Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақ жамылғысының ластану масштабы мен түрлері, көздері





Өлшеу әдістері – бұл сапа көрсеткіштерінің мағынасын техникалық өлшем амалдарымен анықтау әдістері.

Қолданыстағы өлшем амалдарына байланысты бұл әдіс түрі келесі екі топшаға бөлінеді:

Физикалық әдістер - өлшем амалдары арқылы (шамалар, физикалық құралдар, өлшем қондырғылары, т.б.) сапаның физикалық және химиялық көрсеткіштерін анықтау;

Химиялық әдістер – стандартты заттар, үлгілер, өлшеу құралдары мен қондырғылары арқылы химиялық көрсеткіштерді анықтау.

Физикалық және химиялық әдістердің түрлері: микроскопия, фотометрия, фотоэлектроколориметрия, хроматография, спектрофотомерия, ионометрия, флюоресценция және т.б. Органолептикалық әдістердің артықшылығы – қарапайымдылық, мүмкінділік, шапшаңдылық, арзандық.

Органолептикалық әдістердің кемшілігі – бағалаудың субъективтілігі, салыстырмалы нәтижелердің жоқтығы, өлшем нәтижелерінің сипатталуы.

Өлшем әдістерінің артықшылығы – объективтілік, қайталанғыштық, нәтижелердің салыстырымдылығы мен тексерісі, жалпы қабылданған өлшем бірліктерінде нәтижелердің белгіленуі. Бір әдістің артықшылығы екіншісінің кемшілігін жояды немесе жеңілдетеді, соның арқасында бүл екі топ комплексті түрде қолданыста жүреді. Бірін-бірі толықтыра отырып, бұл әдістер сәйкестендіру нәтижелерінің нақтылығын арттырады. Әрбір қызметке сай келетін құрылымдық элементтер сәйкестендіруге тән, алайда олардың құрамы, көбіне, тек осы қызмет түріне сәйкес келеді. Соңғы нәтиже – белгілі бір аналогқа қарастырылған талаптарға тауардың сәйкестілігін растау, осының нәтижесінде тауардың түп нұсқасы орнатылады. Сәйкес еместік аңғарылған жағдайда (теріс нәтиже) тауар бұрмалануы белгіленеді. Оң және теріс нәтиженің екеуі де тауардың кейінгі тағдырын анықтау үшін соңғы шешім қабылдайды.

Өнімді сәйкестендіру ерекше белгілер бойынша белгеле өнімдерді пайдалану айналыс өндіріс саласында бірмәнді тонн білуді қаматамссыз ететін процедура.

Өнімді сипаттау – тиісті құжаттарда белгіленген өнімді сипаттайтын белгілер, параметрлер, талаптар және көрсеткіштер жиынтығы.

Сәйкестендіру нәтижесі үлгіге немесе оның сипаттауына нақты өнімнің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы тұжырым.

Өнімді сәйкестендіру ықылассыз дайындаушыдан, жеткізушіден, тұтынушыны қорғау мақсатымен қоршаған орта, адам-ң өмірі, денсаулығы және оның мүлігі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамассыз етеді және ұсынылған талаптарға өнім сәйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі.

Сәйкестендіру нақты өнімнің белгіленген тәртіпте бекітілген немесе таңдалған үлгіге немесе оның сипаттамасына сәйкестігін растау үшін жеткілікті белгілер, параметрлер, көрсеткіштер және талаптар бойынша жүргізіледі.

Өнімді сипаттау үшін нормативтік құжаттардың және тауармен қоса жіберілетін құжаттардың кез-келген түрі пайдалануы мүмкін. Соның ішінде:

· мемелекеттік, мемлекетаралық, халықаралық және фирмалық стандарттар, ғылыми-техникалық және басқа қоғамдық бірлестіктер стандарты техникалық шарттар.

· өнім қауіпсіздігіне қадағалау мен нормалауды жүзеге асыратын органдардың нормалық актілері, заңды және басқа нормалық құжаттардың актілері.


· тауарлардың шығарылған жерімен сәйкестігін сериялы өнім сапасы стандарты, өлшеу құралдар құжаттары.

· Құрастыру, технологиялық және пайдалану құжаттары (төлқұжаттар, пайдалану жөніндегі нұсқаулар)

· өнім жеткізуге келісім-шарттар

· айрықшылықтар мен техникалық сипаттар

· дайындаушы фирманың талдамалы әдісі

· зат таңдалар, құлақша қағаздар, өнім түр ақпараты бар ораманың әр түрлері:

· белгіленген тәртіпте қолдану үшін қабылданған өнімді сипаттайтын басқа құжаттар.

 

2.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мәселе — биологиядағы ең бір күрделі мәселе. Ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін тіршіліктің пайда болуы туралы шексіз көп жорамалдар, пікірлер айтылып келеді. бұл жорамалдар бір-біріне қарама-қайшы келетін бірқатар теориялардың шығуьша себеп болды. Ол теориялардың ішіндегі негізгілері мыналар: 1. Идеалистік теория. Жер бетіндегі тіршілікті аса құдіретті ерекше күш жаратты деп түсіндіретін креационизм теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар биологияға идеалистік ұғымның енуіне жол ашты.

2. Материалистік теория. Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуалайтын теория. Мұндай пікірді ертедегі греция философы Аристотель, көрнекті голландия ғалымы Ван Гельмонт, ағылшын философы Ф. Бэкон, т. б. қолдады. Алайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайлы пікірге қарсы шыққан Ф. Реди (1688). Л. Спалланцани (1765) және Л. Пастер (1860) өте мұқият жасалған тәжірибелерінің нәтижесінде кез келген ағза тек өзіндей тірі ағзалардан ғана пайда болады деп дәлелдеді. 3. Тіршілік мәңгі бар деп есептейтін тұрақты жағдай теориясы. Бұл теория бойынша Жер еш уақытта да жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі — өзгермейді — деп түсіндірді. 4. Тіршілік жер бетіне басқа жақтан (ғарыштан) келіп түсті деген болжау ұсынған панспермия теориясы. Мұны жақтаушылар жер мен басқа ғаламшардың арасында үнемі материя алмасу болып тұрады. Сондықтан басқа ғаламшардан жерге өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ ағзалар да келіп түседі деген ойда болды.

5. Тіршілік жер бетінде химиялық және физикалық заңдылықтарға сай жүретін әрекеттер нәтижесінде қалыптасты деп тұжырымдайтын биохимиялық эволюция теориясы.


 

3. Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.

Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.


Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.







Date: 2016-06-09; view: 1455; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию