Полковник
А.Н.Теміровке
ҚР ҚПК 143-бабының 2-бөлігіне сәйкес әскери қызметші Ф. Ибраимовқа қолбасшылығының қадағалауы түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы орындау үшін жіберіледі.
Күдіктену мәні: 08.01.20__ жылы сағат 18:45-та Ақтөбе гарнизоны ӘПБ кезекші бөліміне 30238 ә/б командирі подполковник А.М.Биназаровтан 66597 ә/б әскери қызметшісі жедел қызметтің қатардағы Ф.Н.Ибраимов оның қызметтік кабинетінің жанында тәртіпсіздік жасағаны туралы хабарламасы түсті. Дәлірек айтқанда ол оған ашық айтқанда этимологиясында Биназаров пен оның балаларын өлтіруге қауіп төндіре отырып қорқыту мағынасындағы нормативтік емес лексикадағы дөрекі сөздер айта отырып әлімжеттік көрсетпекші болып қатер төндірген, оның кабинетінің есігін қолының жұдырығымен ұрғылаған.
Қатардағы Ф.Н.Ибраимов өзінің құқыққа сай емес әрекеттерімен бөлім қолбасшысына сыйламайтындығын көрсетіп, өлтірумен қорқытумен, денсаулығына зиян келтірумен білдірілген психикалық күш қолданып, бөтеннің мүлкіне оның құны мен эстетикалық түрін бүлдіре отырып, зиян келтірді.
Күдікті алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы таңдап алынған әрекеттерді жасаған жағдайда, Сіз бұл туралы ҚР ҚПК 143-бабының 3-бөлігіне сәйкес Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы бөліміне дереу хабарлауға міндеттісіз.
Осымен бір уақытта ҚР ҚПК 143-бабының 4, 5-бөліктеріне сәйкес қадағалау бойынша оларға жүктелген міндеттердің орындалмауына кінәлі тұлғалар заңнамада көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіремін.
Осы бұлтартпау шарасы қолданылатын кезеңде күдіктіні әскери кезекшілікке, әскери және қарауылдық қызметті өткеруге, гарнизондық наряд құрамындағы қызметке немесе бөлімнің (бөлімшенің) тәуліктік нарядына тартуға жол берілмейді.
Ақтөбе гарнизоны
Әскери полиция
Бөлімінің АжІб-нің
аға анықтаушы инспекторы
әділет капитаны (қолы) Л.Нугаева
Хабарламаны алдым _________________
Ақтөбе қ. ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі
А.К.Дәкешевке
Наталия Ивановна Сидоровадан, 12.03.1975 ж.т.,
Date: 2015-12-13; view: 1051; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|