еңбекке жарамды халық 55 пайызын құрайды.Халық шаруашылығында 70 млн-нан аса адам жұмыс жасайды.Қала халқының үлесі 74 пайыз.Миллионер қалалар саны-13.Ресейдің ұлттық құрамы 100-ден аса ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады.3.Шаруашылығына жалпы сипаттама.Ресей Федерациясы ТМД мемлекетері ішінде табиғи.экономикалық,саяси-қорғаныс,ғылыми потенциалы мен бірге территориясының көлемі,халық саны жөнінен де алдыңғы орындағы мемлекет.Экономикасын нарықтық реформалау жылдарында шаруашылығының салалық құрылымында үлкен өзгерістер жүргізілді.Энергетика-Ресейдің материалдық-техникалық базасын құруда және өндіргіш күштердің дамуында басты рольді атқарады.Ресей отын –энергетикалық ресурстардың мол қорымен ерекшеленеді.ОЭК салалары жиынтық өнімдерінің жалпы көлемі жөнінендүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі 2-ші орынды иеленеді,экспорттан түсетін табыстың 40-50 пайызын құрайды.ОЭБ салалық құрылымында 60 пайыздан аса өнім мұнай мен газдың үлесіне тиеді.Ресейде дүние жүзілік барланған мұнай қорының 13 пайызы шоғырланған.2000-жылдар ортасында аймақтық мұнай, газ, көмір өндіру көлемі бойынша Ресейдің Азиялық бөлігінде 80 пайыздан астамы өндірілді.Ресей АҚШ,Қытай, Жапония, Германиямен қатар қара металл өндірісінен жетекші 5-тік елге кіреді.Қара және түсті металлургияға Отандық өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 18-пайызынан астамы келеді.Машина жасау өнеркәсібі жан-жақты дамыған.Оның құрамына әскери-техникалық және қару жарақ шығару өнеркәсібі,ауыр машина жасау өнеркәсібі,транспорттық машина жасау өнеркәсібі,өндіріс құрал жабдықтарын шығару,аэрокосмостық өнеркәсіп,әр түрлі тұтыну заттарынш шығару өндірістері және.т.б салалар жатады.Машина жасау кешені үлесіне Ресей өнеркәсібі өнімінің 20 пайызы тиеді.Автомобил өнеркәсібі: жеңіл автомобильдер,жүк машиналарыншығару,автобус,троллейбус,трамвайшығару өндірістерінентұрады.Бастызаводтары:НижнийНовгород,Ижевск,Ульяновск,Москва,Тольятти;автобус шығару Павлова,Ликино,Саратов;жүк машиналары Москва,Нижний Новгород,Ульяновск,Набережный Чельныда. Ресей ТМД елдерімен жақсы қарым қатынаста. Бұл елде яғни басқа байланыстар бар, ішікі региондық тауарлар байланысы. Белоруссия табиғи ресурстары арқылы (газ, мұнай, көмір, дайын қара метал, синтетикалық каучук және т.б) және сонымен қоса әр – түрлі машина жасау мен химиялық өнеркәсіп өнімдерін жасау арқылы әртүрлі машина өнімдерін Ресейден әкелінеді Белоруссияның ең бірінші даму көзі машин жасау мен химиялық өнеркәсіп жасау арқылы шамамен 80 процент Ресей импорты болып келеді. Яғни сағат, материалдар, тоңазытқыш және кейбір заттарды сыртқа шығарып,ал Ресейден әскери өнеркәсіп комплекс өнімдерін алады.Белоруссияның 60 процент азық түлік өнімдері Ресейге барады. Ресей Федерациясы сонымен қоса Украйна, Қазақстан елдері мен байланыста шамамен 30 процент,оның ішінде сыртқы азық түлік сауда,машина жасау өнімдерін шығаруда ТМД ішіндегі басқа елдермен де байланыста.
Әдебиеттер [1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,19,23,45]
Date: 2016-05-18; view: 2671; Нарушение авторских прав |