Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Негізгі құралдарды жөңдеудің есебі
Ұйымдардағы негізгі құралдар пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозады. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құралдарістен шығуы (пайдалануға жарамсыз болып қалуы) мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдалану мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін бір уақыт аралығында жөңдеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөңдеу жұыстары өзінің ұйымдастырылуына байланысты екіге бөлінеді: 1. Жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды). 2. Күрделі. Жай жөңдеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалрына келтіру болып табылады. Бұл жөңдеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөңдеу жұмыстары жатады. Ал негізгі құралдарғы жүргізілетін күрделі жөңдеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи жағынан тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Мұндай жөңдеуге жұмсалған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негіз құралдардың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөңдеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып, активтің болашақта табыс әкелуін көздейді. Ал ағымдағы жөңдеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөңдеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептелінеді. Негізгі құралдарды жөңдеудің екі тәсілі бар: 1. Шаруашылық тәсіл 2. Мердігерлік тәсіл Егер, кәсіпорын негізгі құралдарды өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілмен жүргізілген жөңдеу болып табылады. Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып табылады. Басқа ұйымдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөңдеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі. Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» толтырылады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер (өзгертулер мен толықтырулар) жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорының өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шығындар: · «Ақталмаған құрылыс»; · «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар»; · «Жалпы және әкімшілік шығындар»; · «Негізгі құралдарды жөндеу» үстеме шығындары деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, ал мына төмендегілері: · «Материалдар»; · «Бюджетпен есеп айырысу»; · «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несиелік борышы»; · «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу»; · «Басқадай несиелік борышпен есептеулер» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебеттелініп, «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шоты кредиттелінеді. Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізілген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, «Қосалқы өндірістер» шоты кредиттеліп, «Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер» шоты дебиттеледі. Ал еер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе, «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу» шоты кредиттеліп, «Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер» шоты дебеттеледі. Жыл соңында «Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер» - деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
Date: 2016-05-15; view: 1806; Нарушение авторских прав |