Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Басталуы: 20 сағат 00 минут





20___ жылғы 16 шілде Алматы қ.

Басталуы: "20" сағат "00" минут

Аяқталуы: "20" сағат "30" минут

Түрксіб ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А. Зайтов Алматы қаласы Түрксіб ауданы ІІБ әкімшілік ғимаратының №517 қызметтік бөлмесінде ҚР ҚПК 255-бабының талаптарын сақтай отырып, мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Маратов М.М., 1990 ж.т., Алматы қ., Байсерке көш., 7 үйде тұрады

2)Саматов С.С. 1991 ж.т.,Алматы қ., Мирзоян көш., 1 үйде тұрады.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы ІІБ үй-жайында және куәгерлердің қатысуымен азамат Д.З. Батаевқа жеке тінту жүргізді.

Жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға жеке тінту жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.

Оған қоса, куәгерлер Маратов пен Саматовқа ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.

 

Куәгерлер: 1. (қолы) М.Маратов 2. (қолы) С.Саматов

 

Жеке тінту алдында тергеуші 20__ 16 шілдедегі жеке тінту жүргізу туралы қаулыны көрсетті, одан кейін азамат Д.З. Батаевқа тыйым салынған не іс үшін маңызы бар заттарды өз еркімен беру ұсынылды, азамат Д.З.Батаев: оның күртесінің сол жақ сыртқы қалтасында Айфон 5 маркалы ұялы телефон бар екенін мәлімдеді.

Бұдан кейін Түрксіб ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А. Зайтов жеке тінту жүргізуге кірісті.

Жеке тінту нәтижесінде Д. Батаевтың сол жақ сыртқы қалтасынан мынадай заттар табылды:

1) Айфон маркалы ұялы телефон

 

Табылған заттар бойынша Д. Батаев бұл телефонды ол 20___ жылы 16 шілдеде Төлеби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында оған белгісіз жас жігіттен ұрлап алғанын айтты.

Жеке тінту барысында мыналар алынды:

2) Айфон маркалы ұялы телефон

 

Барлық алынған заттар оралды, №2 мөрмен және куәгерлердің қолдарымен бекемделді.

Тінту барысында Сони маркалы бейнекамера қолданылды.

 

Жеке тінту барысында түскен ескертпелер: түскен жоқ

 

Куәгерлер: Маратов М.М (қолы)

Саматов С.С (қолы)

 

Қатысқандар:

Жеке тінту жүргізілген адам Батаев Д. (қолы)

 

 

Түрксіб ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты (қолы) А.Зайтов

Жеке тінту хаттамасының көшірмесін алдым: Батаев Д. (қолы)

Шағым беру тәртібі түсіндірілді: Батаев Д. (қолы)

 

 

Алматы қ.

Түркісіп ауданы

Сейфулин көшесі 63 үй

З.А.Батаевқа

 

 

Күдіктіні ұстап алу туралы

Date: 2015-12-13; view: 1814; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию