Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 2: ТМД елдеріне жалпы экономикалық-географиялық сипаттама және ТМД-ның дүние жүзі саяси картасындағы орны





 

ТМД-ның геосаяси жүйесі және оның даму кезеңдеріне сипаттама. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)- дүние жүзінің саяси картасында. Дүние жүзінің саяси және экономикалық картасында ТМД ерекше аймақ ретінде ерекшеленді.. ТМД-ны ұйымдастыру мәселесі 1993 жылдың қаңтар айында шешілді және ТМД уставы қабылданды. 1996 жылы ТМД туы және эмблемасы ережелері бекітілді.

Қазіргі кезде 50-ден аса мемлекетаралық консультативтік және кординациялық органы бар. ТМД-ның жоғарғы органы – мемлекет басшыларының Кеңесі (12 президент), Үкімет басшылары Кеңесі (12 премьер –министр).

ТМД экономикалық және әлеуметтік географиясы.8 желтоқсан 1991 жылы Белоруссияда, Беловеж пущасындағы Вискуль қаласында Ресей Федерациясы, Украйна, Белорусь республикалары ТМД-ны құру жөнінде келіссөз жүргізді. 21 желтоқсан 1991 жылы Алматыда 11 мемлекет басшылары жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тең праволы ұйымын құру жөнінде мәмілеге қол қойды. 1993 жылдың желтоқсанында ТМД құрамына Грузия қосылды.Осы жылдар аралығында ынтымақтастық елдері арасында бірнеше одақтар мен интеграциялық топтасулар жүргізілді. 15 мамыр 1992 жылы Ташкентте Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қол қойды. Бұған 1993 жылы Азербайжан, Грузия және Белорусь қосылды. Ол күшіне 20.04.1994 жылы енді. Ал 1999 жылы келісімнің 5 жыл мерзімінен кейін, оны тек Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан жалғастырды.

1995 жылдың қаңтарында нарықтық шаруашылық принциптеріне негізделген және заңдастырылған сипаттағы экономиканы реттеудің бір типті механизмі мен бірыңғай таможнялық территория принциптеріне негізделген мемлекеттердің экономикалық бірлестігі Кедендік Одақ құру қабылданды. Бұған мүше ретінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан. 1996 жылдан 2000 жылдың қазан айында осы Кедендік Одақ базасында Евразия экономикалық қоғамдастығы құрылды. Мүше елдер:Белоруссия, Қазақстан, Киргизия, Ресей, Тажікстан. 1997 жылы Франциядағы Страсбург қаласында экономикалық блок ГУАМ құрылды, оған Грузия, Украина, Азербайжан, Молдава кірді.

1999жылы НАТО юбилейіндегі Саммитте Вашингтон бұл одаққа Өзбекстан қосылды. Содан блок ГУУАМ деп аталды. 2000 жылы Нью Йоркте бұл блок халықаралық ұйым статусын қабылдады. 1993 жылы қыркүйекте үш мемлекет басшылары Қазақстан, Киргизия, Өзбекстан экономикалық Одақ құру жөнінде келісімге қол қойды. 1994 жылы экономикалық интеграцияны тереңдетіп еркін сауда және қызмет көрсету келісілген есептік таможнялық, валюталық саясатқа негізделген бірыңғай экономикалық кеңестік келісіміне қол қойды.

1994 жылы шілдеде аймақтық ұйым (ЦАС) Орталық Азия Одағы құрылды. 1998 жылы блоктың жаңа аты (ОАЭҚ) Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы яғни бұл ұйым аймақтық интеграциялық бірлестік деп аталынды. Бұған бақылаушы ретінде Ресей, Украйна, Грузия,Турция, ал мүше ретінде Өзбекстан, Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан 1998 жылы кірді.

2000 жылы қаңтарда Ресей – Белоруссия Одағы құрылды. Одақтық мемлекеттердің жоғарғы мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып,Белоруссия Президенті А.Г.Лукашенко сайланды.90-жылдары ТМД көптеген елдерінде экономикалық құлдырау жүргізілді.


2001 жылдың бас кезінде Достастық елдерінде 280,7 млн. адам тұрды немесе дүние жүзі халқының 7%-і. ТМД елдерінің өнеркәсіптік потенциалы дүние жүзінің жобамен 10%-ін құрайды, табиғи қорлардың негізгі түрлерінің 25%-ы. Ал Оңтүстік Шығыс Азия аймағы елдерінде, АСЕАН-де 428 млн. адам мекендесе НАФТА (АҚШ, Канада, Мексика) -398 млн. адам, ЕО-те 27 елінде 553 млн. адам. Достастық елдері жер шарының 17% территориясын алып жатыр немесе Евразия құрлығының ½ бөлігі. НАФТА 16%, АСЕАН -3%, ЕО - 7%, Қытай 7%, АҚШ 7%. ТМД елдері мұнай өндіруден -11%, АСЕАН - 4%, ЕО-5%, Газ, электр энергиясын өндіруден НАФТА-ға орын береді. ТМД елдері астық өндіруден 5%, ЕО-8%, АҚШ-15%, Қытай - 23%. ТМД елдерінде сыртқы сауда айналымында бұл елдердің үлесі өз ішінде -30% болса, НАФТА-да 50%, ЕО-та - 60% көлемінде.

ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері. Қазіргі таңда орын алып отырған проблемалардың түп негізі тарихпен тамырлас мәселелер. Осыдан бұрын, дәлірек айтсақ, 1991 жылы желтоқсанда, тұтастай Еуразия цивилизациясында және ортақ халықтық шаруашылық кешені тарихында төңкеріс орын алды.

ТМД елдерінің көпшілігі 2008 жылы Адам дамуының индекстік көрсеткіштері бойынша орташа дамыған елдердің тізіміне ілікті. Ол туралы БҰҰ-ның Адам дамуы туралы Бағдарламасында мәлім болды. Соның ішінде Қазақстан – 73 орында, Украина - 76, Армения - 83, Грузия - 96, Азербайжан - 98, Түркменстан - 109, Өзбекстан - 113, Қырғыстан – 116 және Тәжікстан – 122 орындарда тұр. Ал Литва, Эстония, Латвия, Белоруссия және Ресей жоғары дамыған елдердің ішінде, тиісінше, 43, 44, 45, 64 және 67 орындарда тұр. Рейтинг экономикалық көрсеткіштер (халықтың тұрмыс деңгейі және жан басына шаққандағы ұлттық өнім) және демографиялық көрсеткіштер (денсаулық және орташа өмір ұзақтығы, сауаттылық және ғылым мен білімнің дамуы), экологиялық жағдай бойынша жыл сайын шығарылып отырады. Биыл «адамның қарапайым бақыттылығы бойынша» жоғары дамыған елдер ретінде - 69 ел, орташа дамыған елдер ретінде - 88 мемлекет, ал төмен дамыған елдер болып 22 ел танылды.

Әдебиеттер [1,2,3,5,22,25,30,31,33,48]







Date: 2016-05-18; view: 1444; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию