Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Билет Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі, бюрократизм және демократия
Экономикалық басқару жүйесі Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді Бюрократизм ұғымы іс жүргізуді ретке келтіру тұрғысынан қолданылады. Бюрократизмнің түп төркіні кеңесшілдік, төрешілдік, былайша айтқанда жұртшылдық пікірімен санаспай, дербес басшылық жасауға әуестенушілік. Бюрократизм – басшының жұмысты ұйымдастыруды өз қолына алуы, өз билігін сақтауы мен нығайтуы. Бюрократизм басшылық етудің ерекше стилі, онда ұжымның мүддесі мен еркінен тыс билік ету, нақты істі елеумешілік басым түседі. Бюрократ дегеніміз - өз міндетін немқұрайды орындайтын, іске зиян келтіретін, қағазбастылыққа салынатын, жүйедегі нақты мүмкіндіктерді ескермейтін лауазымды қызмет иесі. Бюрократ белгіленген ережелер мен қағидаларды арқа тұтып жауапкершіліктен қашады, өз ісіндегі қолайсыз жайттарды, осы нормативтерді шығарған жоғарғы басшылардан көреді. Сол себептіде ол өзінің қарамағында істейтін адамдарды формальді міндеттерін қалай орындағанынан қарай бағалайды. Бюрократизм ұжым инициативасын басып тастауға бейім, батыл, ізденісті, оңды пікірді ұнатпайды. Ал кадрларды бағалаумен қызметін жоғарылатуды өзі ұнатады, жеке басына қалтқысыз берілген адамдардан, жолдас- жораларынан туыстарынан іздестіреді. Себептері: кейбір басшылардың экономиканы жетік білмеуі, ойлаудағы шалағайлылығы, жаңа тәсілдерді үйренуге қабілетсіздігі немесе үйренгісі келмеуі, басқарудың кейбір ұйымдық құрылымының жетілдірілмеуі, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білмеуі. Бюрократияның пайда болу формалары: -көп сатылы басшылыққа бейімділік. - берекесіздіктен, тартыншақтықтан, инициативасыздықтан және жоғарыдан нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу. - қарамағындағы адамдардың ұзақ – түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу. - қағаз бастылыққа салыну, өзін сақтандыру мақсатында әрбір істелген істі құжатпен тіркеуі, іс қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату. Бюрократия- жұмысшы компетенциясын, жолдау- принципін, жұмыс көрсеткіштерін бағалау, ереже көрсеткіштерін бағалау, ереже және стандарт, нақты басқару иерархиясына негізделген мамандандырылған еңбек бөлінісі сипатындағы ұйым типі. Сондықтан бюрократиялық ұйымдық құрылым еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесіне, басқару иерархиясын дамытуды сипаттайды. Жалпы Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттау және бюрократизмнің элементтерін көрсету үшін поркинсона заңына сүйенеміз. Оның пікірінше бюрократиялық басқару белгілері төмендегідей: Бюрократия өзін өзі реттейтін рыноктық, құндық тетіктерге түбегейлі экономикалық реформаларға әрдайым қарсы. Ал реформа болса жұмыс істеудің принципіжаңа әдістерін, кәсіптік біліктілікпен қазіргі есептеу техникасын пайдалана білуді, үнемі оқып, оны қайта пысықтауды ұсынады. Реформа басқару жүйесіндегі артық буындар мен баспалдақтарды анықтап, олардың халық шаруашылығына қаншалықты зиян екенін көрсетеді. Басқарушы аппарат тұрғысынан қарағанда бюрократизмнің төмендегідей себептері бар. Кесте №1
Date: 2016-01-20; view: 1380; Нарушение авторских прав |