Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Интернет. Электрондық пошта





Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі - электрондық почта (Electronic mail, ағылш. Mail-почта, қысқаша e-mail). Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның балама түрі болып есептеледі. Ақпаратты өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез-келген ортаны дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады. Электрондық почтаны пайдалану кезінде компьютерде әртүрлі арнаулы бағдарламалар қолданылады және олардың қажеттігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай бағдарламалар мынадай жұмыстарды атқарады:

· Алынған хабарды талдау және жаңа хабарлар дайындау;

· Байланыс торабымен жылдам хабар алмасу.

Бірінші бағдарламаның жұмысы байланыс желісіндегі компьютердегі мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық бағдарлама көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуы тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын қайталап оқып шығып, керек еместерін «қоржынға» тастап, керектілеріне жауап жазып, кейбіреуін қайта архивке салып қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе хатқа келген жауапты «почта жәшігіне» салып, керекті адреске жөнелтеміз. Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы бағдарлама арқылы жүргізеді. Ол бағдарлама хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез-келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Интернет қай ғасырда пайда болды?

2. Интернет желісінің даму тенденциясы жайлы айтыңыз

3. Қазіргі таңда кең тараған хаттамалар ағымын атаңыз

4. IP-адрес дегеніміз не?

5. Домендік адрес дегеніміз не?

6. Түпкі доменге жауап беретін казіргі таңдағы желілік ақпараттық орталықты атаңыз

7. Жоғары деңгей (1-деңгей) домені жайлы айтыңыз

8. Екінші деңгей домені жайлы айтыңыз

9. Түпкі домені жайлы айтыңыз

10..ru,.kz,.be –домендік атауы нешінші деңгейге жатады?

11. IP-адрес дегеніміз не?

12. ХХ ғасырда 80 ж.ж. Женевада ядерлік зерттеудің европалық

орталығында (CERN) не қаланды?

13. Браузер дегеніміз не?

14. Провайдер дегеніміз не?

15. Шапшаң (бір мезеттегі) хаттармен алмасу бағдарламаларын атаңыз

16. URL-адрестеу жайлы айтыңыз

17. Пошталық жәшік қалай құрылады?

18. Пошталық клиенттік бағдарламаларды атаңыз

19. Пошта қызметі жайлы айтыңыз

20. Браузер түрлерін атаңыз

21. Қазақстандық провайдерлерді атаңыз

22. Интернет мүмкіншіліктерін атаңыз

23. Сайт дегеніміз не?

24. Іздеу жүйелерінің қызметі мен түрлерін атаңыз

25. Порталдардың қызметі мен танымал түрлерін атаңыз

26. Веб-парақ дегеніміз не?

27. Веб-парақ құру бағдарламаларын атаңыз

28. WWW жүйесінің қызметі

29. Желілік технологияларды атаңыз

30. Хаттамалар қызметі мен түрлерін атаңыз


Date: 2015-12-13; view: 706; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию