Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған орта жағдайына организмдер адаптоциясы. Жануарлар эволюциясындағы негізгі ароморфоздар





Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу, деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады

Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, көне грекше: тофһе — форма, пішін) — органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Мыс., бауырмен жорғалаушылардың арғы тектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілуі және т.б. Ароморфоздардың пайда болып, көбеюі арқасында кластар, белімдер, типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда болады. Северцев оны эволюциядағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеді. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір құрделеніп, ол тіршілік үдерісін (физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршаған ортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылық жай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысал ретінде хлорофилл жәнефотосинтездің пайда болуын, яғни ағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық тіріліктің сақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оның органоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайда болуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау нәтижесі деп есептеледі. Жүзбеқанаттардың, дене пішінінің сүйірлігі, екі бөлікті жүректің, ми бес бөлігінің, нағыз жақсүйектің пайда болуы арқылы балықтар сулы ортада үстемдік ете алады.Қосмекенділер де аяқ, шырышты тері және өкпе арқылы тыныс алу пайда болуы нәтижесінде құрлыққа шықты. Қабыршақты тері, терілі қабығы бар жұмыртқа, іштей ұрықтану және жорғалаушыларда толық өкпе арқылы тыныс алудың пайда болуы нәтижесінде олардың құрлықта ғана емес,«суды тастауына» мүмкіндік туды. Төрт бөлікті жүрек, қаңқа сүйектерінің жеңілдеп,жетілуі, сүйектерінде куыстардың болуы және ауа қапшықтары, зат алмасудың жоғары сатыда болуы және жылықандылық; мидың дамуы құстардың ауалы ортаны игеруіне мүмкіндік берді.

Сүт бездері мен қағанақтың, балаларын құрсақта көтерудің дамуы, түкті жабын, жылықандылық және зат алмасудың жоғары сатыда өтуі, мидың көбірек дамып, күрделі мінез-құлықтың пайда болуы нәтижесінде сүтқоректілер класы ғаламшарымызда үстемдікке ие болды.

Date: 2016-06-09; view: 1457; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию