Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дайын өнімді сату және жөнелту ⇐ ПредыдущаяСтр 10 из 10
Келісім шарт бойынша өнімдерді жеткізіп беруге басты назар аударылады. Жіберілген өнімге ақы төленген төленбегеніне қарамастан,олар сатылған өнімдердің көлеміне жатқызылады. Ұйымдарда дайын өнімнің есебін жүргізуге, оларды уақытында жіберіп және сатуға басты назар аударылады, себебі оның барлығы ұйымның қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді. Дайын өнімнің бухгалтерлік есебін жүргізудегі мақсат: -дайын өнімді шығаруды, құндылықтардың жағдайын және олардың қоймада сақталуын тұрақты түрде бақылау; -жіберілген өнімнің құжаттарын уақытында және дұрыс жасау, сатып алушылармен есептесуді ұйымдастыру: -әкімшілік басқару аппаратының жұмысын бағалап отыру үшін, сатылған өнімнің көлемі мен түріне сай, келісім шарт талаптарының орындалысын бақылау; сатылған өнімнің есебін жүргізіп, оған кеткен нақты шығындарды және алынған пайданы уақытында және дұрыс есептеу. Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруы тиіс.Өнімнің ырғақты түрде шығарылып тұруы,сатып алушыларға өнімдерді жіберіп тұру туралы келісім шарт бойынша қабылданған міндеттерін уақытында орындауға, басқа да төлемдерді кешіктірмей орындауға мүмкіндік береді. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері,көлемі жөнінде натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау,сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады. Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай,шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы №10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде және 8110 «Негізгі өндіріс» деп аталатын шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі,яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша тауарлы-материалдық құндылықтар (ТМҚ-5) карточкасы ашылады. Қоймашы дайын өнім келіп түскен сайын және босатқан сайын құжаттарға сай карточкада құндылықтың мөлшерін және қалдық мөлшерін жазып қояды. Бухгалтер күн сайын қойма есебін қабылдап отыруға тиісті. Қойма есебінің дұрыс жүргізілгені туралы қойма есебінің карточкасына бухгалтер қол қоюға тиісті. Қойма есебінің карточкасының негізінде, материалды жауапты тұлға ай сайын есеп беру ведомосын толтырып, онда дайын өнімнің қалдығын номенклатура бойынша өлшем бірліктерін, санын көрсете отырып бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерия қойма есебі мен бухгалтерлік есепті сомасы бойынша салыстырады. Дайын өнімді босату үшін бұйрық-жүкқұжаты жасалады,онда екі жүкқұжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде, сатып алушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін, жіберілу мерзімінкөрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бұйық бойынша өнімдерді жинақтап, оларды босату үшін экспедиторға береді. «Жіберілді» деген графаға өнімнің санын көрсетеді. Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы,қоймашы және экспедитор қол қояды.Бұйрық жүкқұжат екі данада жасалады: біріншісі экспедиторға беріледі, ол тауарлы көліктік жүкқұжат бойынша, сатып алушы қабылдап алатын стансаға дейін қанша сома тасымалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екіншісі жүктің жіберілгендігін растау үшін қоймашыда қалады. Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Экспедитор өнімді көлік тасымалдау мекемесіне өткізіп, өткізгені жайлы түбіртек алады. Келесі күні экспедитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасымалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.
Аудит Date: 2016-01-20; view: 2393; Нарушение авторских прав |