Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компьютерлік желілер





Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Компьютерлік желілер жергілікті (LAN), аймақтық (MAN) және дүниежүзілік (WAN) болып бөлінеді.

Желілік топология – жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар.

Компьютерлік желілер классификациясы:

I) Байланысатын түйіндер арасындағы қашықтыққа қарай келесі 3 классқа бөлуге болады: Жергілікті (локальные, LAN), аймақтық (региональные, MAN), аймақтық-таратылған (глобальные, WAN).

Жергілікті есептеуіш желілер (ЖЕЖ) – бір ғимарат немесе бір мекемеде орналасқан және бір-бірімен байланысқан компьютерлердің шағын тобы.

Аймақтық желілер – бір аудан, қала немесе аймақтағы бірнеше жергілікті желілерді біріктіретін желі.

Аймақтық-тартылған желілер – түрлі қалалар, аудандар және мемлекеттердегі компьютерлерді біріктіретін желі.

Аймақтық-таратылған желілер, аймақтық және жергілікті есептеуіш желілердің бірігуі көпдеңгейлі иерархияны (тармақты) құруға мүмкіндік береді және ол үлкен көлемдегі мәліметтер ағымын өңдеуге жеңілдік береді.

Сурет1. Желілердің көпдеңгейлі иерархиясы

 

Жергілікті және аймақтық таратылған желіллерді байланыстырудың қызықты мысалы – виртуальді жеке желілер болып табылады (Virtual Private Network, VAN).

Интернет арқылы байланысқан, мекеменің бірнеше жергілікті желілері виртуальды жеке желі деп аталады.

 

 

Сурет2. Виртуальді жеке желінің байланысуы

II) Желілердің ақпаратты беру ортасының типіне қарай:

1) Сымдық – кабель қолдану арқылы

2) Сымсыз – инфрақызыл диапазонында радиоарналарда ақпараттың берілуі

 

III) Ақпаратты беру жылдамдығына қарай:

1) Төмен жылдамдықтағы (10 Мбит/с-қа дейін)

2) Орта жылдамдықтағы (100 Мбит/с-қа дейін)

3) Жоғары жылдамдықтағы (100 Мбит/с-тан жоғары)

 

IV) Компьютерлер арасындағы рөльдерді жүктеуге қарай:

1) бір рангілік

2) клиент-серверлік

 

Сервер - арнайы ерекшеленген жоғары өңдеуші компьютер. Ол желі жұмысын орталықтандыра басқара алатын, бағдарламалық қамтамасыздандырумен жасақталған және желідегі басқа компьютерлерге өзінің ресурстарын (берілгендер файлы, жинақтауыштар, принтер, т.б.) ұсынады.

Клиенттік компьютер (клиент, жұмыс станциясы) - сервердің (серверлердің) ресурстарына мүмкіндік алатын желідегі қолданушы компьютер.

Бір рангілік желіде барлық компьютерлердің құқықтары бір болып келеді, яғни әрбір компьютер сервер ролінде де, клиент ролінде де бола алады.

 

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. WWW нені білдіреді?

2. Компьютерлік желі дегеніміз не?

3. Компьютерлік желілер неше топқа бөлінеді?

4. Желілік топология дегеніміз не?

5. Ең қарапайым топология түрі?

6. Сақина топологиясы жайлы айтыңыз

7. Жұлдызша топологиясы жайлы айтыңыз

8. Аймақтық-таратылған желілер жайлы айтыңыз

9. Желілердің желісі дегеніміз не?

10. Желі ресурстары дегеніміз не?

11. Желі дегеніміз не?

12. Сервер дегеніміз не?

13. Желі технологиясы дегеніміз не?

14. Хаттамалар дегеніміз не?

15. Компьютерлік желілер классификациясын атаңыз

16. Аймақтық – таратылған (глобальді) желілер дегеніміз не?

17. Жергілікті желілер дегеніміз не?

18. Аймактық (региональді) желілер дегеніміз не?

19. Виртуальді жеке желілер дегеніміз не?

20. Желілердің ақпаратты беру жылдамдықтары қандай?

21. Жұмыс станциясы немесе клиенттік компьютер дегеніміз не?

22. Компьютерлерді желіге байланыстыру мақсатында не қолданылады?

23. Желінің базалық топологиясын атаңыз?

24. Хаб дегеніміз не?

25. ARPANET желісі жайлы айтыңыз

26. Клиент-серверлік желілер жайлы айтыңыз

27. Ақпараттық желілік ресурстарды атаңыз

28. Техникалық желілік ресурстарды атаңыз

29. Желіге байланысу түрлері (сымдық, сымсыз, түрлі арналар арқылы қосылу) жайлы айтыңыз

30. Бір рангілік желілер жайлы айтыңыз

 

Date: 2015-12-13; view: 1707; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию