Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Microsoft Excel кестелік процессоры





1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалды. Осыдан кейін–ақ электрондық кестелер тұжырымдамасын бірқатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Inc фирмасының SuperCalc -3-4-5 кестелік процессоры кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестелері жасалынды.

Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Электрондық кесте термині кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу;

2. Әр түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу;

3. Тиімділік /оптимизация/ есептерін шығару;

4. Белгілі бір критерийлердің қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу /табу/;

5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;

6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл бірнеше беттерден байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Үнсіз келісім бойынша кітап үш парақтан тұрады. Кітапқа жаңа парақ кірістіру үшін Вставка – Лист командасын орындаймыз. Кітапқа 255 параққа дейін кірістіре аламыз.

Ағымдағы парақты ерекшелеу үшін Ctrl + Shift +пробел пернелерін қатар басамыз.

Қатар нөмірі - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмірі. Қатарлар саны – 65536. Қатарды ерекшелеу үшін Ctrl + пробел пернелерін басамыз.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады. Бағаналар A-Z, содан соң АА-AZ, одан кейін ВА-ВZ …, IA-IV-ке дейін белгіленеді, бағаналар саны– 256. Бағанды ерекшелеу үшін тышқан тетігі арқылы немесе Shift + пробел пернелерін басамыз.

Ұя /тор/ - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.

Ұяшық - баған мен жолдың қиылысында орналасқан элемент. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны– 16777216 -ға тең

Ұяшық адресі – оның координаттарымен: баған белгіленген әріппен және жолдың нөмірін анықтайтын цифрмен айқындалады. Мысалы, Е5 – Е бағаны мен 5-номерлі жолдың қиылысуында орналасқан ұяшық атауы.


Date: 2015-12-13; view: 714; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию