Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Төсектегі жатқан босанған әйелді баптау





Мақсаты- студентке төсектегі жатқан босанған әйелді баптауды жүргізуге үйрету.

Көрсетулері –босанған әйелге күтім жасау.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары –қосқабатты кіші үстел, 1:5000 фурациллині бар ыдыс, дезинфекцияланған клеенка, дәретсауыт, стерилді корнцанглер (2), стерилді анатомиялық пинцет (1), стерилді шариктер, 3% сутегі тотығы, 5 % иод тұнбасы немесе 1 % йоданат, астына салатын төсеуіш, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, кереует,мақтасы бар таяқшалар, халат, алжапқыш, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, босанатын әйелге емшараның орындалу мақсатын, қажеттілігін және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Кіші үстелді келесі түрде дайындаңыз: төменгі сөреге фурациллин ерітіндісі бар ыдысты және дезинфекцияланған клеенкаларды қойыңыз, ал жоғары сөреге (стерилді) стерилді бір рет киетін резеңке қолғаптарды, шариктерді, үш есе ерітіндіге салынған корнцангтерді, пинцетті, 3% сутегі тотығы, 5 % иод тұнбасы немесе 1 % йоданатты, стерилді астына салатын төсеуіштерді, мақтасы бар таяқшаларды, шариктерді, сабынды, орамалды орналастырыңыз.

3. Емшараны медбике санитарбикемен бірге орындайды, санитарбике халат және қолғаптар үстіне алжапқыш жауып кигені дұрыс.

4. Босанған әйелдің үстіндегі көрпені алыңыз және оны арқасымен аяқтары тізе және жамбассан буындарында бүгіп, ашылған күйінде жатқызыңыз.

5. Босанған әйелдің бөксе астына клеенка төсеңіз және дәретсауыт қойыңыз.

6. Босанған әйелдің бұтаралығына ыдыстан жылы фурацилин ертіндісін құйыңыз.

7. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз,корнцангке шарикті қысып алып ұқыпты түрде жыныс мүшелерін қасағадан артқы өтіс жағына қарай жуыңыз,содан кейін санның ішкі беткейін жуыңыз.

9. Дәретсауытты алыңыз.

10. Босанған әйелдің астына стерилді астынасалғышты төсеңіз,оған бөксесін көтеруін сұраңыз және стерилді қолдарыңызбен босанған әйелді тимеуге тырысыңыз.

11. Корнцанге немесе пинцетке құрғақ шарикті қысып алып,соның көмегімен сарпайды және санның ішкі беткейін құрғатыңыз.

12. Тігістері болған кезде оларды 3% сутегі тотығына малынған шариктің көмегімен тазалаңыз.

13. Тігістерді құрғақ шарикпен құрғатыңыз.

14. Тігістерді 5% йод тұнбасы мен немесе 1% йодонатпен тазалаңыз.

15. Егерде тігістердің жағдайында өзгерістер болса(қызарған,іріңдеген,ісіну),онда тезірек осыны дәрігерге хабарлаңыз.

16. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ-ға салыңыз.

17. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

 

 

24. Зәр қуығын катетерлеу.

 

Мақсаты –студентке зәр қуығын босату үшін жүкті әйелге резеңке катетерді енгізуді жүзеге асыруды үйрету.

Көрсетулері -жүктіліктің патологиялық ағымы бар жүкті әйедерді күту.

Қарсы көрсетулері -жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары -жоқ.

Ресурстары -кереует немесе гинекологиялық орынтақ,резеңке катетер,шариктер,науа, 2 анатомиялық пинцет,фурацилин ерітіндісі (1:5000),вазелин майы, зәр жинайтын ыдыс, дезерітіндісі бар ыдыс, клеенка,астына салатын төсеуіш,бір рет киетін стерилді резеңке,

қолғаптар (2 жұп),су,дәретыдыс,сабын, орамал.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Өзіңізді таныстырыңыз,жүкті әйелге ем шараның орындалу мақсатын,қажеттілігін және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Жүкті әйелді арқасымен,тізе және жамбассан буындарында бүгіп,аяқтарын ашып төсекке немесе гинекологиялық орындыққа жатқызыңыз.

3. Бөксе астына клеенканы салыңыз.

4. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

6. Жүкті әйелді дәретсауыттың үстінде жуыңыз.

7. Жаялықты жайыңыз,оның үстіне зәр жинайтын ыдысты қойыңыз.

8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды ауыстырыңыз.

9. Сол қолмен жыныс еріндерін ашыңыз,ал оң қолмен пинцеттің көмегімен фурациллинге малынған дәкелік сүлгілерді салыңыз.

10. Зәр шығаратын каналдың тесігін кіші жыныс еріндерінің арасы арқылы жоғарыдан төмен тазалаңыз.

11. Пинцетті ауыстырыңыз.

12. Катетердің тарылған жерінен 4-6 см- дей жерде оның ұшынан пинцетпен алыңыз.

13. Оң қолдың IV және V саусақтарымен катетерді қысыңыз.

14. Оның ұшын вазелинге малыңыз немесе майлаңыз.

15. Сол қолмен кіші жыныс еріндерін ашыңыз,ал оң қолмен катетерді 4-6 см тереңдікке

(зәр шыққанша) енгізіңіз.

16. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

17. Зәрдің өздігінен шығуы біткеннен кейін сол қолмен ақырын ғана қасаға үстінен алдыңғы іш қабырғасын басыңыз.

18. Осыдан кейін катетерді шығарыңыз және оны дезерітіндісі бар ыдысқа тастаңыз.

19. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ-ға салыңыз.

20. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

 

Date: 2016-06-09; view: 766; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию