Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Негізгі клеткаішілік органеллелар және олардың негізгі қызметтері
Клеткаішілік қозғалыс. Ақуыздар ағыны: везикулярлы ағын. Клетка ішіндегі ауысушылықтың негізгі үлгілері – бұл ақуыздар ағыны және көпіршіктер (везикулалар) ағыны. Клетканың маңызды міндетінің біреуі – клетка ішінің әртүрлі бөлімдеріне және клеткадан тыс кеңістікке молекулаларды жеткізу болып саналады. Клеткаішілік және клетка аралығындағы материалдың ауысуының белгілі қатал жолдары бар. Жоғары маманданған клеткаларда кейбір варияциялардың кесдесуі мүмкін болғанмен, эукариотты клеткаларда клеткаішілік ағындар әдетте ұқсас. Мысалы, органеллалар аралықтарында кейде екі бағыттанған ағындар болғанмен, ақуызды және везикулярлы ағындар көбінесе бір бағытты – мембраналық ақуыздар эндоплазмалық ретикулумнан клетка сыртына қарай көшіріледі. Заттарды клетканың бір бөлімінен басқасына жеткізуді арнаулы ақуыздар атқарады. Сигнальді дәлдік ретінде осы ақуыздардың арнайы полипептидті жүйелілігі орындайды. Медицинадағы соңғы екі 10 жылдықтағы маңызды жаңалықтың ашылуы, осындай тасымалдайтын жолдардың қайсысы бұзылсада, ауруға алып келуі мүмкін. Маркерді танитын, маркер немесе локус сигналының кемшілігі (ақау), клетканың және ағзаның сау жағдайын анағұрлым бұзады. Осы жолдарды толық оқып білу адамдағы көптеген аурулардың молекулалық негізін түсініу үшін өте қажетті. Клеткалы ядро. Эукариот клеткасының ядросының пішіні домалақ, клетка центріне жақын орналасқан. Ядролы материал, хроматин, ДНҚ, гистондардан және әртүрлі ядролы ақуыздардан тұрады, келесі процесстерге қатысады:
Ядроның ішіндегі құрылым, ядрошық деп аталады. Онда, ДНҚ ілмектерінен болатын хромосомалар және үлкен жинақталған рибосомальді рибонуклеин қышқылы (р-РНҚ) гендері болады. Әрбір осындай гендердің жыйналуы ядрошықты ұйымдастырушы деп атайды. Ядрошықта келесі процесстер болады:
Ядрошық мөлшері клеткада ақуыз синтезінің белсенділігін қамтиды. Клетка белсенді болған сайын, ядрошықта үлкенірек болады. Date: 2016-05-14; view: 1012; Нарушение авторских прав |