Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбек пен оның төлем есебі





Кәсіпорын әкімшілігі мен қызметерлерінің еңбек қатынастары еңбек заңдары және осы жарғымен анықталады.

Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қоры жиынтық қаржы балансында өкілетті органмен белгіленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі - кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде жүргізіледі.

Мамандар бөлімінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

- жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1;

- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-5;

- демалыс берілуі жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-6;

- жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8.

Бірінші рет жұмысқа қабылданған жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.

Еңбек кітапшасы кадрлар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және т.б деректер жазылады.

Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар санаттары бойынша типтік формасы Т-13 құжатытабельде(қосымша №1) алфавит бойынша ретті нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арнал ған. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, іссапарда болуы,жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі:

- іс-сапарындағы жұмысшыларға – к;

- демалыстағы жұмысшыларға – о;

- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін – и;

- демалыс және мейрам күндері -в;

- келмеген күндері, заңмен негізделген -н;

- жұмысқа жарамсыз -б;

- келмеген күндер -п;

- администрация келісімі бойынша келмеген күндер -а;

- көп жұмыс уақыты -с;

және т.б белгілер қолданылады.

Жұмысшылар мен кызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашкы кұжаттар мен жұмыс уақытыньң табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларыньщ дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл кұжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу көбінесе қызметкерлердің кредиттік карточкасына аудару арқылы жүзеге асады. Бұл кассадағы жұмысты оңайлатады. Бірақ та кей кезде еңбекақыны төлеу шығыс кассалық ордер немесе төлем ведомосі арқылы да жүзеге асады.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен кызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардьң істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:


1.Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2.Сыйлықтар мен сыйақылар.

3.Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда каралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер катарына:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.

8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмыс­шылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

1. Жай мерзімді;

2. Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша — жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұ -мыс істеген уақытына тарифте неме­се штатта көрсетілген мөлшері бойынша төле -неді.


Мерзімді сыйлықты — жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте не-месе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнім-дерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қа­рай сыйлық беру болып табылады.

Мерзімді еңбекақыны есептеу. Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе косымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем және тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уакытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік (календарьлық) ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қьгзметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдагы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндернің санына көбейту арқылы табылады.


Кесімді еңбекақы — жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уа -қыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақыны есептеу. Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімі мен істеген жұмысының, атқарған кызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы кұжаттар бо -йынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының неме­се қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі, саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмысының саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатка белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы кұжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген енбекақының жалпы сомаларының косындысына катынасы косымша табыс коэффициенті болып табылады.. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уакыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффициентіне қарай бөлу әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригададағы жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық кауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және кұрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны және тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты ұйымдарда әр түрлі төмендету және жоғарылату коэффициенті қарастырылады. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі деп аталатын кесімді және мерзімді еңбекақыдан басқа әр түрлі қосымша еңбекақы болып табылатын бір жолғы сыйақылар және жәрдемақылар төленуі мүмкін.

Қосымша еңбекақы есебі. Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу. Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнім -дері мен детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің са­ны мен көлеміне бай-ланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді. Ал кәсіпорын-дарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін то-лық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.

Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем. Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, ягни таңғы 6.00. сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұ-мыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған кызметінің, істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уакыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді:

Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заң -да қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.

Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 7/6 бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 6/5 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.

Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:

· Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем;

· Қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы;

· Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем;

· Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем;

· Өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем;

· Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем;

· Ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау және тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем;

· Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем;

· Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу және тағы басқалар.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:

· Негізгі еңбекақы және оған қосымша төленген үстемелер;

· Кәсіпорындарда тұрақты қолданылатын сыйлық беруге сәйкес еңбекақы қорына және сондай-ақ материалдық сыйақы қорынан берілетін сыйақы.

· Жыл бойы істеген жұмысының қорытындысы бойынша берілетін сыйақы, яғни он үшінші айлық (әр айға бөлініп қосылады);

· Қосымша еңбекақы.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады.

Еңбекақы есептеу бойынша құжаттар

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.

Жеке еңбек келісім-шарты — жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың, мерзімі, еңбек тәрті-бінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері тура-лы сұрақтар қарастырылады.

Әдетте,жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісім - шартында тіркеледі.

Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың, жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісім-шарты өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім-шартқа "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.

Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:

· белгісіз мерзімге;

· белгілі мерзімге;

· белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;

· еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.

Заңда келісім-шарттың максимальды және минимальды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім-шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.

Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден (қызметкерден) еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткер-лік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке келісім-шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.

Жұмысқа жаңадан кабылданғандарды "Жұмысқа кабылдау туралы Бұйрықпен (өкімімен)" құжаттайды; кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың (өкімнің) жобасы қажетті жағдайларда келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы (мастері) оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық (өкім) жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс жағдайларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шара-ларының минимумы бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер үлгінің сырт жағына соғылады (немесе жазылады). Жұмысқа алу туралы бұйрықтың (өкімнің) жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат кестесі бойынша белгіленген айлықақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол қойған бұйрық (өкім) қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа кабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.

Барлық категориядағы қызметкерге, оның ішінде жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандарға және училищелерді, кәсіптік-техникалық білім беретін мектептерді т.б. бітірген жас жұмысшыларға да "Жеке карточка"толтырылады.

Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан

босатылуы туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.

Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде сақталуы мүмкін.

Жеке еңбек келісім-шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін "Демалыс беру туралы бұйрық (өкім)" қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы (мастері) мен кәсіпорын басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде кадрлар бөлімі қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.

Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен азаматтық-құқықтық келісім-шарт (мердігерлікті, тапсырысты және қызмет көрсетуді және т.б.) жасауына болады. Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау үшін жасалады. Азаматтық-құқықтық қатынаста қызметкер белгілі бір тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынбайды.

Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық келісім-шартпен реттелуі мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу, жасау және орындау 04.07.92 ж. №1514-ХII шыққан ҚР "Ұжымдық келісім-шарт туралы" заңымен анықталады. Бұл келісім-шарт, жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген минималды еңбек ақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркелуі мүмкін. Одан басқа, ұжымдық келісім-шарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда, өндіріс тапсырмаларын, еңбекақы төлеу жағдайын, үй-тұрмыстық және басқа да. Олардың қатарына:

- тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;

- еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және компенсация құқын беретін жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;

- жұмыс уақытының жиынтық (жалпы) есебін жүргізетін өндірістер, цехтар, учаскелердің тізімі.

Қызметкерді бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне ауыстырғанда "Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығы (өкімі)" жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа (өкімге) бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілерін соғады. Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік-материалдық және басқадай бағалы заттар туралы белгілер қойылады.

Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда "Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық (өкім)" қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы (мастері) немесе кәсіпорын басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.

Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін "Жұмыс уақыты есебінің табелінде" жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімнен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарам-сыздық парағы (листогы), мемлекеттік не қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар т.б.) негізінде ғана табельге белгі қойылады.Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде кызметкерлердің жұмысқа келген- келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен, немесе тек ауытқуларын (келмегендерді, кешіккендерді т.б.) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады. Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері, цех, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі (қызмет орны), табельдік нөмірі т.б.

Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі. Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұстауға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:

· Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерде);

· Табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес);

· Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл және т.б.);

· Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар;

· Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы;

· Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар;

· Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.







Date: 2016-01-20; view: 3615; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.03 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию