Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, "Жеті жарғы". 1995 жыл 30 тамыз.

2. Қазақстан Республикасының Президентінің қазақ халқына Жолдауы., А.: 2005

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы. "Жеті Жарғы". 1997 жыл.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. А., 1999ж.

5. Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан. "Жеті Жарғы" Алматы 2001 ж.

6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік, Алматы 2001

7. «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтауы жөніндегі» N3 қаулысында

8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі., А. 1999

9. «Қазақстан Республикасының 16 шілде 1997 жылғы Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Заңы

10..Владимирова В.А., Квалификация похищений личного имущества граждан. М, 1974

11.Гражданское законодательство РК; Статьи, комментарий, практика. Алматы, 1999

12.Горбачев А.В., Тениев Э.С. Размер хищения и его доказывание. Горький, 1986

13. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права РК. Алматы, 2001

Кригер Г.А. Квалификация хищения социмущества. М,1974

14. Крылов И.Ф. Криминалистическая характеристика преступления. Алматы, 2001

15.Колесниченко А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. Харьков, 1976

16. Литовченко В.К. Уголовная ответственность за постягательство на соц собственность. М,1983

17. Уголовное право. Особенная часть \\ Под ред. В.Н.Кудрявцева, А.В.Наумова М., 2006.

18. Уголовное право. Особенная часть \\ Отв.ред.: д.ю.н., проф. И.Я.Козаченко,

д.ю.н., проф. З.А.Незнамова, к.ю.н., доц Г.П.Новоселов. – М.: НОРМА-ИНФРО, 2008. – 768 с.

19. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть \\ Под. ред. Б.В.

Здравомыслова. М., 2006.

20. Уголовное право. Особенная часть: Учебник // Под ред. А.И. Рарога. М.:

Триада Лтд.,2005. 480 с.

21. Гернет М.Н. Избр. Произв. М., 1994.

22. Антонян ю.М. изучение личности преступника. М., 1999

23. Жұмағали А.Қ., Криминология. Жалпы бөлім. Алматы., 2003

24. И. Корзун. Феномен женской преступности. Фемида, 2002.№ 1, с. 65-68.

25. Э.С. Тенгов. Уголовный закон и преступление. Иваново, 2007.

26. А.С. Шляппогинов. Толкование уголовного закона. М., 2001г.

27. Коган М.С., Человеческая деятельность. М., 2003.

28. Блувштейн Ю.Д., Яковлев А.М., Ввендение в курс криминологии. Минск.

29. Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі, Алматы, 2001 ж.

30.Закон РК от 18 декабря 1992 г. «О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне».

31. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі №9 «Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша Республика заңдарын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысы.

32. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. - Алматы: Жеті жарғы, 1997ж. 75 б.

33.Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав.М., 1992г.

34.ҚР Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. А.2001 ж.

35.Сергеев А.П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. М., 1997 г.

36.Новицкий И.Б. Римское право, М., 1993г.

37.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.-Алматы: ЮРИСТ,2007.-124 б.

38.Иоффе О.С. Обьязательственное право. М., 1975.

39.Моткин Г.А. Экономико-правовые основы страхования риска загрязнения окружающей среды //Государство и право, 1994 6.

40.Бажайкин А.Л. Экологическое страхование: теория и практика //Законодательство, 2000 г.

41. Васильева М.И. Судебная защита экологических прав. М., 1996г.

 

 

 

Осымшалар

 

Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2007 жылғы «10» мамыр

№201 бұйрығымен бекітілген

 

Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы

НҰСҚАУЛЫҚ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулық олардың қызметінің негізгі бағыттарын, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД), қалалық және аудандық ішкі істер органдары (бұдан әрі - ҚАІІО) басшыларының осы қызметті бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін белгілейді.

2. Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу жөніндегі ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Ветеринария туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасының Орман кодексі, экология мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

3. Ішкі істер органдарының экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық ІІД, КІІД, ҚАІІО бірінші басшыларына жүктеледі.

4. Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу, сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру осы қызмет бағытына жетекшілік ететін ішкі істер органдарының орынбасарлары жүзеге асырады.

2. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күреске және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының негізгі міндеттері мен функциялары


 

5. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

1) басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен табиғатты қорғау, карантиндік және санитариялық іс-шараларға қатысу;

2) басқа да экологиялық заңнаманы бұзушылықтарға және браконьерлікке қарсы күресте қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға көмек көрсету болып табылады.

6. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының негізгі функциялары:

1) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) ішкі істер органдарының қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі басқа да құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру.

7. Табиғатты қорғау полициясының штаттық қызметкерлері жоқ ҚАІІб-де қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен, экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу және жұмысты ұйымдастыруды ҚАІІб бастығының бұйрығымен табиғатты қорғау полициясы желісі бойынша міндеттер жүктелген қызметкерлер жүзеге асырады.

8. Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері өз құзіреті шегінде ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оның ішінде осы Нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды.


9. Табиғатты қорғау полициясының қызметі өзге мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеуде өзара іс-қимыл жасасу негізінде заңдылық, жариялылық және жеке тұлғаны құрметтеу қағидаттарына сәйкес құрылады.

10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында табиғатты қорғау полициясы бөлімі Әкімшілік полиция комитетінің құрамына кіреді (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ІІМ). Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ІІД-де табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері аппараттың дербес бөлімшелері болып табылады.

11. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, ІІД, КІІД, ҚАІІб табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің құрылымы мен штаттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

12. Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері ішкі істер органдарының басқа да қызметтерімен, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, өздерінің алдында тұрған міндеттерді орындайды.

13. Табиғатты қорғау полициясы қызметін ұйымдастырудың негізі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, ІІД, КІІД, ҚАІІб-нің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен экологиялық заңнаманы бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарлары болып табылады.

14. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің басшы құрам лауазымдарына бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес тағайындалады.

15. Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің жеке құрамы мен көлік және басқа да техникалық құралдары тек негізгі мақсаты бойынша ғана пайдаланылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАІІб басшылығының өкімі бойынша бұл қызметтің күштері мен құралдары бұқаралық іс-шаралар өткізу және төтенше жағдайлар кезінде табиғатты қорғау және карантиндік іс-шараларға қатысуды әлсіретуге жол бермей, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тартылуы мүмкін.

16. Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің басшыларына:

1) табиғатты қорғау және карантиндік іс-шараларға, экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күреске қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару;

2) табиғатты қорғау полициясы қызметінің желісі бойынша Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерінің, жоғары тұрған инстанциялар шешімдерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрықтары мен нұсқаулары талаптарының орындалуын бақылау;

3) аумақтық ішкі істер органдарының экологиялық құқық бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған шаралар жөніндегі қылмыстық және әкімшілік тәжірибесінің статистикалық деректеріне ұдайы талдау жасау және қорыту;

4) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен, басқа да мемлекеттік органдармен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, ішкі істер органдарының басқа да қызметтерімен экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;

5) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алқа мәжілістеріне, жедел кеңестеріне, сондай-ақ экологиялық заңнаманы бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстарына ішкі істер органдарының экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысуының нәтижелері және қабылданып жатқан шаралар туралы материалдар дайындау;

6) экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу жөніндегі ішкі істер органдары қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, жұмысты ұйымдастыруды жақсартуға, өзара іс-қимыл жасасу нысандары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған бұйрықтардың, нұсқаулардың, әдістемелік ұсынымдардың, шолулар мен басқа да басқару шешімдерінің жобаларын әзірлеу;

7) табиғатты қорғау және карантиндік іс-шараларға, сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларға тікелей қатысу;

8) табиғатты қорғау полициясының аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

9) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмыстың оң тәжірибесін зерделеу, қорыту және практикаға енгізу;

10) экологиялық құқық бұзушылықтарды, табиғатты қорғау полициясы желісі бойынша қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, қоғамдық ұйымдардың арыздарын, хабарламаларын және басқа да ақпаратын есепке алудың және тіркеудің жай-күйін зерделеу;

11) жұмыс желілері және қызмет көрсететін аймақтар бойынша істерді белгіленген тәртіппен жүргізу;

12) ай сайын (тоқсан сайын) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен экологиялық қылмыстарды есепке алу және тіркеу бойынша салыстыра тексеру жүргізу жүктеледі.

17. Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері қызметкерлерінің функциялық міндеттерінде қарастырылады:

1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен бірге экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралардың жоспарын әзірлеу;

2) экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік және қылмыстық практиканы, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілетін рейдтік іс-шаралардың нәтижелерін жинақтау және талдау;

3) өткізілетін бірлескен іс-шаралардың тиімділігін арттыру және өзара іс-қимыл жасасуды жандандыру, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен семинарлар, кеңестер, жұмыс кездесулерін ұйымдастыру;

4) қызметтік даярлық жүйесінде ішкі істер органдарының табиғатты қорғау саласындағы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша арнайы сабақтар ұйымдастыру және өткізу;

5) ішкі істер органдарының табиғатты қорғау қызметіндегі оң тәжірибесін зерделеу және практикасына енгізу;

6) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ішкі істер органдарының экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу жөнінде қабылдаған шаралары мен оның нәтижелері туралы материалдар дайындау;

7) табиғатты қорғау полициясы желісі бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, облыстардың ІІД нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

8) халық арасында экологиялық заңнама талаптарын сақтау және оны бұзғаны үшін жауапкершілік жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

18. Жоспарлау және есеп беру:

1) қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуды жандандыру мақсатында және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен бірге іс-шаралар жоспары әзірленеді;

2) бірлескен іс-шаралар жоспары экологиялық құқық бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жалпы ұйымдастыру және практикалық іс-шараларды қарастыра алады. Рейд нәтижелерін республикалық және облыстық ақпарат агенттіктерінде кеңінен жариялау үшін рейдтік іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады;

3) экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске қатысуы жөніндегі ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері туралы статистикалық есеп деректері Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен белгіленген мерзімде ай сайын және тоқсан сайын жоғары тұрған ішкі істер органдарына жіберіледі.

19. Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске ішкі істер органдарының қатысу нәтижелері туралы анықтама баяндау жазба ретінде толтырылып, ІІД, КІІД-ге тоқсан сайын есеп беру мезгілінен кейінгі айдың 5-не жіберіледі. Жинақталған баяндау жазба Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне тоқсан сайын есеп беру мезгілінен кейінгі айдың 15-не жіберіледі.

ІІД, КІІД-не жіберілетін баяндау жазбаға ішкі істер органдарының басшылары қол қояды, олар жоқ кездерде табиғатты қорғау саласы қызметіне жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жіберілетін баяндау жазбаға ІІД, КІІД басшыларының қызмет бойынша орынбасарлары қол қояды.

Баяндау жазбада болуы қажет:

1) табиғатты қорғау, карантиндік және санитариялық іс-шараларға, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге қатысу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы шынайы ақпарат;

2) экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу және әкімшілік практиканың жай-күйін талдау;

3) экологиялық заңнаманы бұзуға ықпал ететін себептер мен шарттар және оларды жою жөнінде қабылданған шаралар;

4) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырудың жай-күйі;

5) экологиялық қылмыстар бойынша ішкі істер органдарының статистикалық есеп беру деректері мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті аумақтық бөлімшелерінің деректерін салыстырып талдау;

6) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу іс-шаралары бойынша ішкі істер органдары қызметтерінің іс-қимылдарын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

20. Табиғатты қорғау полициясы бөлімдері қызметінің нәтижелері жарты жылда бір рет ІІД, КІІД, ҚАІІБ басшылары жанындағы жедел кеңес отырыстарында қаралуы қажет.

4. Табиғатты қорғау полициясы бөлімдері қызметкерлерінің құқығы

21. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері өз құзыреті шегінде және жүктелген міндеттерді орындау мақсатында құқылы:

1) карантиндік, санитариялық және экологиялық іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда;

2) басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп меншік түріне қарамай, ұйымдардың, азаматтардың экологиялық және ветеринарялық заңнамалар талаптарын орындауын, ұйымдардың табиғатты қорғау, санитарлық - эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді бақылауға;

3) экологиялық құқық бұзушылықтарға және карантиндік іс-шараларға қатысу жөнінде ішкі істер органдарының қызметін үйлестіруге;

4) заңнамада қаралған тәртіпке сәйкес өз құзыреті шегінде экологиялық қылмыстар бойынша анықтауды жүзеге асыруға;

5) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізу; хаттамалар толтыру, әкімшілік шаралар қолдану, әкімшілік ұстауға, құқық бұзушыларды ішкі істер органдарына әкелу, тұлғаларды, заттарын, автокөліктерді қарау, құқық бұзушылардың заттарын және құжаттарын алу, заңнамада қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етуге;

6) өз құзыреті шегінде болған және болайын деп жатқан экологиялық құқық бұзушылықтар және қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдауға, олар бойынша уақытылы алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу, оны жасаған тұлғаларды ұстауға шаралар қолдануға;

7) заңнамада қаралған тәртіппен жағдай бойынша көлік құралдарын тоқтатып және жүк құжаттарын және оны алып жүруге құқығын тексеруге;

8) заңнамада қаралған міндеттеріне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға.

5. Карантиндік іс-шараларға қатысуда ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру

22. Ішкі істер органдарының карантиндік іс-шараларға қатысуы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік бақылау органымен бірлескен іс-шаралар жоспарының негізінде ұйымдастырылады, онда:

1) өзара іс-қимыл жасасу және функциялық міндеттердің айқын ара-жігін ажырату;

2) эпизоотиялық ошақтар және іргелес аймақтарда қалыптасқан нақты эпизоотиялық жағдай туралы үнемі ақпарат алмасу;

3) карантиндік іс-шаралар жүргізуге тартылатын ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының есебі;

4) карантиндік бекеттер қоюды ұйымдастыру және бекеттерде қызмет өткеру тәртібі қарастырылуы керек.

23. Ішкі істер органдарының карантиндік іс-шараларға қатысу кезіндегі негізгі функциялары:

1) жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша карантин жарияланған аумақта қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;

2) карантиндік бекеттерде қызмет өткеру және эпизоотиялық ошақтан мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді әкетудің, әкелудің жолын кесу, автокөлік және басқа да техникалық құралдардың кіруін, шығуын шектеу бойынша (ерекше жағдайларда тыйым салу) бақылауды жүзеге асыру;

3) белгіленген карантиндік режимді жүргізуді қамтамасыз етуде ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға эпизоотиялық ошақта көмек көрсету;

4) эпизоотияның таралуына әкеп соққан ветеринариялық ережелерді бұзу фактілері бойынша материалдарды процессуалдық ресімдеуді жүзеге асыру болып табылады.

24. Карантиндік іс-шаралар жүргізу кезінде ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша бақылау-өткізу бекеттерін орнатуға құқылы.

25. Аурудың сипаты мен қалыптасқан эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайға байланысты ішкі істер органдарына олардың құзыреті шегінде қосымша функциялар жүктелуі мүмкін.

26. Карантиндік іс-шараларға тікелей қатысуды ІІД-нің, КІІД-нің, ҚАІІб-нің табиғатты қорғау, әкімшілік полиция қызметкерлері жүзеге асырады.

27. Карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының күштері мен құралдарына басшылық жасауды, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыруды ІІД, КІІД, ҚАІІб бастығының қызмет жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

 

 







Date: 2016-06-09; view: 2754; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.033 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию