Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Биологиялық мониторинг және оның деңгейлері
Биогеохимиялық циклдерінің өзара әсерлерінің прорцестері.Цинк пен молибденнің биогеохимиялық айналымы Биогеохимиялық цикл (Биогеохимический цикл) — химиялық элементтердің айналымы: бейорганикалық табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы қайтадан бейорганикалыққа оралу.Күн энергиясы және химиялық реакциялар энергиялары арқылы жүзеге асады. «Биогеохимия» терминін В.И. Вернадский енгізді. «Био» - тірі организм-дерге, «Гео» - тау жыныстарына, топыраққа, ауаға, суға жатады. Биогеохимиялық айналым – бұл химиялық элементтердің, протоплазма-ның барлық негізгі элементтерінің сыртқы ортадан тірі организмге және қайтадан сыртқы ортаға айналуы. Бұл процеске экожүйенің биотикалық та, абиотикалық та бөлігі қатысады.Экожүйелердегі заттар ағындарының маңызды қасиеті олардың циклділігі болып табылады. Заттар айналымында екі бөлікті немесе екі қорды ажыратады: 1.қол жетпейтін (резервтік) қор – негізінде тірі организмдермен байланыссыз қрзғалатын заттың үлкен массасы; биотикалық фазадан өтпейді (мысалы, көміртектің резервтік қоры – бұл атмосферадағы, мұхиттағы, атқылаған тау жыныстарындағы, кальций карбонаты, көмір, мұнай түзілім-деріндегі органикалық емес қосылыстар); 2.қол жетерлік (айырбас) қоры – организмдер мен олардың тікелей қоршаған ортасы арасындағы жылдам айырбасты сипаттайтын кірі, бірақ аса активті қор; заттар биотикалық фазаға енгізілген (мысалы, көміртектің айырбас қоры – бұл активті көміртек массасы, ол көмірсулары бар фотосинтез процесінде ассимиляцияланады, сонан соң өсімдіктердің тыныс алуына қайта жұмсалады). Жалпы алғанда биосфера үшін биогеохимиялық айналымдарды екі негізгі түрге бөлуге болады: 1.атмосферада немесе гидросферада резервтік қоры бар газ тәрізді заттар; 2.жер қыртысында резервтік қоры бар жауын-шашын циклі. Date: 2016-06-09; view: 1538; Нарушение авторских прав |