Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компьютерлік графика





Деректерді графикалық түрде компьютердің мониторында көрсету алғашқы рет 50-ші жылдардың ортасынан басталды. Оны тек үлкен ЭЕМ-дерде ғылыми және әскери зерттеу үшін қолданылған болатын. ЭЕМ-де сурет салумен айналысатын информатика бөлігі “компьютерлік графика” деп атау алды. Информатиканың арнайы бұл аумағы– компьютерлік графика –бағдарлама-аппараттық есептеуіш жиынтық- тарының көмегімен бейнелерді құру және оларды өңдеу әдістері мен құралдарын оқытады. Бейнені құру әдістеріне қарай компьютерлік графиканы растрлік және векторлық бөлімдерге бөлуге болады. Үлкен көлемді объект моделдерін құруға арналған әдістер мен құралдарды оқытатын үш өлшемді графика бөлек пән болып саналады. Тәртіп бойынша үш өлшемді графика векторлық және растрлік әдістермен құрылатын бейнелерге сәйкес келеді. Adobe PhotoShop графикалық редакторын растрлік графикаға жатқызуға болады. Оның көмегімен әсерлі мәтіндер жазуға, суреттерді өңдеуге, бейнелерді құруға және өңдеуге, батырмалар салуға, фонын таңдауға, тақырып жолдарын өз қалауыңыз бойынша құруға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика және оның негізгі атқаратын қызметтері. Компьютерлік графика біздің өмірімізге өте жақсы енген. Қазіргі кезде компьютерлік графиканың көмегімен жасалған көптеген клиптер бар. Компьютерлік графиканың мәнерлі мүмкіндіктерді кеңейткеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оның шығармашылық қолданылуы арқасында жарнама көрермен алдында үлкен жетістіктерге жетуде. Компьютерлік немесе машиналық графика - бұл адамның қызмет аясының ең бір өзіндік облысы болып табылады.

Компьютерлік графика - бұл жобалаушылар, конструкторлар және зерттеушілер үшін жаңа әсерлі техникалық құрал. Машина бұрындары математиктердің өздері салуға именетін күрделі геометриялық объектілерді бейнелейді. Компьютерлік графика барлық ғылыми және инженерлік пәндерде көрнекі құрал ретінде, ақпарат беру үшін қолданылады. Сонымен қатар медицинада, жарнамалық бизнесте, ойын-сауық индустриясында және т.б. қолданылады. Компьютерлік графиканың соңғы азығы болып бейне табылады. Бұл бейне әр-түрлі ортада қолданылады.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Компьютерлік графика түрлерін атаңыз

2. Растрлік графика негізін атаңыз

3. Растрлік графикалық редактор түрлерін атаңыз

4. 3D-графика негізін атаңыз

5. 3D-графикалық редактор түрлерін атаңыз

6. Фрактальді графика негізін атаңыз

7. Фрактальді графикалық редактор түрлерін атаңыз

8. flash графика негізін атаңыз

9. flash графикалық редактор түрлерін атаңыз

10. Графикалық форматтарды атаңыз

11. Графиканы көруге арналған бағдарлама түрлерін атаңыз

12. Графиканы басып шығару құралдарын атаңыз

13. Corel Draw терезесінің элементтерін атаңыз

14. Corel Draw құралдарын атаңыз

15. Corel Draw құжаты мен файл кеңейтілуін атаңыз

16. Corel Draw. Форма құралының қызметін атаңыз

17. Интерактивті құралдарды атаңыз

18. Мәтіндерге қолданылатын эффектілерді атаңыз

19. Объектіні бояумен құю тәсілдерін атаңыз

20. Corel Draw бағдарламасының мүмкіншіліктерін атаңыз

Date: 2015-12-13; view: 1239; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию