Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған ортаға әсер ету мониторингінің әдістері





1)Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр

2) Табиғи жағдайда кез келген экожүйе гомеостазды қолдауға тырысады және өзгеруге, дамуға, ең қарапайымнан неғұрлым күрделі нысандарға көшуге қабілетті. Ең алдымен оның тірі құрамдасы, яғни құрылымдық бөлшектері баяу, алайда, уақытқа сай тұрақты өзгеретін биота өзгереді. Өзгерістерді әр түрлі себептер туындатады. Қысқа мерзімді өзгерістер ауа райының жағдайлары мен биотикалық әсердің ықпалынан; маусымдық өзгерістер (әсіресе, қалыпты және жоғары енділікте) - жылдық температураның көп өсуімен;жылдан жылға – абиотикалық және биотикалық факторлардың әртүрлі кездейсоқ үйлесімімен байланысты. Алайда барлық осы ауытқулар, әдетте, азды көпті тұрақты және экожүйенің тұрақтылығының, яғни жергілікті жердің географиялық және ауа райы жағдайларына сәйкес келетін әдеттегі көлемінің, түрінің құрамының, биомассасының, өнімділігінің шегінен шықпайды. Осы динамика экожүйесінің жекеленген буындарына да (ағзаларға популяцияларға, трофикалық топтарға) да, сондай ақ жалпы жүйеге қатысты. Экологиялық сукцессия (латын тілінен. Сукцессио- сабақтастық, тұқымқуалаушылық) жүйенің дамуы түрдің құрылымы мен биоценотикалық процестердің уақытқа сай өзгеруінде байқалады. Сукцессияның ең қарапайым мысалы ретінде саңырауқұлақтардың, бактериялардың, омыртқасыздардың орманда құлаған ағашта бірте бірте орнығуын келтіруге болады.

Экожүйенің тірі бөлігінің құрамдастарының арасындағы қатынастар қорек (трофикалық) өзара қарым-қатынастарға негізделеді. Биоценоз мүшелерінің арасындағы қорек өзара қарым қатынастарын (“кім кімді және қанша жегенін”) қадағалай отырып, әртүрлі ағзалардың қоректегі энергияның тізбек бойынша берілетін қоректің қорек қатарын құруға болады. Ұзын қорек тізбегінің мысалы ретінде арктикалық теңізді мекендеушілердің ретін: “ микробалдырлар (фитопланктон) → әртүрлі ұсақ өсімдік қоректі шаян тәрізділер (зоопланктон)→ет қоректі планктонофагтер (құрттар, шаянтәрізділер, моллюскәлер, тікен терілілер)→балықтар (жыртқыш балықтардың 2-3 буынының реті ықтимал)→итбалықтар→ақ аю”,-деп келтіруге болады. Жер үстіндегі экожүйелер әдетте, қысқа келеді. Қорек тізбегі, әдетте қазіргі нақты бар қорек желісінен- көп қорек тізбектің өрімінен жасанды түрде бөлінеді.


3)Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. жіктеледі.

· Ғаламдық мониторинг - биосферадағы планетарлық үрдістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг аймақтағы және тұтастай биосферадағы табиғи процестер туралы ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

· Ғарыштық мониторинг дегенімізғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі. Табиғат ресурстарын есептеу және олардың жағдайын бағалау үшін ғарыш техникасын пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның арқасында табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы мен оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға мүмкіг болады.

· Биологиялық мониторинг- биологиялық ортаның жағдайын, дамуын және өзгерістерін қадағалау, бақылау жүйесі. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі – биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез келген өзгерістерді есепке алып отыру болып табылады.

· Аймақтық мониторинг- белгілі біраймақтағы табиғи үрдістерді бақылап, сондай-ақ ондағы өзгерістерді антропогендік әрекеттердің әсерінен базалық немесе негізгі биосфераға тән табиғи көріністен оның ерекшелігін анықтайды.

Билет №37







Date: 2016-06-09; view: 1264; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию