Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эластикалық артерияның құрылысы





Жүрек, қан тамырлар жүйесі

Жүрек, қан тамырлар жүйесінің құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Олар организмде қанның, қоректік және биологиялық белсінді заттардың таралуын қантамасыз етеді.

Қан тамырлары диаметрі әр-түрлі тұйықталган түтікшелер. Олар тасмалдау қызметін атқарады, мүшелердегі зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Дамуы. Алғашқы қан тамырлары эмбрионалдық дамудың 2-3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасында пайда болады. Даму көзі мезенхима болып табылады. Мезенхималық аралшықтың шетінде орналасқан жасушалар сопақшаланып аралшықтың сыртын қөршап орналасқан эндотелиоциттерге айналады. Орталық бөлігіндегі жасушалар қан жасушаларына айналады. 3-ші аптадан бастап ұрықтың тамырлары ұрықтан тыс мүшелердің тамырларымен бірігеді. Кейінгі тамырлардың өсуі қан айналымы басталғанда жүреді, яғни оның гемодинамиқалық жағдайында байланысты дамиды.

Артериялардың жіктелуі

Артерияларды диаметріне орай кіші, орта және үлкен калибрлі деп, ал құрылысы бойынша 3 топқа жіктейді:

1. эластикалық артериялар

2. бұлшық етті артериялар

3. аралас артериялар

Эластикалық артерияның құрылысы

Эластикалық артерияның қабырғасы да 3 қабықшадан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабықша 3 қабаттан тұрады:

1. эндотелий

2. субэндотелий (эндотелий асты қабаты)

3. эластикалық талшықтардың өрімі

Эндотелиоциттер жазық пішінді, базальды мембранада орналасқан. Көбінесе бір ядролы болып келеді. Бұл жасушаларда эндоплазмалық тор нашар дамыған, рибосомалары аз болады. Митохондриялардың саны 200-ден 700-ге жетеді.

Эндотелиоциттер жазық пішінді, базальды мембранада орналасқан. Көбінесе бір ядролы болып келеді. Бұл жасушаларда эндоплазмалық тор нашар дамыған, рибосомалары аз болады. Митохондриялардың саны 200-ден 700-ге жетеді.

Эндотелий асты қабаты борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Оның қалыңдығы тамыр қабырғасының қалыңдығының 20%-дей болады. Дәнекер тінінің ішінде жеке жатқан жазық миоциттер кездеседі. Жасушааралық зат фосфолипидтер мен гликозаминогликандарға бай болады.

Ортаңғы қабықшаның құрамында ойықты эластикалық мембраналар жүйесі және осы мембраналардың арасында жекелеген жазық миоциттер орналасады. Бұл қабықшаның осындай құрылысы оның созылғыштығын, серпімділігін, беріктігін қамтамасыз етеді.

Сыртқы қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен құралған. Оның құрамында жуан эластикалық, коллаген талшықтары болады. Бұл қабықшада тамырдың тамырлары және жүйкелік элементтер өтеді.







Date: 2016-05-14; view: 1136; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию