Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бұлшық еті орташа дамыған вена





Бұл тамырға йық венасын жатқызуға болады. Оның ішкі қабықшасы эндотелиальды және эндотелий асты қабаттарынан тұрады да қақпақшалар құрайды. Ішкі эластикалық мембрана жоқ, оны эластикалық талшықтар торы алмастырған. Ортаңғы қабықша жазық миоциттерден, эл.талшықтардан тұрады. Сыртқы қабықша қалың, БТДТ құралған.

Бұлшықеті жақсы дамыған вена.

Бұлшық еті жақсы дамыған веналарға сан, ал орташа дамыған тамырға иық веналарын жатқызады. Оларда бұлшық ет элементтері барлық қабықшада жақсы дамыған. Сыртқы және ішкі қабықшаларда жазық миоциттер бойлай, ал сыртқыда айналмалы орналасқан.

Веналардың қабырғасының адамның жасына байланысты өзгерістері

Веналардың варикозды кеңеюі кезінде тамырлардың қақпақшалары зақымданады. Олардың склерозы жүріп, қақпақшалардың арасы ашылады. Коллаген талшықтарының гиперплазиясы анықталады.

МАА тамырлары

МААрнасының қызметтері

1. Трофикалық және тыныс алу функциясы (қан және тіндердің арасында зат және газ алмасу). Бұл қызметтер негізінен капиллярлар мен венулаларға тән. Олардың жалпы алмасу беткейлері шамамен 1400 м2, немесе 100 г тінге 1,5 м2 болады.

2. Қойма қызметі. Тыныштық жағдайында МАА тамырларында қанның біраз көлемі қоймаланады

3. Дренаждық қызметі. МАА әкелдуші артериялардан келетін қанды жинақтап оны мүшеге таратады.

4. Мүшедегі қан ағымын реттейді. Бұл қызметті жұмдары болғандықтан артериолалар атқарады.

5. Тасымалдау қызметі.

МАА құрамына артериолалар, прекапиллярлар, капиллярлар, посткапиллярлар, венулалар, артериоло-венулярлық анастомоздар жатады.

В МАА 3 бөлімді ажыратады: артериальдық (артериолалар және прекапиллярлар), капиллярлық және веноздық (посткапиллярлық, жинақтаушы және бұлшық етті венулалар).

Артериолалар. Бұл тамырлардың диаметрі 50-100 мкм. Олардың құрылысында барлық 3 қабықша да сақталады, бірақ олар артерияға қарағанда жұқарақ болады. Ішкі қабықша, артериядағы сияқты 3 қабаттан тұрады, бірақ эндотелий асты қабаты өте жұқа, ал эластикалық мембрана кей жерде жұқарған, кіші артериолаларда мүлдем болмауы мүмкін. Ортаңғы қабықша жазық миоциттердің 1-2 қабаттарынан тұрады, олар бір-бірімен нексустар арқылы байлысады, ал өсінділері ішкі эластикалық мембрананың саңылаулары арқылы эндотелиоциттермен тікелей байланыста болады. Эндотелий релаксация факторын бөлу арқылы қанның құрамы туралы мәліметті эндотелийден миоциттерге жеткізеді. Мысалы, қанда оттегінің азаюы туралы мәліметті эндотелий миоциттерге жеткізеді, бұл бұлшық еттің босаңсуына әкеліп, артериола кеңейеді, осының нәтижесінде тінге келетін қанның және оттегінің мөлшері жоғарылайды. Сыртқы қабықша БТДТ тұрады. Артериоладан капиллярдың шығатын жерінде жазық бұлшық еттен тұратын жұм бар, ол қанның ағымын реттеуге қатысады. Бұл аймақ прекапилляр деп аталады.

Капиллярлар. Капиллярлар ең жіңішке тамырлар. Олардың да құрысында қабаттылық анықталады. Ішкі қабаты эндотелийден құралған. Эндотелийлерде жалпы органеллалардың бәрі де бар және транскапиллярлық тасымалды қамтамасыз ететін көптеген пиноцитоздық көпіршіктер болады. Эндотелиоциттердің арасында дифференцияланған және камбиальды жасушалар бар. Камбийдің есебінен эндотелийдің қалпына келуі жүреді. Қазір капиллярлардың және де басқа тамырлардң эндотелиоциттерінің синтетикалық белсенділігі өте жоғары екендігі анықталған. Олар кең ықпалды спектрлі көптеген биологиялық белсенді заттарды өндіреді:

1) простагландиндер мен простациклиндер;

2) өсу факторы (фибробластылардың сілтілі өсу факторы, тромбоцитарлық өсу факторы, инсулинтәрізді өсу факторы, тимоциттердің пісіп-жету факторы);

3) коллаген;

4) әртүрлі медиаторлар (эндогенді пироген, интерферон, интерлейкиндер);

5) релаксация факторы (негізінен азот оксиді);

6) вазоконстрикторлар, мысалы, эндотелин-1. Бұл заттар эндотелиоциттердің қалыпты және патология жағдайларында маңызын анықтайды.

Сонымен қатар эндотелиоциттер өзінің беткейіне гормондарды орнықтырып, биологиялық белсенді заттарды залалсыздандыруға, липопротеидтерді ыдыратуға, қанның ұю жүйесінің факторларын өндіру арқылы ұюды реттеуге, тромбоциттердің агрегациясын тежеуге қабілетті. Сонымен эндотелий тамыр қабырғасының белсенді қабаты болып табылады. Ол қабырға қасындағы қан жасушаларымен, тамырдың басқадай жасушаларымен және жасушааралық матрикспен жасушааралық арақатынастарға белсенді түрде ықпал ету арқылы олардың құрылысына және қызметтік белсенділігіне әсер етеді.

Капиллярдың эндотелиальды қабаты ішкі қабықшаның аналогы. Ол базальды мембранада орналасқан. Базальды мембрана басында 2 жапырақшаға жарылады, кейін қайтадан бірігеді. Мұның нәтижесінде ішінде перицит орналасқан қуыс пайда болады. Бұл жасушаларда вегетативті жүйкелік аяқтамалар аяқталады, жасушалар жүйке жүйесінің реттеуші ықпалының арқасында су жинақтай алады да олардың көлемі ұлғаяды. Жасушадан су аласталғанда олар кішірейеді, капиллярдың қуысы ашылады.

Перициттердің қызметтері:

1) Капиллярдың диаметрін өзгерту

2) Жазық бұлшық ет жасушасының түзілуіне қатысады

3) Капиллярдың қалпына келуі кезінде эндотелийдің пролиферациясын қадағалау

4) базальды мембрананың компонентерінің синтезі

5) фагоцитоз

Перицитті базальды мембрана ортаңғы қабықшаның аналогы. Одан сыртқа қарай құрамында БТДТ үшін камбий қызметін атқаратын адвентициальды жасушалары болатын негізгі аморфты заттың жұқа қабаты орналасқан. Басқа көзқарасқа орай камбий қызметін перициттер атқарады.

Капиллярларды Эл/микроскоптық тұрғыдан 3 топқа бөледі:

1. Соматикалық - теріде, бұлшық етте, бас миында, жұлында орналасады. Барлық қабаттары тұтас орналасқан.

2. Фенестрлі немесе висцеральды - эндотелий жасушаларының цитоплазмасының жұқарған аймақтары немесе фенестрлері бар. Ішкі мүшелерде және эндокриндік мүшелерде орналасқан.

3. Синусоидты немесе саңылаулы. Базальдық мембрана мен эндотелий қабаттарында үзіктер пайда болады және бұл капиллярлардың көлемі үлкен. Қанжасаушы мүшелерде-қызыл жілік майында, көкбауырда, бауырда болады. Кейде бұл тамырларға лакуналарды жатқызады.

Сипатталған капиллярлар қатып қалған құрылымдар емес, олар мүшенің қызметі өзгерген жағдайда бір-біріне айналуы мүмкін. Мысалы, бұлшық еттің қарқынды жұмысы жағдайында соматикалық капиллярлар фенестрленген, кейде синусоидты капиллярға айналуы мүмкін.

Жүрек

Жүрек қанды тамырлардың бойымен жылжытушы мүше. Оның қабырғасында 3 қабықшаны ажыратады:

1. (ішкі)-эндокард

2. (ортаңғы)-миокард

3. (сыртқы)-эпикард

Эндокард-ол жүректің ішкі, қанмен байланысатын құрылымдарын қаптап жатады. Оның қалындағы жүректің әр болігінде әр түрлі. Эндокард 5 қабаттан тұрады:

1. эндотелий

2. субэндотелий

3. эластикалық-бұлшық етті

4. бұлшық етті-эластикалық

5. сыртқы дәнекер тіндік

Эндотелиоциттер - базальды мембранада орналасқан полигональды жасушалар. Оның астында дәнекер тінінен тұратын субэндотелий қабаты орналасады. Одан тереңірек бұлшық етті-эластикалық қабат бар. Эластикалық талшықтар жүрекшелерде көбірек болады, ал бүлшіқ ет жасушалары қолқаның жүректен шыққан жерінде жақсы дамыған. Эндокардттың ең терең қабаты дәнекер тінінен тұрады. Оның құрамында жуан эластикалық, коллаген және ретикулярлық талшықтар бар.

Миокард-көлденең жолақты бұлшық ет жасушаларынан құралған талшықтардан тұрады. Жүректің көлденең-жолақты бұлшық ет тінінің құрылымдық-қызметтік бірлігі кардиомиоцит. Оның екі түрін ажыратады: жиырылғыш, және өткізгіш.

Жиырылғыш кардиомиоциттердің пішіні цилиндр тәрізді, ұзындығы 50-120 мкм-ге дейін жетеді. Ортасында орналасқан 1-2 ядросы болады. Миофибриллалары көп, ұзына бойына орналасқан. Бір-бірімен олар тізбектеле байланысып, бұлшық ет талшықтарын құрайды. Біріккен жерлерінде ендірме дискілер орналасады. Интерстицилды дәнекер тінінің құрамында көптеген гемо, -лимфокапиллярлар болады. Әрбір кардиомиоцит 1-3 капиллярлармен байланысты болады.

Өткізгіш жүйенің құрамына синустық түйін, атрио-вентрикулярлық түйін. Гисс жоғары, Пуркинье талшықтары жатады.

Өткізгіш кардиомиоциттер домалақ пішінді, үлкен. Миофибриллалары аз, жасушаның шетіне қарай орналасқан, сондықтан цитоплазмасы ашық түсті болып көрінеді.

Эпикард пен перикард-дәнекер тіні мен мезотелийден тұрады.

 

 

Жүректің дамуы.

Эмбрионалдық дамудың 3-ші аптасында басталады.

Эндокард-мезенхимадан дамиды.

Миокард және эпикард миоэпикардиальды табақшадан дамиды.

 

Date: 2016-05-14; view: 1007; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию