Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экологиялық зиянды өтеу тәсілдері 4 page
Үшіншіден, сақтандырушы, егер сол сақтандырушыда сақтандыру жағдайының туындауы мүмкіндігі өте жоғары болса, шарт бекітуден бас тартуға құқылы (бұл экологиялық жауапкершілікті заңға сәйкес сақтандыруға міндетті кәсіпорын үшін, экологиялық қауіп деңгейін азайту шараларын жүргізу үшін қосымша ынталандырады). Төртіншіден, сақтандырушы сақтандыру шартында қауіпті ықтимал объектінің апатсыз жұмыс істеуі үшін экономикалық ынталандыру шараларын: төлеген сақтандыру қаржыларының бөлігін қайтаруды немесе олардың ставкасын сол сақтанушы үшін төмендетуді көздеуге құқылы. Сонымен, экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушыны экологиялық апаттардың қаупін азайтуға мүдделі қылады. Экологиялық сақтандырудың превентивтік міндеті әсіресе Германияда жақсы байқалады: ол жердің іскер әріптестері экологиялық қауіпті сақтандырмаған кәсіпорындармен ынтымақтастық жасамайды. Экологиялық сақтандырудың өтемдік міндеті экологиялық зиянды толық өтеу принципін қамтамасыз етуді және жүзеге асыруды көздейді. Сонымен бірге, экологиялық зиянды сақтандыру төлемдері арқылы өтеу экологиялық зиянды өтеудің өзге де механизмдерімен (экологиялық жәрдемақыларды әкімшілік тәртіпте төлеу, зиянды өтеу туралы талап арыздар беру, әлеуметтік қорғау және т.б.) тығыз байланыста. Экологиялық сақтандарудың нормативтік базасы жалпы азаматтық заңдардан, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік және сақтандыру туралы арнайы заңдардан тұрады. Заң әдебиетінде сақтандырудың ерекше түрі ретінде экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу жеке заңдармен немесе басында заңы бар нормативтік құқықтық актілер тобымен реттелуі тиіс деген пікір айтылып жүр. Алайда қазақстандық заң шығарушылар экологиялық сақтандыруды ерекшеліктеріне қоршаған ортаны қорғау туралы басты заңды берілген бір ғана бап арнап отыр: 1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны ластаудың және табиғи ресурстарды үтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жаңдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құралатын ақшақорлары есебінен, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. 2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтандыруға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. 3. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Еркін экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді. Сонымен, қоршаған орта туралы заңнама міндетті экологиялық сақтандыруға жататын объектілердің жалпы шеңберін анықтап, экологиялық сақтандырудың міндетті және ерікті нысандарын белгілейді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығы еркін сақтандырылған кезде сақтандырушы сақтандыру оқиғасы әсер еткен жағдайда (экологиялық апат аумағында болу және т.б.) оған сақтандыру өтімін толық не оның бөлігін төлеуге міндеттенеді. Денсаулыққа келтірілген экологиялық зиянды өз еркімен жеке сақтандыру азаматтардың өз бастамасымен және өздерінің есебінен жүзеге асырылатын болғандықтан, сақтандырудың осы түрінің экологиялық бағыты не заңда, не іс жүзінде жеке алынбайды. Сондықтан, экологиялық сақтандырудың жеке түрлерінің ішінен жеке міндетті сақтандыру түрі – зиянды экологиялық әсер алатын азаматтардың мүддесін қорғау тұрғысынан алғанда, неғұрлым ұтымды болып табылады, себебі ол ақысыз сақтандыру. Әдетте кәсібі көтеріңкі қауіппен байланысты қызметкерлерді жеке міндетті сақтандыру жұмыс беруші есебінен жүргізілді. Айталық, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаға экологиялық сипаттағы қауіптен қызметкерлерді міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттейтін жеке нормалар енгізілген. Мысалы, “Атом қуатын пайдалану туралы” ҚР Заңында қызметі атом қуатын пайдаланумен байланысты ұйымдарға өз есебінен қызметкерлері мен іссапарға келген адамдарды радиациялық әсер қаупінен сақтандыру міндеті жүктелген (18-бап). “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” Заңы қабылданғалы бұл ереже барлық жұмыс берушілерге қолданылады, себебі олардың барлығына қызметкерлер еңбек міндеттерін орындаған кезде оларды денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру міндеті жүктеледі (8-бап). Кейбір ғалымдар міндетті жеке экологилық сақтандырудың дамуы барысында өзге де болашағы бар бағыттар туралы айтады. М.И.Васильеваның ойынша, халық денсаулығына келтіріп жатқан зиянды әсерінің сипаты мен механизмі нақты анықталған, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар есебінен тиісті халық құрамына міндетті жеке сақтандыру енгізуді ұсынады [38,б.16]. Мүліктік экологиялық сақтандыру шеңберінде мынадай сақтандыру түрлерін бөлуге болады: 1) кәсіпорындардың- апаттық (оқыс және әдейі жасалмаған) ластау нәтижесінде үшінші тараптардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне және қоршаған ортаға келтірілген зиян жоғары қауіп көздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (ҚР АК-нің 811-бабы); 2) табиғи объектілерді олардың меншік иелерінің немесе өзге де титулды иелерінің сақтандыру (ҚР АК-нің 809-бабының 3-бөлігі). Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерінің дамуы үшін үшінші тараптардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне және қоршаған ортаға экологиялық апат нәтижесінде келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудыі маңызы зор. Жоғарыда айтылғандай, шаруашылық және өзге қызметтің экологиялық қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндеті экологиялық сақтандыруға жатады. Экологиялық зиянды қызмет түрлерінің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуі керек. Алайда, заңда өндірістік объектілер жоғары қауіп көздеріне жатқызу үшін нақты өлшемдер көрсетілмегендіктен, ал олар тізімі әлі күнге дейін бекітілмегендіктен бұл құқықтық норманың реттеуші маңызы айтарлықтай емес. “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” ҚР Заңының 18-бабында берілген ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлар қаупімен байланысты қызметі міндетті сақтандыруға жатады деген ережесі екіұшты жазылған. Міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы тікелей нұсқау тек мұндай операцияларына байланысты ҚР Президентінің “Мұнай туралы” Жарлығында көрсетілген. Айтарлық, аталған Жарлықтың 55-бабына сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық мердігерлер: 1) қоршаған ортаны ластаумен байланысты жауапкершілік, оның ішінде қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарын жою жөніндегі шығындар қаупін: 2) үшінші тараптар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік қаупін сақтандыруға міндетті. Сонымен қатар, теңізде барлау және аулау жұмыстарын жүргізетін мердігерлерге мүліктік қауіп пен жауапкершілік қаупін сақтандыру міндеті жүктеледі. Бұл орайда сақтандыру төмендегі шығындарды жабуды қамтамасыз етуге тиіс: - ұңғымаларды бақылауға алу жөніндегі шығындар; - ұңғымалар бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары жөніндегі шығындар; - теңіз ластанған жағдайда оны тазалау және шоғырлау жөніндегі шығындар; - теңіздегі апат оқиғаларын жою үшін арнайы компаниялар тарту жөніндегі шығындар. Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” Жарлығын жүзеге асыру үшін Үкіметтің 1995 жылғы 28 маусымда N2351 қаулы шығарылды. Оған сәйкес ҚР Министрлер Кабинетіне мұнай операцияларын міндетті сақтандырудың тәртібі мен шарттарын жасап бекіту тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 18 шілдеде N916 қаулысымен “Мұнай операцияларын міндетті сақтандыруды ұйымдастыру тәртібі және жүргізу шарттары туралы қағида” бекітілді, бірақ екі айдан кейін бұл қаулының күші Үкіметтің ерекше өкімі шыққанға дейін тоқтатылған болатын. Сонымен, “Мұнай туралы” Жарлықта мердігерлерге мұнай операцияларын міндетті сақтандыру тікелей жүктелсе де, ондай сақтандырудың тәртібі мен шарттарын реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт болмағандықтан, оның жүзеге асырылуы процесіне кедергі жасалуда. Бұл бағыттағы тағы бір қадам - ҚР Үкіметінің «өнеркәсіптік объектінің Қауіпсіздігі декларациясын ұсыну ережелері мен нысаны туралы» 2000 жылғы 19 мамырдағы №764 қаулы. Онда қызметі төтенше жағдайлардың туындауы қаупі бар ұйымдардың Үкімет бекіткен тізіміне енгізілген өндірістік объектілер Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органға және жергілікті атқару органына декларанттың азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырғаны туралы мәліметтер бар өндірістік объектісінің қауіпсіздігі декларациясын тапсыруға міндетті екені көрсетілген. Қызметі қауіпті өндіріспен байланысты өндірістік объектінің қауіпсіздігін мәлімдеу қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету, сол объектілердегі төтенше оқиғалардың алдын алу және жою жөніндегі шаралардың жеткіліктілігін және тиімділігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Декларацияда технологиялық процесстердің негізгі сиапттамасы мен ерекшіліктері, оның ішінде қауіп көздері туралы анықтама, ықтимал төтенше жағдайлардың пайда болуы мүмкін салдарының бағасы, халықты және жергілікті атқару органынобъектіде туындауы мүмкін және туындаған төтенше жағдайлар және өзге мәліметтер туралы хабарландыру тәртібі қамтылуға тиіс. Бұл Үкімет қаулысының мәнісі мынада: ол ықтимал қауіпті өнеркәсіптік объектілер басшыларын экологиялық зиян үшін жауапкершілікті сақтандыруға мәжбүр етеді. Сондықтан, бүгінгі таңда азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға экологиялық апаттар нәтижесіне келтірілген зиян үшін кәсіпорындардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті экологиялық сақтандыру институты құқықтық тұрғыдан толық рәсімделмеген деп айтуға болады. Экологиялық сақтандырудың заңды механизмін қалыптастыру үшін бірқатар тәжірибелік маңызы бар теориялық мәселелерді шешу қажет: экологиялық сақтандыру деген не, сақтанушылар жауапкершілігінің көлемі, экологиялық қауіп ұғымы және т.б. Әдебиетте экологиялық сақтандырудың әртүрлі анықтамалары кездеседі. Айталық, кейбір ғалымдар экологиялық сақтандыру деп ықтимал қауіпті объектідегі экологиялық немесе табиғи нәубет, апат салдарынан үшінші адамдарға экологиялық зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды түсіндіреді.Енді біреулері экологиялық сақтандыру ұғымына сақтандыру оқиғасының пайда болуына байланысты сақтандырушыда туындайтын оның өзінің шығындарын кіргізеді. Үшіншілері анықтаушы белгі ретінде табиғат объектілерін сақтандыру арқылы қорғаудың объектілерді деп табуда. Біз экологиялық сақтандыру ұғымын кеңейтіп, оны экологиялық зиянды неғұрлым толық өтеу мәселесін шешудегі сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін қолдану ретінде қарастыратын авторларды қолдаймыз. Демек, экологиялық сақтандыруды сақтандырудың өзге түрлерінен айыратын негізгі өлшемдерге экологиялық зиян және экологиялық қауіп ұғымдары жатуы тиіс. Бұл ұғымдардың жалпы танылған біркелкі анықтамасы теория мен іс жүзінде әлі қалыптаспағанына қарамастан, заң әдебиетінде экологиялық қауіптерді топтастырудың жекелеген мысалдары бар. Айталық, экологиялық қауіптің мынадай өлшемдері көрсетілуде: 1) техногендік апаттар қаупі; 2) табиғи саипаттағы қауіптер, оның ішінде қауіпті геологиялық құбылыстар (жер сілкіністері, көшкін, жанартаулар және т.б., гидрометерологиялық және гелеогеофизикалық құбылыстар (күшті жел, жаңбыр, тасқын, ірі бұршақ, қар, боран және т.б.), табиғи өрттер (орман, шымтезек өрттері) және т.б.; 3) табиғи ресурстар сапасы жай-күйінің өзгерістерімен байланысты қауіптер: мысалы, жер мер жер қойнауының өндірістік уларымен апаттық ластануы, топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы және жойылуы, пайдалы қазбаларды алу барысында жер бетінің опырылуы және т.б. Экологиялық қауіптің аталған соңғы өлшемі бірінші екеуімен: экогендік немесе табиғи сипаттағы қауіппен толық қамтылады деп ойлаймыз. Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін жауапкершілікті сақтандырудыі ерекшеліктері ретінде мамандар мыналарды атап көрсетеді: 1) экологиялық зиянның ірі көлемдері мен алуан-түрлілігі; 2) сақтандыру оқиғасының пайда болған кезін тура анықтау қиындығы; 3) сақтандыруға жататын объектілерді алдын ала зерттеу, сондай-ақ кезең-кезеңімен тексеру және инспекциялау, сақтандыру оқиғасының пайда болу мүмкіндігін анықтау үшін қосымша мәлімет алу арқылы қамтамасыз етілетін қауіп деңгейін қатаң есепке алып отыру қажеттілігі; 4) сақтандыру оқиғасының ықтималдығын бағалау үшін сақтандырушылардың статистикалық мәліметтер базасына қол жеткізілуін қамтамасыз ету және сақтандыру төлемдерін есептеу үшін ғылыми негізделген әдістемелердің болуы; 5) ластанудың нақты ықтимал түрлері бойынша сақтандарушы жауапкершілігінің уақыт пен көлемі бойынша шеңберін белгілеу қажеттілігі; Қорыта отырып айтарымыз, Қазақстандағы экологиялық сақтандырудың дамуына тиісті құқықтық базаның жоқтығы ғана емес, жалпы экономиканың дағдарысты күйі, сондай-ақ көтеріңкі қауіп көздері – кәсіпорындардың ауыр қаржылық жағдайы да кедергі жасауда. Сонымен қатар, экологиялық сақтандыру институты бар болғаны бірнеше жыл бұрын пайда болғандықтан, экологиялық сақтандыруды жүргізу қиындықтары қажетті тәжірибелі, білікті мамандар – сақтандырушылардың, экологтардың, заңгерлердің аз болуымен байланысты. Сонымен бірге, мемлекет пен кәсіпорындардың өндірістегі экологиялық апаттардың салдарын жоюға қаржы тапшылығы – міндетті экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеудің дамуымен байланысты мәселелердің көкейкестілігі туралы айтады. Себебі, экологиялық зиянды өтеудің кепілі, зиян келтірушінің қаржылық жағдайына қарамастан, тек осындай тәсілмен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасында азаматтардың экологиялық талап арыздары ең жаңа құралдардың бірі болып табылады. Реформаға дейінгі кезеңде экологиялық зиянды өтеу туралы талап арыздарды өкілетті мемлекеттік органдар ғана беретін, ал экологиялық зиян қоршаған ортаға және оның жеке объектілеріне келтірілген зиян ретінде қарастырылған. Азаматтардың экологиялық құқықтарын ресми түрде тану, сондай-ақ сот құзіреттілігін елеулі көбейту жаңа заңнаманың негізгі жетістігі болып табылады. Совет дәуірі кезіндегі заңгерлердің талап еткен ұсыныстарының көбі жүзеге асырылды. Азаматтардың өмірі мен денсаулыққа құқықтары – адамның тумысынан иеленетін табиғи құқықтары болып табылады. Реформаға дейінгі кезеңде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, әдеттегідей, адамды зорлық-зомбылықтан қорғау деп түсіндірілетін [39,б.56]. 2007жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық Заңы қабылданғалы азаматтардың таза және кінәратсыз қоршаған ортаға мүдделері заңмен танылып, құқықтық құралдармен қорғалатын заң мүдделері мәртебесіне ие болды. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында жаңа басым белгіленді: жеке адамның құқықтары мен мүдделері жоғары құндылық болып танылып, азаматтардың өмірі мен денсаулық үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы конституциялық құқық дәрежесіне дейін көтеріледі. Одан кейінгі қоғамның саяси жүйесінің дамуы – сотқа жүгіну үшін шектеулердің барлығын жоқ қылды. Экологиялық құқықтарды (оның ішінде экологиялық зиянды өтеу құқықтарын) сот арқылы қорғау құқығы жалпы қолдануға рұхсат етілетін абсолюттік құқық болып табылады. Алайда, Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтарды қорғау саласындағы қазіргі заңнамасы әбден жетілген деп айтуға әлі ертерек. Экологиялық заңнама нормаларын бұзушылық салдарынан туындаған дауларды шешу мақсатымен сотқа жүгінген адамдардың мүдделері қаншалықты тиімді қамтамасыз етілетіні туралы сұраққа жауап беру үшін төмендегі жайларды айта кету қажет. ҚР Экологиялық Заңының маңызды кемшіліктерінің бірі – ол азаматтардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талапты тікелей мемлекетке қою құқығының көрсетілмеуі. Айталық, ҚР Экологиялық кодексінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын бұзушылық салдарынан азаматтардың денсаулығына зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар қолданыстағы заңға сәйкес зиянды өтеуге міндетті делінген. Сонымен, зиянды өтеу туралы талап қашанда экологиялық құқық бұзушылық жасаған нақты заңды немесе жеке тұлғаға қойылуы тиіс. Демек, зардап шегуші адам сақтандырылмаған болса, ол зиян келтірушіні анықтау мүмкін болмаған жағдайда немесе ол анықталып, сот шешімінің орындаулы жауапкердің төлем қабілетсіздігі салдарынан мүмкін болмаған жағдайда зиян өтелмей қалады. Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасында да құрылған. Алайда оның қаржылары тек қоршаған ортаның жағымсыз әсерімен келтірілген зиянды өтеуге ғана пайдалануы мүмкін. Бұл жерде зиянды әкімшілік тәртіппен өтеу туралы айтылуы, оның негізгі сипаттамасы осы еңбектің алғашқы параграфында көрсетілген. Осы соңғы уақытқа дейін азаматтық іс жүргізуде үлкен топтардың мүддесін қорғау үшін басқа адамдардың өкілдігі мен құқықтарын қорғау институты міндетті түрде қолданылатын. Білгісіз адамдар шеңберін қорғауүшін экологиялық талап арыздар беру – экологиялық құқықтарды сот арқылы қорғаудың соңғы түрлеріне жатады. Белгісіз адамдар шеңберін қорғау үшін экологиялық талап арыз беру мүмкіндігі алғаш рет ҚР Экология кодексінде көзделген болатын, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге экологиялық зиянды қызметті шектеу немесе тоқтату туралы талаптармен сотқа жүгінуге құқық берілді. Алайда, жеке құрамы белгісіз,- адамдардың үлкен тобының экологиялық мүддесін қорғау қажеттілігі жиі туындайды. Біздіңше, топтық талап арыз институты ластанған қоршаған орта арқылы азаматтардың денсаулығына келтірілетін зиянды өтеудің неғұрлым тиімді нысаны болып табылады, себебі ол зардап шеккен адамдардың шеңберін неғұрлым толық анықтауға және олардың тек өтемақы алуларына мүмкіндік береді, сот шығындарын қысқартып, дәлелдеу барысын жеңілдетеді, сот ісін жүргізуге жіберілген уақытты үнемдеуге ықпал етеді және т.б. бұдан басқа, белгісіз адамдар шеңберін қорғау үшін берілген экологиялық талап арыздарды қараған кезде әлеуметтік әсер неғұрлым ауқымырақ болады, себебі жалпы және жеке құқықтық мүдделер бір кезде қорғалады. Біздің ойымызша, белгісіз адамдар шеңберінің экологиялық құқықтарын қорғаудың жетілген іс жүргізу нысандары болмағандықтан, азаматтардың өмір мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға конституциялық құқының жүзеге асырылуы қиындайды. Бұл айтылғандар қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, сондай-ақ оның іске асуын мәжбүрлеп қамтамасыз ететін механизмдерінің одан әрі жетілдіруі – көкейкесті мәселе екенін білдіреді. [40,б.15].
Қорытынды Жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысын жасаймыз. Жұмыс экологиялық қылмыстар атты тақырыпта жазылған. Бұл мәселенің мәнін ашуда көптеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды. Сонымен қатар зерттеудің негізіне қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін қылмыстық құқықтық жауапкершілікке байланысты халықаралық келісімдер мен конвенциялар, Қазақстан Республикасының заңдары мен заң асты актілері, мемлекеттік бағдарламалар, салыстырмалы түрде кейбір шет мемлекеттердің нормативтік актілері кірді. Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық құқықтық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек. Date: 2016-06-09; view: 1970; Нарушение авторских прав |