Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Коммуналдық гигиена-халықтың мекен ету ортасын жақсарту, халық аурушаңдығының алдын алу мен төмендету





Коммуналдық гигиена-халықтың мекен ету ортасын жақсарту, халық аурушаңдығының алдын алу мен төмендету бойынша шараларды негіздеу мақсатында, коммуналдық гигиена саласындағы гигиеналық нормативтер мен санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманы әзірлеу үшін, қоршаған ортаның табиғи және антропогендік факторларының елдімекендер жағдайында адам денсаулығына әсерін зерттейтін, жетекші профилактикалық пәндердің бірі.

Коммуналдық гигиена профилактикалық медицинаның ғылыми салаларының бірі және оның мәселелерін Медициналық-профилактикалық іс мамандығының бакалаврлары білуі қажет.

2.2 Пәннің мақсаты: коммуналдық гигиена саласында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу бойынша медициналық-профилактикалық бағыттағы маманды даярлау.

2.3 Оқыту мақсаттары:

• коммуналдық гигиена нысандарына ескертпелі және ағымдық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау өткізуге үйрету;

• атмосфералық ауа, елдімекендер аумағындағы топырақ пен су қоймаларындағы су ластануының негізгі көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау өткізуді ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық әдістерді қолдануға үйрету;

• сумен жабдықтау көздерін, ауыз су мен су өткізетін қондырғылар сапасын жақсарту тәсілдерін санитариялық-гигиеналық бағалау бойынша білім беру;

• елдімекендердегі кәріз жүйелері мен түрлерін; шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды тазарту бойынша тазарту қондырғылары жұмысының тиімділігін санитариялық-эпидемиологиялық бағалауды үйрету;

• елдімекендерде атмосфераны ластайтын шығарыстарды тазарту бойынша түрлі кәсіпорындардағы шаң мен газды тазарту құрылымдары жұмысының тиімділігін санитариялық-эпидемиологиялық бағалауды үйрету, шекті рұқсат етілген шығарыс (ШРЕШ) анықтау;

• адамның денсаулық жағдайына қоршаған орта факторларының (су, ауа) әсерін зерттеу бойынша мағлұмат беру;

• елдімекендер аумағын күту мен қатты және сұйық түрдегі қалдықтардан тазартуды, сондай-ақ оларды зарарсыздандыру тәсілдерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша білім беру;

• тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, түрлі коммуналдық-тұрмыстық нысандарды, медициналық ұйымдарды, дәріханалар мен спорт құрылымидарын жарықтандырумен, жылумен және желдетумен қамтамасыз етуге санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау өткізуге үйрету;

• сумен жабдықтау мен кәріздендірудің, қала мен ауыл тұрғындарын қоныстандыруды, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық-тұрмыстық нысандарды, спорт құрылымдарын, медициналық ұйымдарды, дәріханаларды жоспарлау мен салудың жобалық құжаттарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама өткізуге үйрету;

• су объектілерін, атмосфералық ауа мен елдімекендер аумағындағы топырақты, жабық ғимараттардағы ауаны санитариялық қорғау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық шараларды әзірлеу мен енгізуге үйрету.


2.4 Пәнді о қытудың соңғы нәтижесі:

Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі Пәнді оқытудың нәтижесі (МЖМБС) Құзыреттілік бойынша оқытудың нәтижелері
А Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзіреттілік Коммуналдық гигиенаның мақсаты мен міндеттерін, кәсіби қызметті іске асыру үшін оның ерекшеліктерін біледі.  
Халық денсаулығына әсер ететін негізгі нысандар мен факторларды біледі: ауаның, су және сумен жабдықталудың, топырақтың, микроклиматтың сапасын, шуды. Тіршілік ету ортасы факторлары-ның халықтың денсаулық жағдайына әсер ету механизмдері.
Коммуналдық гигиена бөлімінің құжаттарын біледі.  
Елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, кәріздендіруге сараптама жасау кезеңдерін және бағалауды, қалалық және ауылдық мекендерді, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық-тұрмыстық нысандарды, спорттық ғимараттарды, медициналық ұйымдарды және дәріханаларды жоспарлауды және құрылысын салуды біледі.
Коммуналдық гигиена нысандарына ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу әдістемесін біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Атмосфералық ауаның, тұрғын аймақтағы топырақтың және су көзі суларының негізгі ластаушы көздеріне ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық әдістерін біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Сумен қамтамасыз ету көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық баға беруді біледі. Тіршілік ету ортасы факторлары-ның халықтың денсаулық жағдайына әсер ету механизмдері.
Ауыз судың сапасын жақсарту тәсілдеріне және суқұбыры қондырғыларына санитариялық-эпидемиологиялық баға беруді біледі.
Елді мекендерді кәріздендіру жүйелері мен түрлерін санитариялық-эпидемиологиялық бағалау әдістерін біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық іркінді суларды тазалау бойынша тазарту қондырғыларының жұмыс жасау тиімділігіне баға беруді біледі.
Елді мекендердің атмосфералық ауасына бөлінетін шығарыстарды тазарту бойынша әртүрлі өнеркәсіптердегі шаң газды тазарту қондырғыларының жұмыс жасау тиімділігіне санитариялық-эпидемиологиялық баға беруді, шектеулі рұқсат етілген шығарысты (ШРЕШ) анықтауды біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Тұрғындардың денсаулық жағдайына қоршаған орта факторларының (су, ауа) тигізетін әсерін зерттейтін әдістерді біледі. Тұрғындар денсаулығы көрсеткішерін есептеу және бағалау әдістері.
Елді мекендердің территориясын таза ұстауды, қатты және сұйық қалдықтардан тазартуды және оларды залалсыздандыру тәсілдеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыруды біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, әртүрлі коммуналдық-тұрмыстық нысандардың, емдеу-алдын алу мекемелердің, дәріхана және спорттық құрылымдардың жарықтануына, жылытуына және желдетуіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың баға беру әдістерін біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Елді мекендердегі атмосфералық ауаны, топырақты және су нысандары мен жабық бөлмелердің ауасын санитариялық қорғау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс шараларды құрастыруды және ендіруді біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Тұрғындар арасында су арқылы берілетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуы мен таралуының себептерін, жағдайын және қауіп факторлары мен алдын алу шараларын біледі. Су арқылы берілетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуы мен таралуының себептерін, жағдайын және қауіп факторлары мен алдын алу шаралары.
Қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін есептеу мен бағалау әдістемесін біледі. Тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін есептеу мен бағалау әдістемесі
Елді мекендердегі атмосфералық ауаны, топырақты және су нысандары мен жабық бөлмелердің ауасын санитариялық қорғау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Стационарлы гигиеналық аспаптардың құрылымы мен жұмыс жасау ұстанымдарын біледі.  
Жылжымалы гигиеналық аспаптардың құрылымы мен жұмыс жасау ұстанымдарын біледі.
Тұрғындардың денсаулық көрсеткіші мен қоршаған орта факторларының өзара байланысын біледі. Тіршілік ету ортасы факторлары-ның халықтың денсаулық жағдайына әсер ету механизмдері.
  Топырақтың, судың және атмосфералық ауаның негізгі ластау көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру ережесін біледі. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ережелерi.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктерін біледі. Емдiк-алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдары қызметтерінiң ұйымдас тыру-экономикалық аспектiлерi.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Қазақстан Республикасының халықтың денсаулық жағдайын қорғау заңнамасын, санитариялық, табиғатты қорғау заңнамаларын, мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет мамандарының құқықтық негізінің ерекшеліктерін біледі. ҚР денсаулықты сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық бақуаттылығы, санитариялық, табиғатты қорғау заңнамаларын, мемлекеттік санэпидқызмет мамандарының құқықтық негіздері.
Тұрғындар денсаулығына әсер ететін коммуналдық нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды біледі.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау әдістемесін біледі.  
Коммуналдық гигиена облысындағы ғылыми зерттеулер бойынша соңғы ғылыми жетістіктерді және ақпараттар базасын зерделейді.
Ғылыми зерттеу әдістерін біледі.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі IТ-технологияны және әртүрлі ақпараттар базаларында ізденудің әдістемесін біледі.  
Қажетті ақпаратты алудың амалдарын және тәсілдерін, сақтауды біледі.  
«Коммуникатив-тік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени, құзыретті-лік,сыни ойлау, жаңа-шылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тіл-ділік құзыреттілігі) Мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мәліметті еркін түсіндіреді.  
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзіреттілік Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың әртүрлі деңгейінде басқарушылық шешім қабылдай алады. Мемсанэпид қадағалаудың әр түрлі деңгейінде басқарушылық шешімдер қабылдау.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың шиелінісуінде әртүрлі нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына баға береді. Санитариялық - эпидемиологиялық жағдайлардың шиелінісуінде әртүрлі нысандардың гигиеналық-эпидемиологиялық жағдайына баға беру.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, әртүрлі коммуналдық-тұрмыстық нысандардың, емдеу-алдын алу ұйымдардың, дәріхана және спорттық құрылымдардың жарықтануына, жылытуына және желдетуіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізудің ережесін пайдалана алады.
Нақты территорияда суды пайдалану және сумен қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, инфекцияның су арқылы таралуын жою бойынша шаралардың тиімділігіне баға береді. Іркінді суларды және атмосфералық шығарыстарды тазарту қондырғылары жұмысының тиімділігіне баға береді. Нақты территорияда сумен қамтамасыз ету және суды пайдалану ерекшеліктерін ескеріп, инфекцияның су арқылы таралуын жою шараларынның тиімділігіне баға беру.
Коммуналдық нысандарды зерттеу әдістерін игерген.  
Су, топырақ, атмосфералық ауаның тазалығына санитариялық- эпидемиологиялық баға береді. Суға, топыраққа, атмосфералық ауаға гигиеналық баға беруді іске асыру.
Аймаққа байланысты ауыз судың сапасын жақсарту тәсілдерін ұсынады.
Коммуналдық гигиена облысы бойынша мемлекеттік ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды іске асырады. Қоршаған ортаны қорғау аясында ескертпелі және ағымды санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау жүргізу.
Коммуналдық нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді және тексеру актілерін толтырады. Қоршаған орта облысы бойынша мемлекеттік ескертпелі және ағымды санитарлық эпидемиологиялық қадағалау жүргізу.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда микроклимат көрсеткіштерін, су, ауа, топырақ сапасын және олардың инфекциялық аурулардың таралуындағы ролін анықтайды. Тіршілік ету ортасы нысандарының санитариялық - эпидемиологиялық бақуаттылығы көрсеткіштеріне баға беру.
Коммуналдық мақсаттағы нысандардың, тұрғын ғимараттардың жарықтануын, желдетуін және жылытуын бағалауды жүргізеді. Тіршілік ету ортасы нысандарының санитариялық - эпидемиологиялық бақуаттылығы көрсеткіштеріне баға беру.
Тұрғындар арасында атмосфералық ауа, топырақ және су факторлары арқылы берілетін инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды жою мен төмендету бойынша алдын алу шараларын іске асырады. Тұрғындар арасында жұқпалардың берілу ықтимал қауiп-қатерлігіне баға беру.
Коммуналдық гигиенаның әртүрлі нысандарының жобалық құжаттарына сараптама жүргізеді және гигиеналық қорытынды береді. Бақыланатын нысандарға санитариялық - эпидемиологиялық сараптама жүргізу.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Коммуналдық гигиена сұрақтары бойынша халықтың әртүрлі контингенті арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша жоспар құрастырады. Республика халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы. Емдеу-алдын алу ұйымдарында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау және жүргізу.
Коммуналдық гигиена нысандары бойынша ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің жоспарын құрастырады. Қоршаған орта нысандарында ескертпелі және ағымды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі ҚР денсаулықты сақтау, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық бақауттылығы туралы және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының іс әрекеті туралы заңды құжаттарын қолданады және түсіндіріп береді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында нормативтiк - құқықтық және заңды іс әрекет.
Коммуналдық гигиена нысандарына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды және санитариялық ережелерді қолдана біледі.
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Кәсіптік міндеттерді шешу үшін коммуналдық гигиена бойынша ғылыми ақпараттарды жинайды және критикалық талдау жүргізе біледі. Ғылыми зерттеулер жүргізу.
Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми зерттеуді жүргізе біледі.
    Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Заманауй компьютерлік құралдарды және желілік технологияларды пайдаланып, әртүрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеудің негізгі тәсілдердін қолданады. Қоршаған ортаның гигиеналық параметрлерiн және халықтың денсаулық жағдайын статикалық талдау.
Word, Internet Explorer, Power Point, Excell бағдарламаларында алынған оқу және ғылыми ақпараттарды безендіріп, көрсете алады.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени, құзыретті-лік,сыни ойлау, жаңа-шылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тіл-ділік құзыреттілігі) Командада жұмыс жасай алады, көшбасшылыққа ұмтылуды көрсете алады. Командада жұмыс iстеу дағдысына және лидерлiк қабілетке ие.
Қоғамда жеке тұлға ретінде коммуникативтік дағдыларды көрсете алады. Тиiстi коммуникативті дағдыларды көрсету.
Кәсіптік қызмет барысында ағылшын тілінің Elementry деңгейінде арнайы терминдерді қолданады.  
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзіреттілік Оқу білімінің нәтижелерін бағалайды, бақыланған фактілерді, себеп-салдарлық қатынастарды түсіндіреді.  
Тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту бойынша нысандарды тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі қорытындыларды ұсыныстар ретінде құрастырады. Гигиена облысында мемсанэпид қадағалауды iске асыру.
Дәйектемелерді құрастырады және оларды аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, коммуналдық гигиенаның мәселелерін шешуде қолданады. Санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер қызметіне талдау жүргізу және баға беру.
Жабық ғимараттардың ауасын және топырақты, атмосфералық ауаны, су нысандарын санитариялық қорғау бойынша ұсынылған ұсыныстарды негіздейді. Республика халқының санитариялық - эпидемиялогиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Коммуналдық гигиена облысындағы қиындықтарды шешу үшін статистикалық мәліметтерді талдайды. Тiршiлiк ортасының гигиеналық параметрлерiн және халықтың денсаулық жағдайын статистикалық талдау.
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Коммуналдық гигиена нысандарын зертханалық зерттеу нәтежесі бойынша дәйектерді құрастырады және оларды тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарда қолданады. Республика халқының санитариялық - эпидемиялогиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санэпидқадағалау қызметін реттейтін нормативті және заңнамалы құжаттар жүйесіндегі бағытты біледі.  
Коммуналдық гигиенадағы мәселелерді шешу үшін негізгі нормативті құжаттарды қолданады.  
  «Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Коммуналдық гигиена бойынша ғылыми зерттеулердің нәтежелерін негіздейді.  
Коммуналдық гигиена облысындағы ғылыми жетістіктерді қадағалайды және дәйектейді.  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Мәселені шешуге дәйектерді құрастыру үшін әртүрлі компьютерлік көздерден алынған ақпараттарды іздейді және жинақтайды.  
  «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени, құзыретті-лік,сыни ойлау, жаңа-шылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тіл-ділік құзыреттілігі) Коммуналдық гигиена саласындағы мәселені шешуде дәйектемелерді сауатты түрде келтіреді, өзінің және ұжымның пікірін сыпайы түрде қорғайды.  
Командада жұмыс істей алу қабілетін көрсетеді. Коммуналдық гигиена облысында лидерлік және ұйымдастырушылық қабілетке ие.  
Коммуналдық гигиена бойынша зерттелетін мәселені шешу жолдарын ұсынады.  
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялау-ды жүзеге асыру. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзіреттілік Коммуналдық гигиена нысандарына соңғы ғылыми жетістіктерді енгізеді және түсіндіреді.  
Коммуналдық гигиенаның нақты нысандарының сапа көрсеткіштерін жинақтайды, әртүрлі аурулардың пайда болу себептерін түсіндіреді және алынған нәтижелері бойынша тұрғындарды хабардар етеді. Тіршілік ету ортасының санитариялық-гигиеналық жағдайына байланысты ересек және балалардың денсаулық жағдайына бағалауды жүргізу.
Алдын алу шараларының нәтижесі бойынша ақпарат жинауды және олардың көрсеткіштерін түсіндіреді.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Коммуналдық гигиена бойынша өзекті мәселелер жөнінде ақпараттық бюллетень мен стендті дайындауды және шығуын ұйымдастырады.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі ҚР Конституциясының, коммуналдық гигиена саласы бойынша қарым-қатынасты реттейтін этикалық және құқықтық нормативтердің негізгі ережелеріне сүйенеді.  
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Коммуналдық гигиенаның таңдап алынған тақырыбы бойынша ғылыми және шолу мақалаларын оқытушымен, студенттермен және әріптестермен бірлесіп, баспадан шығарады.  
Әр түрлі көздерден алынған статистикалық деректерді талдайды және коммуналдық гигиенаның әртүрлі нысандарына экстраполирлейді.  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Интернеттік ақпарат базасынан және оқулық пен ғылыми әдебиеттерден, статистикалық есептерден мәлімет жинақтауды жүзеге асырылады.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени, құзыретті-лік,сыни ойлау, жаңа-шылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тіл-ділік құзыреттілігі) Коммуналдық гигиена мәселелері бойынша өзінің жеке пікірін баяндама, есеп, презентация, жоба түрінде безендіріп, тәжірибелік сабақта, студенттер үйірмесінің отырысында, студенттердің ғылыми конференциясында және т.б. жерде ұсынуға қабілетті.  
E Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзіреттілік Ауаның, топырақтың, әртүрлі су көздерінен алынған судың және ауыз судың, микроклиматтық көрсеткіштерінің зертханалық талдау қорытындысы бойынша гигиеналық бағалауды дайындап, баяндама жасайды.  
Коммуналдық нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді жақсарту үшін тексеру және гигиеналық ұсыныс беру алгоритмін құрайды.  
Елді мекендерді жоспарлау және орналастыру жөнінде мәліметтерді жинайды және түсіндіріп береді.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Халықты санитарлық оқытуға және дезинфекциялық бақылау бойынша жеке нысан ашуға, сонымен қатар коммуналдық нысандарда санитариялық талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады. Халықпен қарым-қатынаста медициналық этика ұстанымдарын сақтай отырып, тиiстi коммуникативті дағдыларды көрсету.
Тұрғындар шағымданып келгенде, туындаған даулы сұрақтарды шешуге қатысады.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитариялық - эпидемиологиялық қызметі реттейтін қолданыстағы және жаңа занды құжаттарында баяндайды. ҚР денсаулықты сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық бақуаттылығы, санитариялық, табиғатты қорғау заңнамаларын, мемлекеттік санэпидқызмет мамандарының құқықтық негіздері.
Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында негізгі санитарлық ережелерді ұйымдастырылған топтарға хабарлайды.  
«Ғылыми зерт-теу дағдылар» құзыреттілігі Жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтежесін студенттерге, оқытушылар мен әріптестерге баяндайды.  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Әртүрлі ақпарат тасымалдаушы көздерді қолдана біледі. Алынған ақпаратты компьютерде өңдейді.  
«Коммуникатив-тік дағдылар» құзыреттілігі (мәдени, құзыретті-лік,сыни ойлау, жаңа-шылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, өзге тіл-ділік құзыреттілігі) Студентерге / оқытушыларға /, емтихан қабылдаушыға өзінің білімін және оқу тәжірибелерін жоспарлайды және жүргізе алады, бақыланатын фактілер мен құбылыстарды, олардың және себеп-салдарлық ара қатынасын түсіндіреді. Басқаларды үйретуге және өз білімін және дағдыларын кәсiптік қызмет барысында үнемі жетiлдiруге қабiлеттi болу.
  Тұрғындар, жасөспірімдер, балалар, студенттер арасында СӨС насихаттау үшін мәліметтерді іздейді және талдай алады.
Студенттерге және әріптестерге өз білімін және ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын бере алады (оқу, анықтамалық, ғылыми)
  Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті   Балалар және жасөспiрiмдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау.  

2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, физиология, микробиология, жалпы гигиена, қоршаған орта мен денсаулық, жұқпалы аурулар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау.

2.6 Реквизиттен кейінгі: еңбек гигиенасы, эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.

2.7 Пәннің қысқаша мазмұны: коммуналды гигиена пәні, мазмұны және маңызы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау. Санитариялық-гигиеналық зерттеу әдістері. Суды, топырақты және атмосфералық ауаны санитариялық қорғау. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, мәдени – тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының гигиенасы, медициналық ұйымдардың, елді мекендерді жоспарлау гигиенасы.

2.8. Тақырыптық жоспары ( дәрістің, тәжірибелік сабақтардың): тақырыптар, өткізу түрі мен ұзақтығы.

Date: 2016-01-20; view: 1360; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию