Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гинекологиялық аурулардан гонококтың болуы кезінде жағындылар алу





 

Мақсаты –студентке жағындыда гонококтің болуын анықтау үшін қынаптан, жатыр мойнының цервикалды каналынан, парауретралдық жолдарынан және артқы өтістен жағындыларды алуды үйрету.

Көрсетулері- жедел және созылмалы соз.

Қарсы көрсетулері -етеккір.

Мүмкін болатын асқынулары -жоқ.

Ресурстары - гинекологиялық орынтақ, Куско айнасы, анатомиялық пинцеттер, корнцанг, стерилді шариктер, заттық әйнектер, Фолькман қасықшасы, 2% бор қышқылының ерітіндісі, хлорид натрийдың изотониялық ерітіндісі, марганец ерітіндісі, бүріккіш (сепкіш), бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, клеенка,жаялықтар, сабын, орамал, жолдама.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның мақсатын,қажеттілігін және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына бір рет қолданатын жаялықты төсеп, жатқызыңыз.

3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

5. Жеткілікті жарық түсіруді қамтамасыз етіңіз.

6. Сарпайды әлсіз марганец ерітіндісімен жуыңыз және құрғатыңыз.

7. Жағындыларды келесі ретпен алыңыз:

а) үрпіден (тесігінен);

б) парауретралдық жолдарынан (екі жағынан);

в) жатыр мойнының цервикалды каналынан;

г) артқы өтістен.

8. Үрпіден жағынды алу үшін, сол қолдың сұқ саусағын қынапқа енгізіңіз, жоғары қабырғасына қойыңыз, саусақтың алға-артқа қозғалысымен үрпіге массаж жасаңыз.

9. Үрпіден ірің тапшысын дәкелі шаригі бар корнцангпен алып тастаңыз.

10. Фолькман қасықшасының бір жағын үрпіге 0,5 см енгізіңіз, қырнау қозғалысымен үрпіден жағынды алыңыз.

11. Жағындыны заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз.

12. Фолькман қасықшасының басқа жағын парауретралдық жолдарына 0,5 см енгізіңіз, қырнау қозғалысымен парауретралдық жолдарынан (екі жағынан) жағынды алыңыз.

13. Жағындыларды заттық әйнектерге жұқа қабатпен жағыңыз.

14. Әйелге зәр қуығын босату қажеттілігін ескертіңіз.

15. Зәр қуығын босатқаннан кейін, қынапқа бір рет қолданатын Куско айнасын енгізіңіз.

16. Қынапты және жатыр мойнынын айнада қараңыз.

17. 2% бор қышқылының ерітіндісіне малынған шарикті корнцангпен алып, жатыр мойнынын сүртіңіз.

18. Фолькман қасықшасының бір ұшымен қырнау қозғалысымен жатыр мойнының цервикалды каналынан жағынды алыңыз.

19. Жағындыны заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз.

20. Фолькман қасықшасының басқа ұшымен қынаптың артқы күмбезінен жағынды алыңыз.

21. Жағындыны заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз.

22. Қынаптан Куско айнасын шығарыңыз.

23. Тік ішектен жағынды алу үшін оған бүріккіштің көмегімен 50-80 мл жылы хлорид натрийдың изотониялық ерітіндісін енгізіңіз;

Жуып-шайынды ерітіндіні стерилді ыдысқа жинаңыз. Сосын ерітіндіден пинцетпен сілемейдің түйіртпектерін ұстап алыңыз және оларды заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз.

24. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және қолданылған заттарды бірге ҚҚҚ-ға салыңыз.

25. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

26. Әр заттық әйнек үшін зертханаға жеке жолдама жазыңыз, онда ата тегін, атын, әкесінің атын, жасын, аурудың диагнозын және жағындының қай жерден алынған орнынын (үрпі, парауретралдық жолдары, жатыр мойны, артқы өтіс) көрсетіңіз. Жолдамаға күнін белгілеңіз және қолыңызды қойыңыз.

27. Әр заттық әйнекті оған тиісті жолдамамен ораңыз.

28. Зертханаға жіберіңі.

 

Ескерту: Жағынды бір заттық әйнекке жағылады және әріптермен белгіленеді: үрпі –«Ү», парауретралдық жолдар- «ПУЖ», жатыр мойнының цервикалды каналы «ЖЖЦК»,

артқы өтіс – «АӨ».

 

 

Date: 2016-06-09; view: 883; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию