Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Нды біркелкі (тікелей) есептеп шығару әдісі
Құнды біркелкі (тікелей) есептеп шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгіқұралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептеп шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. 1 - мысал: станоктың бастапқы құны бір миллион (1 000 000) теіге, ал қалдық құны жүз мың (100 000) теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес (5) жыл деп алаынып, осы жоғарыда айтылған әдіс, яғни құнды бірқалыпты (тікелей) есептеп шығару әдісі бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол жүз сексен мың (180 000) теңгені құрайды. Яғни
1 000 000 – 100 000 = 900 000 900 000 / 5 = 180 000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900 000 теңге ((1 000 000 – 100 000), яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі бес (5) жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100% / 5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.
Станокка амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады
Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады: · Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді; · Жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп отырады; · Негізгі құралдардың қалдық құны бір қалыпты азайып отырады. 2-мысал: Ұйым бастапқы құны 50 000 теңге болатын негізгі құрылғы сатып алынды, оны екі жыл пайдаланудан кейін оның болжамды жойылу құны - 5000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде жыл сайынғы амортизация сомасы былай анықталады:
3-мысал: Сатып алынған ғимараттың бастапқы құны тоқсан сегіз мың (98 000) теңге, жойылу құны - егіз мың (8 000) мың теңге, қызмет ету ұзақтығы – 30 жыл. Құнды бірқылыпты әдіс арқылы есептеп шығару кезінде амортизациялық аударымның сомасы мынаған тең болады:
Қызмет ету ұзақтығы 12 жыл болған кезде жинақталған амортизация 36 000 теңгені құрайды. 12 жылдан кейін шаруашылық қызмет түрінің өзгеруіне байланысты қызмет ету ұзақтығы және жойылу құны қайтадан қаралады: қалған қызмет ету ұзақтығы 8 жыл (яғни барлығы 20 жыл), жойылу құны – 10 000 теңге. Нақтыланған мәліметтердің негізінде қалған 8 жылға жыл сайынғы амортизациялық аударым мынаны құрайды:
Өндірістік әдіс (амортзацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу) Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негіздлген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте (1-мысал) қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыт аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негіздеоген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелінетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелінетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыдағы табылғандай 0,09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын. Егер станок Бірінші жылы 3 миллион Екінші жылы 3 миллион Үшінші жылы 2 миллион Төртінші жылы 1 миллион Бесінші жылы 1 миллион өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелінетін амортизациялық аударым мөлшері Бірінші жылы 270 000тг = 3 миллион х 0,09 Екінші жылы 270 000тг = 3 миллион х 0,09 Үшінші жылы 180 000тг = 2 миллион х 0,09 Төртінші жылы 90 000тг = 1 миллион х 0,09 Бесінші жылы 90 000тг = 1 миллион х 0,09 сомаларына тең болады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі
Бұл әдісті (өндірістік әдіс) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның саңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады. 4-мысал: Техникалық төлқұжатқа сәйкес көшірме құрылғысы (принтер) 500 000 (бес жүщ мың) көшірме басып шығаруы немесе 10 000 (он мың) сағат жұмыс істеуі керек. Құрылғының бастапқы құны – 12 000 теңге, жойылу құны – 1 000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде амортизациялық норма былай анықталады:
Есепті мерзім ішінде көшірме құрылғысы арқылы 110 000 көшірме жасалды, ал құрылғының жұмыс істеген уақыты 1 900 сағат. Әрбір жағдайда жылдық амортизациялық аударым мынаған тең болады:
0,022 х 110 000 = 2420 теңге 1,10 х 1 900 = 2 090 теңге
Date: 2016-05-15; view: 2569; Нарушение авторских прав |