Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бөлім. Негізгі құралдар





Курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................

1 Бөлім. Негізгі құралдар...................................................................

1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктемесі.............................

1.2 Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау.

2 Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.................

2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік

2.1 Негізгі құралдарды жөңдеудің есебі

2.3 Амортизация түсінігі және амортизацияны есетеу әдістері

Қорытынды.........................................................................................

Пайдалаған әдебиеттер тізімі............................................................

Кіріспе

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар (НҚ)деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйеслік бақылауды ұйымдастыру.

2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.

3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.

Курстық жұмыста негізгі құралдар амортизациясын есептеу әдістері қарастырылған, осыған орай курстық жұмыстың негізгі мақсаты: кәсіпорындарда қалыптасқан ХҚЕС №16 бойынша негізгі құралдарға амортизация есептеу тәсілдерін және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес амортизация есептеу тәсілдерін көрсету.

Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер атқарылуы тиіс:

· Негізгі құралдардың түсінігі мен жіктемесіне тоқталу;

· Негізігі құралдарды бағалау және қайта бағалау;

· Негізгі құралдардың тозуына түніктеме беру;

· Негізгі құралдардың жөндеудің есебі;

· Негізгі құралдарға бухгалтерлік есептегі амортизация есептеу тәсілдері

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып олардың бағалаудың қабылданған қағидасы болып табылады.

Негізгі құралдардың тозуы екіге бөлінеді:

· Сапалы жағынан тозу;

· Табиғи.

Негізгі құралдардың (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер және тағы да басқалар) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизаци» деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді.


№6 БЕС мен №16 ХҚЕБС сәйкес амортизацияны есептеу мынадай әдістер қолданылады:

1. Құнды біркелкі (тікелей) есептеп шығару әдісі

2. Өндірістік әдіс (амортзацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

3. Жылдамдатып есептеп шығару әдістері:

- Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару (кумулятивтік әдіс) әдісі.

- Қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың амортизациясы өндіріске қатысты негізгі құралдар үшін өнімнің өзіндік құнына жатқызылып, ал басқару персоналы қолданылатын негізгі құралдар кезең шығындарына кіргізіледі, сол арқылы бухгалтерлік пайда есептеледі. Салықтық есепте негізгі құралдардың амортизациясы жылдық жиынтық табыс сомасынан шегерімге жатқызылып, салықтық пайданы анықтау кезінде қолданылады.

 

Бөлім. Негізгі құралдар







Date: 2016-05-15; view: 2329; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию