Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Німнің өзіндік құнын калькуляциялау





Өзіндік құн -өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық міндеті -жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.

Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық

жағын бірлікте және өзара байланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:

1) Өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.

3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы есептелінеді.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:

1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.

2. Пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.


Қазақстан экономикасындағы барлық салалары бойынша

кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей анықтау мақсатында 1992 жылдың 30 шілдесінде Министрлер Кабинетінің Нұсқауы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше бастады.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; жалпы шаруашылық шығындар; коммерциялық шығындар; жалпы өндірістік шығындар.

Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді. Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция - өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.


Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерийлер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:

а) шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);

б) жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;

c) өнім өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі элементтерге бөлінеді:

· материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);

· тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік

сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге төлемдер және т.б.);

д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:

· материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);

· еңбекақыға тікелей шығындар (өндіріс процесінде жұмыс басты жұмысшылардың еңбекақысы);

· жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;

· құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;

· цехтық (өндірістік) шығындар;

· жалпы шаруашылық шығындар;

е) дайын өнім шығындар құнын аудару әдісі бойынша:

· тікелей шығындар;

· жанама шығындар;

f) қалыптасу уақыты бойынша:

· ағымдық шығындар;

· болашақ кезең шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру)

 







Date: 2016-01-20; view: 1358; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию