Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Меншік қатынастарының мазмұныСтр 1 из 59Следующая ⇒
Жоспар Кіріспе бөлім. Меншік қатынастарының мазмұны. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Азіргі экономикадағы меншіктің түрлері мен нысандары. Меншік қатынастарын экономикалық іске асыру. Меншікті ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және жекешелендіру. Азақстандағы меншік қатынастарын реттеу. Экономикадағы жеке және мемлекеттік сектор арақатынасы. Экономикалық жүйе түсінігі. Экономикалық жүйе типтерінің сипаттамасы. Экономикалық жүйені жіктеу критерилері:меншік нысаны, шаруашылық өнімді үйлестіру әдістері, технологиялық даму деңгейі, қоғамдық-экономикалық формациялар, өркениеттік әдіс. Азақстанның қазіргі экономикалық жүйесі. Орытынды бөлім. Пайдалынылған әдебиеттер.
Кіріспе. Экономикалық жүйе- экономиканың өзара байланысқан және реттеліп жүйелендірілген элементерін айтамыз. Экономиканың жүйелі мінездемесінен тыс экономикалық байланыстар мен институттар дұрыс жүргізілмей, экономикалық процестердің теориялық зерттеуінің негіздері анықталмай қалар еді. Ал бұл жағдайда мемлекеттің нақты мақсаттарға бағытталған тиімді саясаты болмаған еді. Кез- келген мемлекеттің саясаты сол экономикалық жүйедегі рөлін анықтайды. Қазіргі кездегі экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлі – өткір мәселесі болып табылады. Ол көп талқыланғанымен, оның көп жақтары ескерілмей қалғаны жөн. Бұл мәселені шешудің жеке институттардың мен мектептердің принциптері әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Бір жағынан, либералды экономистердің тұжырымы бойынша мемлекеттің экономикадағы рөлі минималды болуы керек деп санаған. Басқа ғылыми мектептердің өкілдері нарықтық экономикадағы мемлекеттің орыны маңызды деп, оны күшейтуді қалаған. Қоғамдық институттардың жүйесіндегі мемлекеттің ерекше орыны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі барлық элементтердің қызметінің атқарылуын қадағалайтын басқару субъектісі болуымен анықталады. Қоғамның жалпылай өкілеттігі болып, ол экономиканың агенттердің қызметін реттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жерде бақылаудың негізінен бес маңызды факторын ашуымыз керек. Біріншіден, бақылау мемлекеттің тұрақты қызметі ретінде барлық атқарушы органдарының жүйесінде болуы керек; Екіншіден, жергілікті басқару органдарының бақылауы, күрделі емес болып бақылаудың барлық түрлерін қамту керек; Үшіншіден, бақылау демократияның принциптеріне сәйкес, қоғамның қатысуымен жүргізілуі қажет; Төртіншіден, жергілікті басқару органдарының бақылауы нақты мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік және басқа да маңызды мәселелерді шешуі керек; Бесіншіден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың нақты сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге қазіргі нарықтық экономика жағдайында, басты проблемалардың бірі- елдің нарығын мен экономикасын кеңейту болып табылады. Меншік қатынастарының мазмұны. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен, қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері, мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады Меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани иігіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншік категориясы кез-келген экономикалық жүйені ұйымдастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші-адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда табудың қайнар көзі ретінде саналады. Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты. Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез-келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын сипаттайды.
Date: 2016-05-14; view: 1944; Нарушение авторских прав |