Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дайын өнім және оны сату есебі





Дайын өнім -өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты,сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары -міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім»деп аталатын активті интервалдық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.

Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып,оның есептік бағасын нақты құнына дейін жеткізеді.

Мысалға, кәсіпорында есепті кезең барысында мына проценттер бойынша есептік бағасы көрініс тапқан:

 

  Қатар Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, теңге Шоттар крреспонденциясы   Тип
Дебет Кредит
           
  Қоймаға дайын өнім кіріселді: -А бұйымы -Б бұйымы              
  Дайын өнім сатылды: -А бұйымы -Б бұйымы        

 

Есептік кееңнің соңында және калькуляциялық процесс аяқталысымен дайын өнімнің өзіндік құны анықталады, ол мынаны құрады:

-А бұйымы-230000 теңге;

-Б бұйымы -870000 теңге.

Ауытқудың пайызы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша =

 

-Б бұйымы бойынша =

сатылған өнімнің ауытқу сомасы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша =170000*8%=13600теңге –экономия;

 

-Б бұйымы бойынша =630000*8,05%=50715 теңге – артық жұмсалған.

Ауытқу пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:

- қызыл жазу әдісімен: 1320 щоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі-(20000)теңгеге;

Содан соң осы операциямен бір мезгілде 7010шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі-(13600) теңгеге;

-өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі жазу жазылады: ол кезде 1320шоты дебеттеліп,8010шоты кредиттеледі.-70000теңгеге,содан соң осымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320шоты кредиттеледі-50715 теңгеге.

Қабылдау тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және серялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен наменклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалу барсын жедел байқап отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.


Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады.Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларныда жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығыс жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесі мен бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосінің деректерін дайын өніс қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жұргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы,немесе нақты нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталадыү Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «Дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Көмекші өндірістер» және 8020 «меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деген шоттарының кредитінде көрініс табады.

 







Date: 2016-01-20; view: 2375; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию