Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орыс тілінде





Негізгі:

1. Коммунальная гигиена / под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М., 2006 – Ч.1. -304с,; Ч.2. – 336с.

2. Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елгондина Г.Б. Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиене: Учебник – Алматы, 2008. – 430с.

Қосымша:

1. Мазаев, В. Т. Коммунальная гигиена. В 2 ч. Ч. 1. [Электронный ресурс]: учебник для вузов. - 2-е изд., испр. и доп. - Электрон. текстовые дан. (35,7 МБ). - М.: Издательская группа "ГЭОТАР- Медиа", 2009. - 304 с. эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Мазаев, В. Т. Коммунальная гигиена. В 2 ч. Ч. 2. [Электронный ресурс]: учебник для вузов. - Электрон. текстовые дан. (36,6 МБ). - М.: Издательская группа "ГЭОТАР- Медиа", 2009. - 336 с. эл. опт. диск (CD-ROM).

2.10 Оқытудың және сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: шолу, мәселелік.

Тәжірибелік сабақтар: тестік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс жасау, TBL,PBL, жағдайларды модельдеу, коммуналдық мақсаттағы нысандарды гигиеналық тексеру алгоритмін жасау, құжаттармен танысу және аспаптармен жұмыс жасау.

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): ОСӨЖ жалпы оқу кестесінде көрсетілмейтін, жеке кесте түрінде берілетін, оқытушымен контактіде орындалатын, студенттің аудиториядан тыс жұмысы болып табылады. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары бойынша, үй тапсырмасын, жобаларды, тәжірибелік сабақтарды орындау, семестрлік жұмыстарды қадағалау, есеп жасау және тағы басқа СӨЖ тапсырмаларының түрлерінде туындайтын сұрақтары, рубеждік бақылауды өткізу бойынша кеңестер беріледі.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): Нысанды тексеру, реферат, презентация, тесттік және жағдайлық есептер құрастыру, есеп беру,алдын алу шараларын құрастыру, баяндама,жоба, G-Global платформасында жұмыс, оқытушымен бірге шолулар мен пікірлер

1. Реферат жазу: студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат

ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат

тақырыбына сай сызба, кесте және суреттер келтіріледі.Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқып беру емес, айтып беруі керек.Қойылған барлық сұрақтарға сенімді әрі қатесіз жауап береді.

2. Баяндама дайындау: баяндама таңдап алынған тақырып бойынша дайындалады, онда тақырыптың ұзақтығы 5 минут болатын қысқаша мазмұны беріледі. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтіріледі. Баяндау барысында мәтін оқылмайды, өз сөзімен айтылады.

3. Есеп беруді дайындау: өз бетінше немесе топпен орындалады, тақырып бойынша зерттеу жүргізіледі. 7 кем емес әдебиет көздері қолданылуы қажет. Автор есеп беру тақырыбы бойынша терең білім көрсету керек.

4. Презентация: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5 кес емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.

5. Тест сұрағын құрастыру: 20 тест сұрағы болуы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті және адекватты. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген.

6. Жағдайлық есептерді құрастыру: өз бетінше орындалады, есептер адекватты, қарапайым, тапсырма түсінікті болуы тиіс. Қойылған сұрақтар нақты (3-4), тақырыпқа сай болуы керек. Жағдайдың баяндалуы, берілген сандар мен дәлелдер жалпы түсінікті, нақты, шынайы болғаны жөн. Есептің саны 5 кем болмауы тиіс.

7. Жоба: тақырып бойынша зерттеу, оған қажетті ақпаратты іздену, жинау және талдау кіреді, өз бетінше немесе топпен орындалады.

8. Санитариялық-гигиеналық шаралар құрастыру: адекватты, негіздел-ген, нақты, ұсынылған шаралар таңдалып алынған тақырыпқа сәйкес келуі керек. Алдан алу шараларының саны 5 кем болмауы тиіс.

9. Акт жазу және нысанды санитарлық тексеру: көрсетілген нысанға уақытылы барады және өз бетінше оны тексереді. Актіні дұрыс, сауатты толтырады, сәйкессіздіктерді дұрыс көрсетеді. Сәйкессіздіктерді айтып береді. Кемшіліктерді жоюдың шараларын дұрыс ұсынады.

СӨЖ- орындалуына қойылатын талаптар:

1. Реферат:схема -тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда

логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3см;

Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.

2. Презентация:Стиль: -оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану -бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі - ақпарат көлденеңінен орналасу керек,

негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер - тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.

Мультимедиалық презентацияны бағалау көрсеткіштері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,

мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.

4. Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар:

жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

5. Санитариялық-гигиеналық шаралар құрастыру: адекваттылық, негізделуі, нақтылығы, ұсынылған шаралардың таңдалып алынған тақырыпқа сәйкестігі, санитариялық ережелерді қолдануы. Алдан алу шараларының саның 5-тен кем болмауы.. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы - 2 см, сол жағы - 3 см;

6. Есеп беру: Есеп беру құрылымы: титул беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі. Сызба - тақырып, мақсаты және міндеттері, өзектілігі, берілген тақырып бойынша зерттелген нақты сұрақтар тізімі. Қорытынды және ұсыныстар. Есеп беру көлемі 5-8 бет. Мазмұнына кіріспе, негізгі бөлім, тараулар мен тармақшалар, қорытынды, әдебиеттер тізімі кіреді. Кіріспе 1 беттен тұрады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, мақсаты және міндеттері, өзектілігі беріледі. Тақырыптағы сілтеме әдебиет тізіміндегі реттік нөмірге сәйкес болатындай, жақшада санмен белгіленеді. Қорытынды 2-3 тармақшадан тұрады. Қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, дәлдік және материалды берудің логикалық кезеңділігі; аргументтің сенімділігі; формурлировканың қысқалығы және дәлділігі.

Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

7. Баяндама:

Баяндама құрылымы: титул беті, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі. Сызба - тақырып, мақсаты және міндеттері, өзектілігі, берілген тақырып бойынша зерттелген нақты сұрақтар тізімі. Қорытынды және ұсыныстар. Есеп беру көлемі 5-8 бет. Мазмұнына кіріспе, негізгі бөлім, тараулар мен тармақшалар, қорытынды, әдебиеттер тізімі кіреді. Кіріспе 1 беттен тұрады, онда тақырыптың қысқаша негіздемесі, мақсаты және міндеттері, өзектілігі беріледі. Тақырыптағы сілтеме әдебиет тізіміндегі реттік нөмірге сәйкес болатындай, жақшада санмен белгіленеді. Қорытынды 2-3 тармақшадан тұрады. Қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, дәлдік және материалды берудің логикалық кезеңділігі; аргументтің сенімділігі; формурлировканың қысқалығы және дәлділігі.

Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

8. Жоба: өз бетінше немесе топпен орындалады, тақырып бойынша зерттеу жүргізіледі. Жобада келесі тараулар болуы тиіс: ақпаратты іздеу (әбеди шолу); ақпаратты жинау; ақпаратты талдау. Қойылатын талап: Жоба тақырыптың мазмұнын ашуы тиіс, барынша ақпаратты болғаны жөн, зерттеу қортындысы болуы тиіс, 8-10 беттен кем болмауы тиіс. Автор 7 кем емес әдебиет көздерін қолдануы керек, тақырып бойынша сызбалар, кестелер, диаграммалар келтіріледі. Қолданылған әдебиеттер тізімі болуы керек. Жобаны қорғау барысында мәтін оқылмайды. Автор барлық сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді. Форматы: А4 шрифт Times New Roman, шрифт көлемі 14, үстінгі жағы, оң жағы, төменгі жағы 2 см-ден, сол жағы 3 см-ден.

Ескерту* -СӨЖ орындауда қолданылатын әдебиет көздерінің ұсынылатын саны 5 кем емес, 10-жылдан артпауы қажет.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Студенттердің оқу үлгерімін және білімдерін бағалау «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау» 25.08.2006ж. ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 негізінде, ОҚМФА қабылданған унифицирленген рейтинг әдістемесіне сәйкес.

Бақылаудың келесі түрлері қолданылады: ағымдық, аралық және қорытынды

Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, орындалған тапсырманың нәтижесін тексеру және т.с.с, шағын топтармен жұмыс кезінде өзін - өзі және топтық бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум. Аралық бақылау семестрдің 8 және 15 апталарында тестілеу, ауызша сұрау және жағдайлық есептер шығару, тәжірибелік дағдыларды, коммуникативтік және құқықтық білікті бағалау түрінде тапсырылады.

Қорытынды бақылау: тестілеуден және тәжірибелік дағдыларын (ОҚТЕ), коммуникативтік және құқықтық білікті бағалаудан тұратын емтихан.

2.11.1 Ағымдық бақылау:

Үлгерімін ағымдық бақылау тәжірибелік сабақта оқу кестесіне сай жүргізіледі.

Date: 2016-01-20; view: 737; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию