Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экологиялық бақылау: мақсаты мен міндеті
1.Тірі ағзаларға экотоксиканттардың ену жолдарын: ауыз арқылы, тері арқылы және тыныс алу жолдары арқылы. Кейбір заттар (фосфорорганикалық, нитро- және аминоқосылыстар және т.б.) ағзаға тері арқылы түседі. Сіңірілген заттың мөлшері сіңіру ауданына, әсер етілген жеріне (іштің нәзік жерлері, санның ішкі жағы, шап және жыныс мүшелері, қолтық асты және білек удың сіңірілуіне қолайлы жерлер) және теріге әсер ету уақытына байланысты.Дем алғанда өкпе арқылы. Бұл ең қауіпті жолдардың бірі, яғни зиянды заттар жан-жаққа таралатын жасуша ұлпасы арқылы қанға еніп, бүкіл ағзаға таралады. Асқазанға тамақ пен су арқылы кіреді.Химиялық заттардың тері арқылы ағзаға таралуы оның суда ергіштігіне байланысты. 2. Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардыӊ арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлініп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Құстар- құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада қшып тіршілік етуге беімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өздерінің тікелей тегі бауырымен жорғалаушыларға жақын, олар кесірткетәрізділер тобына бірігеді. Құстардың бауырымен жорғалаушылардан бөлініп шығуы, шамамен 190 – 170 млн. Жыл бұрын тирастың аяғында юраның басында басында жүзеге асуы мүмкін. Құстар мезой эрасында басым болған диапсидты бауырымен жорғалаушылар архозаврлардан бөлінген. Шығу тегі төртаяқты және кесіртке сияқты болғанмен, құстар терең физиологиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, ол барлық органдар жүйесіне қатысты. Тыныс алу, қан айналу мен асқортудың қарқындылығы, сол сияқты ми бөлімдерінің біршама жетілуі зат алмасу деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді, осылармен қатар жылу өткізбейтін жабынның дамуы гомойотермиялыққа алып келеді. Жұмыртқаны шайқау және балапандардың ересектерінің қоректендіру құстардың эмбриональдық және постэмбриональдық өлім жітімге ұшырауын төмендетті. Осылардың бәрі құстардың кең таралуына және барлық құрлық биотоптарында мекендеуіне көмектеседі. 3. Экологиялық бақылау - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Міндеті: Бақылау(қоршаған орта жағдайының өзгеруі) және Анықтау (адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері). Мақсаты: Бағалау(адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерістерді бақылау), Болжау(қоршаған орта жағдайында болатын өзгерістер),Шешім қабылдау(адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою) және Жетілдіру(қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы). Билет Date: 2016-06-09; view: 1320; Нарушение авторских прав |