Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурак отв Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары





Шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік прогрессінің маңызды факторы болып табылады.

Шағын кәсіпорындар бастапқы ірі инвестицияны талап етпейді және ресурстардың айналымының жоғары жылдамдығына кепіл береді, экономиканың құрылымын өзгерту мәселелерін тез және тиімді шешуге қабілетті. Нарық конъюнктурасының өзгерісіне оперативті жауап беріп, шағын кәсіпкерлік экономикаға қажетті икемділік береді. Ол экономикадағы бәсекелестік ортасын қалыптастыруға елеулі үлес енгізуге қарағанда, сұраным мен ұсынымның өзгерісіне тез үн қосуға және осы есептен нарыққа қажет тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту аралас экономикаға икемділік беріп, әртүрлі нысандағы меншікті және оларға тән шаруашылықтың баламалық үлгілерін үйлестіріп, жалпы әлемдік үрдіске жауап береді, онда бәсекелес нарық механизмін күрделі синтезі және ірі және ұсақ өндірісті мемлекеттік реттеу жүзеге асады.

Шағын кәсіпкерлік саласы – бұл көбіне эконоимкалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық эконоимканың жетекші салаларының бірі.

Ол әлеуметтік құбылыс белгілерін иеленеді, өйткені халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және жұмыссыздық пен кедейлікті азайтады.

Нарық конъюнктурасы – нарықта қалыптасқан экономикалық жағдай: сұраным мен ұсыным, баға, сату көлемі, пайыз мөлшерлемесі, валюта курсының және т.б. деңгейі.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қаржы, материал құралдарына және табиғи ресурстарға ұқыпты қатынасты, шаруашлықы істегі жаңа ойлауды қалыптастыруға қабілетті.

Қазақстан Респубьликасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға объективті қажеттілікке назар аударылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау үй-жай, жабдық беру, мемлекеттік тапсырыс тарату, кепіл зат ұсыну жолдарымен жүзеге асады.

Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік ынталандыруды, оның субъектіленрін несиелеудің бағдарламасын жасайтын және қолданатын коммерциялық банктер жүзеге асырады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыру шаралары қызметін лизинг пен франчайзинг атқарады.

Лизингтің дамуы рухани және табиғи тозған негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігіне және шағын кәсіпорындарда жаңа техника мен технологияны сатып алу үшін жеткілікті қаржылардың шектеулігіне байланысты.

Франчайзинг – шағын кәсіпкерлікке белгілі уақыт ішінде және белгілі орында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қаржыландыру құралы ретіндегі құқығы.

Шағын кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашағаны, көптеген шешімдердің жүзеге асуын болжау қиын, әрекет бағытын бірнеше мүмкін нұсқадан таңдау қажет болған белгісіздік жағдайда қабылдауға тура келеді.

Шағын кәсіпкерлік теориясы мен практикасының мәні тәуекелдің зардабын мүмкіндігінше төмендету, тәуекелді алдын-ала есептей білу, болжанбаған шараларды азайту бойынша шараларды белгілеу. Тек табиғи ресурстарға сүйеніп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өте үнемсіз.


ҚР тұрақты экономикалық өсудің күрделі факторына инновацияны айналдырудағы маңызды рольді шағын кәсіпкерлік атқарады.

Шағын кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылықтың көп түрлі нысандарын ынталандыруға, ішкі шаруашылықты дамытуды елеулі шамада күшейтуге, халықтың еңбекпен қамтылуын кеңейтуге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі мен айырбаста салыстырмалы артықшылығын іске асыруға арналған.

 

2. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлік қатынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау. Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.

Қолдау қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу.

Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкерлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы эконоимкалық орта жасау.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсендікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңында қарастырылады:

- өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;

- өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;

- электрэнергиясы, жылу, сумен жабылдықтау және канализациясының қуатына қосылу, мемлекетік қатысуымен екінші деңгейдегі банкте есепшот ашу бойынша ақыдан босату;

- шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу.

Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптген кәсіпкерлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерке шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесу

 







Date: 2016-01-20; view: 1029; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию